top of page

Рымқұл Сүлейменов


​​ 1939 жылы 7 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты «Октябрьдің 40 жылдығы» совхозында (қазіргі Жоғары Қайрақты кенті) дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, екі жылдай геологиялық-барлау партиясында бұрғышы,аудандық мәдениет йінде мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырушы болып еңбек етеді. Қарағандыдағы №4 кәсіптік-техникалық училищесінде, Алматы жоғары партия мектебінде оқыған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Журналистік жолын 1957 жылы Шет аудандық «Ильич туы» газетінде бастаған. Ақтоғай аудандық «Арқа еңбектері» газетінің жауапты хатшысы, Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы», «Агадырьская новь» газеттерінің редакторы, бұрынғы Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газеті редакторының орынбасары, «Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, Қарағанда облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі (бұл кезде республикалық «Ара» журналының Қарағанда облысындағы меншікті тілшісі қызметін қоса атқарған), жауапты хатшысы, бас редакторы, тәуелсіз «Компас» газетінің бас редакторы болған. Қазқстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы болып сайланған. Алпысыншы жылдардың басынан әңгімелері, очерктері «Жұлдыз», «Жалын», «Қазақстан коммунисі» журналдарында, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі Егемен Қазақстан»), (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарық көрген. Шығармалары: Көңіл шұғыласы, Хикаят және әңгімелер. «Жалын», 1980; Ар алдында. Очерктер. А., 1985; Алашым – аңсарым. Хикаяттар мен әңгімелер. Қарағанды, «Орталық Қазақстан», 1991; Сағыныш. Хикаяттар мен әңгімелер. Қарағанды, «Орталық Қазақстан», 1993.

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-144 б.

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-337-338 б.

Әдебиеттер тізімі:

Шығармалары:

  1. Сүлейменов, Р. Алашым – аңсағаным [Мәтін] : повесть, әңгімелер мен новеллалар / Р. Сүлейменов .- Қарағанды: Қарағанды, 1991.- 264 б.

  2. Сарыарқа саңлақтары [Мәтін] : Қарағанды өңірінде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан халық дарындыларының өмірі мен өнері туралы.- Павлодар: ЭКО ҒОФ, 2007.- 316 б.

  3. Сүлейменов, Р. Жан шуағы [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Р. Сүлейменов.- Алматы: Айдана, 2008.- 448 б.

  4. Сүлейменов, Р. Жан шуағы [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер / Р. Сүлейменов; Қарағанды облысының әкімдігі.- Астана: Фолиант, 2014.- 320 б.- (Сарыарқа кітапханасы)

Мерзімді басылымдар беттерінде:

  1. Жүністегі, К. Жазушы шыңы [Мәтін] / Заман.- 2006.- 18 мамыр (№21).- 3 б.

  2. Жұқанұлы, Ш. Алаштың азаматы [Мәтін] / Заман.- 2006.- 5 қазан (№41).- 4 б.

  3. Рымқұл Сүлейменов [Мәтін] : некролог // Орталық Қазақстан. – 2007. - 21 сәуір (№ 60-61).- 7 б.

  4. Жанысбай, С. Жаныңды шуаққа бөлеген [Мәтін] / С.Жанысбай // Орталық Қазақстан.- 2008.-30 қыркүйек (№151).- 4 б.

  5. Жанысбай,С. Бәріміз құрметтеген Рекең [Мәтін] / С.Жанысбай // Орталық Қазақстан.- 2012.-21 сәуір (№66-67).- 6 б. ​


bottom of page