top of page

Өмір Кәріпұлы

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, прозаның ауыр жүгін көтеріп, көркем әдебиетке өзіндік сүбелі үлесін қосып келе жатқан қабырғалы қаламгеріміз – Өмір Кәріпұлының есімі қалың оқырманға жақсы мәлім.КӘРІПҰЛЫ Өмір 1940 жылы 5-ші мамырда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылында дүниеге келген.Асылы – Тарақты. Қыдырдан тарайтын Мендібай Наймантайдың ұрпағы. Балалық шағы Қызылтаудың топырағында, Шажағай өзенінің бойында, Сарықұлжаның сары белдерінде өтті.Он жылдықты Жаңаарқа ауданының орталығындағы орта мектепте бітірген. Қарағанды педагогикалық институтының тіл – әдебиет факультетінде оқыған. Еңбек жолын Қызылтау мектебінде мұғалімдіктен бастады (1960). Он сегіз жыл бала оқытты. 1978 жылдан бастап журналистік кәсіпке ауысты. Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы» газетінде, Ақадыр аудандық мәдениет бөлімінде шығармашылық жұмыста болды. 1990-98 жылдары аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды. Ұлттық салт-дәстүрдің қанат жаюына, тіл мен діннің жандануына үлес қосты. Оның бастамасы бойынша Ақадыр өңірінде «Бүркітші қансонарда» деген облыс аралық бүркітшілер жарысы өтіп тұрды. «Қымызмұрындық» мереке – жәрмеңкесі жалғасын тапты. Билер сайысы, ақындар айтысы, тіл мерекесі аудандық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен жүйелі өтіп тұрды. Қоғам жетекшісінің бастамасымен Ақадырда 1992 жылы мешіт ашылды. 1991 жылы Ақадыр ауданының «Құрметті азаматы» деген атақ берілді.Өмір Кәріпұлы – шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Алғашқы қалам алды жырлары аудандық «Жаңаарқа» газетінде жарияланды. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде топтама жырлары шығып тұрды.Бүгінде атамекенінде бабалары Байғозы батыр, Досабай есепші, Тұяқ шешен дамылдап жатқан қоныста шырақшы-шежіреші болып отыр. Сәкен туып өскен Жаңаарқа, Ақадыр атырабының сұлу табиғатын жасынан өлеңге қосып, қаламгерлік машықты суреткерлікке ұштастырған жазушының қаламынан «Бұрқақ»(1991) және «Тайталас» (1997) романдары, «Сарыбел сазы» (1977), «Атасының баласы» (1980), «Ескі тоған» (1985), «Серілер мен перілер» (2004), «Тамызық» (2008) әңгімелер мен повестер жинағы, «Сыбаға» (2010) жыр жинағы, «Тұғыр» (2012), «Қоңыр сарын» (2014) атты кітаптары жарық көрді. Өмір Кәріпұлы – 1986 жылы КСРО Жазушылар Одағының мүшелігіне өткен. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ақадыр ауданы таратылып, Шет ауданының құрамына қосылғаннан кейін 1998-2003 жылдар аралығында аудандық «Заман» газетінде тілшілік қызмет атқарды.Әдебиет саласындағы өнімді еңбегі үшін 2011 жылы облыс әкімінің сыйлығына ие болды.Өмір Кәріпұлы айрықша ұлтжанды азамат, туған халқының дәстүр – салты мен тілінің, дінінің жоқшысы. Тәуелсіздіктің орнығуына, елдігіміздің еңсе көтеруіне талант қарымымен де, жүрек жылуымен де қал – қадірінше үлес қосуда. Ол әдебиет ортасынан алыста жатса да жазушылықты қастерлеп, тым қара дүрсін жазудан бойын аулақ ұстап, тұщымды шығармалар беруге күш салуда. Оның кітаптары оқырман ықыласына бөленіп, қолдан-қолға түспей жүр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қарағанды облысы [Мәтін] / Энциклопедия. – Алматы : Атамұра 2006 .- 287 б.

