top of page

Кәмел Жүністегі

Кәмел Жүністегі 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы селосында туған. Орта мектепті 1956 жылы ойдағыдай бітірген К.Жүністегі 1959 жылы аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі болып еңбек жолын бастаған. 1960 жылы Қарағанды Педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Осы кезде-ақ, асқақ қиял жетегінде жалынды жас К.Жүністегі елдің тарихын білу мен қоғамдағы сол кездегі саяси-әлеуметтік қатынастарға араласу қызықтырған еді.1962 жылы қазақ жастары арасында құрылған, "ЕСЕП" (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын ұйымдастырушылардың бірі ретінде, жерлес досы, ақын Зейнолла Игілікұлы екеуіне саяси айып тағылып, Сібірдегі лагерьде болған. Жазасын өтеп оралған соң, 1966 жылы қайтадан институттағы оқуын сырттай жалғастырып, 1977 жылы ойдағыдай бітірген. Сол, 1966 жылдан 1984 жылға дейін аудан орталығындағы М.Горький атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1984-1989 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет еткен. 1989 жылдан 1992 жылға дейін аудандық мұражай директоры, 1992-2005 ж. аудандық "Заман" газетінің редакторы болып қызмет атқарды.

К.Жүністегі Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, "Дос көңілі", "Көне хикая", "Көксеу", "Құба белдер" кітаптарының, "Тар заман" спектакілінің авторы. Әуесқой композитор ретінде танымал "Арқа самалы", "Аяулым", "Домбыра", "Туған жер", "Жаз келді", "Жас алаш", маршы әндерін шығарған. Өлкетанушы ретінде көпшілікке мәлім. Шет өңірінен шыққан ұмыт болған Шортанбай жырау, Диа қажы, Қақпан ақын, Төлеубек, Хасен, Жәкен, Тәшен, Маясар, Түсетай, Сәрінжіп, Оқа ақындардың шығармашылығын зерттеп, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жариялады.

Қыздарбек, Әбди, Сембек күйшілердің, Абылай ханның күйін зерттеуде көп еңбек еткен. Осы өңірде кезінде әділдігімен аты шығып, өз заманынан озық туған дуалы ауыз Бәйсейіт би, Жанқұтты шешен, Дүйсенбай, Қара билердің өмір жолын, ұлағатты ісін зерттеп жарыққа шығарды. Елін қорғаған дуылғалы батырлары Жидебай, Сеңкібай, Жарылғап, Ағабай, Дәріпсалы, Сазанбай батырлар жайында алғаш қалам тартқан.

Осы өңірде өмір сүріп, заманында елге үлгі бола білген, тарихта ізі қалған әз аналар Қарқабат, Борсылдақ (Қырғи), Құрақ, Дәрі, Талмойын, Баршын қыз, Шеруке қыздың есімі мен қасиеттерін келешек ұрпаққа жеткізу де осы кісінің талмай ізденісінің нәтижесі. К.Жүністегінің ұсынысы ынтасы арқылы "Зұлмат жылдары", "Кенесары жұртында", "Тасқа тұнған құпия", "Дойыбы тас", "Қыздарбек күйші", "Шортанбай жырау", "Жәкен ақын" бейнетаспалары жазылып, деректі телефильмдер дүниеге келді.

К.Жүністегі қандай шығарма жазбасын, қандай жиында сөз сөйлемесін, айтар ойының түпкі түйіні–ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптың тиімді тұстарын қазіргі жастардың санасына сіңіріп, имандылыққа, жан тазалығына биік адамгершілікке шақыру. К.Жүністегі өлке тарихын зерттеу, насихаттау ісіне қыруар еңбек сіңірді. Кенесары ханның патша әскерлерімен соғыс алдында салдырған қамалының қалдығын тауып, сол жөнінде газет-журналдарға ғылыми мақалалар жариялады.