Шет ауданы [Мәтін] / Энциклопедия – Алматы : Қазақ ақпарат, 2011. – 104 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-204 б.

Әдебиеттер тізімі:

Шығармалары:

  1. Кәріпов, Ө. Бұрқақ [Мәтін] : роман / Ө. Кәріпов.- Алматы: Жазушы, 1991.- 254 б.

  2. Кәріпұлы, Ө. Тайталас [Мәтін]: роман / Ө. Кәріпұлы.- Астана: Елорда,2001.- 263 б.

  3. Кәріпұлы, Ө. Тамызық [Мәтін] : әңгімелер / Ө. Кәріпұлы.- Алматы: Құс жолы, 2008.- 348 б.

  4. Кәріпұлы, Ө. Сыбаға [Мәтін] : [өлеңдер, шежірелер, аңыздар мен ой орамдары] / Ө. Кәріпұлы.- Алматы: ҚазАқпарат, 2010.- 329 б.

  5. Кәріпұлы, Ө. Тұғыр [Мәтін] : ұлттық тәрбие сабағы / Ө. Кәріпұлы.- Астана: Елорда Жастары, 2011.- 399 б.

  6. Кәріпұлы, Ө. Қоңыр сарын [Мәтін] : әңгіме-хикаяттар, тәмсілдер / Ө. Кәріпұлы; Қарағанды облысының әкімдігі.- Астана: Фолиант, 2014.- 387 б.

Мерзімді басылымдар беттерінде:

  1. Рахымжанов, Қ. Өмір аға [Мәтін] / Қ. Рахымжанов // Шет шұғыласы.- 2010.- 18 қараша (№47).- 6 б.

  2. Сарғасқаева, Қ. Елім деп еміренді, жыр толғап тебіренді атты кеш [Мәтін] / Қ. Сарғасқаева // Шет шұғыласы.- 2010.- 18 қараша (№47).- 6 б.

  3. Кәріпұлы, Ө. Жоғалып табылған махаббат [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Қазақ әдебиеті.- 2011.- 17-23 маусым (№24).- 9 б.

  4. Ақсұңқарұлы, С. Табаны жерде тұрғанда, тапжылмайтұғын антейдей [Мәтін] / С. Ақсұңқарұлы // Жас Алаш.- 2011.-23 маусым (№23).- 5 б.

  5. Кәріпұлы, Ө. Балтыр [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Қазақ әдебиеті.- 2012.- 5 қазан (№41).- 9 б.

  6. Кәріпұлы, Ө. Тоқсандағы топжарған [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Орталық Қазақстан.- 2013.- 18 мамыр (№77-78).- 5 б.

  7. Кәріпұлы, Ө. Жаратылысы бөлек еді [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Шет шұғыласы.- 2013.- 3 қаңтар (№1).- 6 б.

  8. Кәріпұлы, Ө. Қажетсіз дағдыдан қашан арыламыз [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Шет шұғыласы.- 2014.- 7 мамыр (№18).- 4-5 б.

  9. Ақадыр вальсі [Мәтін] // Заман.- 2007.-30 қараша (№48).- 8 б.

  10. Кәріпұлы, Ө. Арнау [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Заман.-1999.- 4 желтоқсан (№46).-1 б.

  11. Кәріпұлы, Ө. Табиғат алтын бесігің [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Заман.-1998.- 5 қыркүйек (№33).- 3 б.

  12. Кәріпұлы, Ө. Өмір бәсекемен қызықты [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Заман.-1999.- 9 қаңтар (№2).-3 б.

  13. Кәріпұлы, Ө. Құнды шежіре [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Заман.-2003.- 14 маусым (№22).- 4 б.

  14. Кәріпұлы, Ө. Ең алдымен сөз болған [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Орталық Қазақстан.- 2013.- 18 мамыр.- 5 б.

Ол туралы:

Қарағанды облысы [Мәтін] / Энциклопедия. – Алматы : Атамұра 2006 .- 287 б.

Шет ауданы [Мәтін] / Энциклопедия – Алматы : Қазақ ақпарат, 2011. – 104 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-204 б.


bottom of page