Төле би Тайкелтірдің болашағын болжап: «Ұсақ-түйек ауыл арасындағы дау шар емес, ел намысын жібермейтін, қысылғанда халқына пана бола алатын алғыр ұтымды адам болып өскелі тұр. Бұл мына шалдар ойлағандай Айдаболдың ұлы емес, халқының ұлы болар –ақ. Бұған түзу бағыт беріп, алға тарту керек. Мен қателессем, ел кешпейді» деген сөздерінен шешеннің Тайкелтірдің болашағын болжап, оның жолын ашуға бірден бір негіз- бата беру деп шешкен. Осыдан біз батаның киелі сөз, дуалы сөз екендігіне тағы бір дәлел тапқандаймыз. Ол баталар шешендер берген ақ баталармен дәлелдене түсетіндігіне күмәніміз жоқ. «Ел баласы екенсің» деп аталатын мына бір шешендік сөзде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласады. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде-біріне көңілі толмай, жөн сөзді ешкімге қарамай өзі айтады. Осы кезде алғыр жас Төлегетөрдегі би былай деп бата берген:

Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасыдағы дау-жанжал, келіс сөзге араласып, билік айта бастапты. Батаның адамның жолын ашып, бағын өсіретіндігі, адамның санасына әсер етеді. Оны Қ. Жарықбаевтың «Жан тануға кіріспе» атты еңбегін оқи отырып дәлелдей түсуімізге болады. Онда: «сананың бір белгісі – алдына мақсат қоя білуі, оны орындауға кірісуі, оның себеп-салдарын түсіне білуі т.б.». Яғни бата алушы саналы жас өзінің алдына дуалы сөзден кейін мақсат қоя білуді ай-қындайды, үлкен сенім артқан қасиетті сөздің жүгін көтеруге барын салып адамгершілік пен азаматтылығын қатар ұстауға бар ниетін салады.

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-99 б.

Шет ауданы [Мәтін] / Энциклопедия – Алматы : ҚАЗақпарат, 2013. –1 92-193 б.

Әдебиеттер тізімі:

Шығармалары:

  1. Жүністегі, К. Көксеңгірдің тасында [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / К. Жүністегі.- Астана : Елорда, 2002.- 352 б.

  2. Жүністегі, К. Соңғы Абыз [Мәтін] : роман / К. Жүністегі.-Астана : Аударма, 2006.- 408 б.

  3. Жүнісов, К. Көне хикая [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / К. Жүнісов ; ред. Б. Шаханов.- Алматы : Жазушы, 1987.-221 б.

  4. Жүнісов, К. [Мәтін] : повестер / К. Жүнісов.- Алматы : Өнер, 1991.- 184 б.

  5. Жүністегі, К. Құба белдер [Мәтін] : трилогия : [тарихи роман] / К. Жүністегі.-Қарағанды: Полиграфия, 1996.-1-кітап : Аңыз мезгіл.- 286 б.

  6. Жүністегі, К. Қоңыр құлжа [Мәтін] : повестер / К. Жүністегі.-Алматы : Жазушы, 2008.-287 б.

  7. Жүністегі, К. Құба белдер [Мәтін] : [трилогия]. Апат : роман / К. Жүністегі ; . 2 кіт.- Алматы : Фолиант, 2001.-347 б.

  8. Жүністегі, К. Құба белдер [Мәтін] : трилогия. 1 кіт. / К. Жүністегі.- Астана : Нұра-Астана, 2009.-394 б.

  9. Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] : мақалалар, деректер / К. Жүністегі.- Алматы : Ел-шежіре, 2007.-310 б.

  10. Жүністегі, К. Мөрші [Мәтін] : әңгіме-хикаяттар және пьеса / К. Жүністегі.-Астана : Фолиант, 2011.-395 б.

  11. Жүністегі, К. Едіге [Мәтін] : тарихи роман / К. Жүністегі .-Астана: Нұр-Астана, 2012.-406 б.

  12. Жүністегі, К. Арманым оттан өрілген [Мәтін] : өлеңдер мен жазбалар / К. Жүністегі.-Астана : Фолиант, 2011.- 170 б.

  13. Жүністегі, К. Темір – Астау [Мәтін] : / К. Жүністегі.- Алматы : Хантәңірі, 2014.- 285 б.

  14. Жүністегі, К. Едіге [Мәтін] : тарихи роман / К. Жүністегі ; Қарағанды облысының әкімдігі.- Астана : Фолиант, 2014.- 341 б.

  15. Жүністегі, К. Көне арнаның ізі қайда [Мәтін] : [хикаят, әңгімелер, ой-толғаныстар] / К. Жүністегі.-Алматы : ҚазАқпарат, 2016.- 377 б.

Мерзімді басылымдар беттерінде:

  1. Жүністегі, К. Күмбездерге тіл бітсе [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман.-2007.-27 қыркүйек (№39).- 5 б.

  2. Жүністегі, К. Шежірелі Шет [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман.-1998.-19 қыркүйек (№39).- 4 б.

  3. Ақыжанов, Ж. Тосын бейне [Мәтін] / Ж. Ақыжанов // Заман.-1996.-14 тамыз (№31).- 4 б.

  4. Ысқақ, А. Есімі дәрісханаға берілді [Мәтін] / А.Ысқақ // Орталық Қазақстан.- 2010.-21 қаңтар (№8).- 6 б.

  5. Жүністегі, К. Сәкеннің Ақбозы [Мәтін] / К.Жүністегі // Орталық Қазақстан.- 2010.- 25 желтоқсан (№209-210).- 6 б.

  6. Сматаев, С. Зерделі қаламгер [Мәтін] / С.Сматаев // Орталық Қазақстан.- 2009.- 24 қаңтар (№10).- 6 б.

  7. Жаңқашұлы, Ж. Сайыңнан саяқ таппай [Мәтін] / Ж. Жаңқашұлы // Орталық Қазақстан.- 2012.- 31 мамыр (№88-89).- 6 б.

  8. Жүністегі, К. Сәкеннің Ақбозы [Мәтін] / К.Жүністегі // Жас Алаш.- 2012.- 12 маусым (№46).- 5 б.

  9. Жүністегі, К. Қасиетті аналар [Мәтін] / Жүністегі, К. // Шет шұғыласы.- 2013.- 7 наурыз (№10).- 3 б.

  10. Қанафин, Н. Ұлы ерді сөз еткен [Мәтін] / Н. Қанафин // Түркістан.- 2012.- 25 қазан (№23).- 7 б.

  11. Жүністегі, К. Күрсінбе, тарпаң тұлпар [Мәтін] / К. Жүністегі // Орталық Қазақстан.- 2013.- 27 сәуір (№67-68).- 8 б.

  12. Ақсұңқарұлы, С. Ренессанс заманы [Мәтін] / С. Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан.- 2014.- 1 ақпан (№19-20).- 8 б.

  13. Жүністегі, К. Шежірелі Шет [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман.-1998.- 29 қыркүйек.- 4 б.

  14. Жүністегі, К. Қазан астында [Мәтін] / К. Жүністегі // Шет шұғыласы.- 5 қаңтар (№1).- 4 б.

  15. Жүністегі, К. Өршіл халық рухы [Мәтін] / К. Жүністегі // Орталық Қазақстан.-2017.-12 қаңтар (№2).- 3 б.

  16. Жазушымен кездесті [Мәтін] / Шет шұғыласы.-2010.-3 маусым (№23).- 5 б.

  17. Жүністегі, К. Қайдасың, қайда даланың сәні [Мәтін] / К. Жүністегі // Шет шұғыласы.-2011.-1 қыркүйек (№35).- 5 б.

  18. Жүністегі, К. Шежірелі Шет [Мәтін] / К. Жүністегі // Орталық Қазақстан.-1998.-10 қазан.-6 б.

  19. Жүністегі, К. Дәрі – Дария [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман.-1998.-5 қыркүйек (№33).-3 б.

  20. Жүністегі, К. Әулие [Мәтін] / К. Жүністегі // Орталық Қазақстан.-2016.-25 ақпан (№36-37).- 4 б.

  21. Жүністегі, К. Дара дарын [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман.-2007.-11қаңтар (№2).-5 б.

  22. Жүністегі, К. Қалмақ қырғын [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман.-2001.- 29 қараша (№44).-3 б.

  23. Жүністегі, К. Қол бастаған Ағыбай батыр [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман.-2002.- 7 қыркүйек (№33).- 1 б

Қарымды қаламгер Кәмел Жүністегінің шығармашылығымен оқырмандар кеңінен таныс. Оның қаламынан шыққан "Дос көңілі", "Көн е хикая" , "Көксеу " атт ы кітаптарын , "Құба белдер " трилогиясын және "Көксеңгірдің тасында " повестер мен әңгімелер жинағын жұртшылы қ жыл ы қабылдаған болатын. Жазушының "Соңғы абыз " романы әдебитіміздегі зар заман деп аталған әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі - Шортанба й ақын өмірі мен сол тұстағы қазақ елінің жай-күйін көрсетуге арналған. Жырау өмірін жан-жақты зерттеген жазушы өз романынд а сол кезеңдегі қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігін, ел ішінің жай- жағдайын, заман тынысын айқын танытуға тырысады .

bottom of page