top of page

     Шет ауданы 1928 жылы құрылды. Аудан аумағы 65,7 мың шаршы километрге тең. Аудан халқының саны 45,5 мың адамды құрады.Ауданда 18 ауылдық әкімшілік, 59 ауылдық елді мекен, 9 кент бар. 1997 жылы Ақадыр ауданымен біріктірілді. Аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылында, Аюлы тауының етегінде, Нұра өзенінің бастауында орналасқан. Шет ауданы Сарыарқаның оңтүстік, оңтүстік батыс аумағының дала белдемінен орын алған.Жері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі, белесті,аласа таулы, қырлы келеді.Оңтүстігінде Балқаш көлі, шығысында Қарқаралы тауларының сілімдері, оңтүстік шығысында Қызыларай таулары мен Тоқырауын өзені, Нұра өзенінің бастауы жатыр. Басты өзендері: Шерубай-Нұра, Жақсы,Сарысу,Есен,Талды, Байқасқа, Манақа. Ауданның батысын Бетпақдала, Қызылтау, Ақтау, Ортау таулары тізбесі алып жатыр.Ауданның орта бөлігінде Бұғылы,Тағылы, Қотыр, Қызылтау таулары орналасып,Тектұрмас шоқыларымен аяқталады. Солтүстік Шерубай-Нұра өзені кесіп өтіп, Шерубай-Нұра су қоймасына құяды, жері ұсақ қырқалы, шоқылы, жазық. Солтұстік шығысынан Талды өзені басталып, Наршөккен, Ақбастау шоқыларымен шектеледі. Аталмаш ауданның жер қойнауында мырыш, молибден, вольфрам, темір, алтын, күміс, кадмий, висмут, кварцит, мыс, құрылыс материалдары барланған.Өңірдің кең орындарында облыс көлемінднгі алтынның 1,7 пайызы, молибденнің 27,3 пайызы,  волластаниттің 70 пайызы, мырыштың 20 пайызы, маргенцтің 10 пайызы бар. Жер жүзіндегі бар вольфрамның 30 пайызы Шет ауданың қойнауында қазына болып жатыр. Климты айқын континенттік, қысы ұзақ, суық боранды, қары аз.

Жерінде қара, қызыл, қоңыр, ашық қызыл, қоңыр, сортаң топырақ тараған.Жазық жерлерінде көде, селеу, жусан, кермек, көкпек, тобылғы, қараған, таңқурай, қарақат, бөріқарақат олардың бөктерінде қайың, көктерек өседі.

Аңдардан: арқар,елік,қасқыр, түлкі,қарсақ, борсық, суыр, сасық күзен, қоян, қосаяқ, бозсуыр, байбақ суыр.

Құстардан: бүркіт,қаршыға,лашын,құр,шіл,бөдене,қоңыр қаз,үйрек,дуадақ тағы басқа су, орман құстары мекендейді.

Ауданның негізгі халқының 85 пайызы қазақтар, олардан басқа 4,6 пайызы орыстар тағы басқа ұлт өкілдері бар.Халық сирек қоныстанған. Орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 0,7 адамнан келеді.

Ірі елді мекендері Ақсу-Аюлы селосы,Жарық кенті, Мойынты кенті, Бұрма ауылы, Өспен ауылы, Жұмыскер ауылы, Талды ауылы, Нұраталды ауылы, Кеншоқы ауылы, Босаға ауылы, Красная поляна ауылы, Ақшоқы ауылы.

      Ауданда өнеркәсіп орындарынан  «Жаңа- Мырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қорғасын мырыш қоспасын өндіреді, «Метал Терминал Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі темір- маргенц өндіреді, «Қароба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі вольфрам өндіреді, «Крамдс-Кварцит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кварцит өндіреді, «Ақадыр АТП» акционерлік қоғамы ірі автокөлік кәсіпорны, «Достық» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі авто жолдар жөндеу бойынша, «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі теміржолды жөндеу бойынша, Компания «Жол жөндеуші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі локомотивтерді, вагондардың доңғалақ жұптарын жөндейді. «ЫРЫС-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Таға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халыққа қызмет көрсету саласында, «Ақадыр- жылу» жауапкершілікі шектеулі серіктестігі, «Ақадыр- энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Шет-энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорындары энергиямен - жылуды  қамтамассыз етеді.

      Ауыл шаруашылық құрылымдарының саны 1160. Оның ішінде 14 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1146 шаруа қожалықтары бар.

Егін шаруашылығының басты саласы- астық дақылдары мен жем-шөп, аздап картоп пен көкеніс егіледі. Аудан аумағында дүниежүзілік даму банкі тарапынан инвестиция тартылып, 2003 жылдан «Қуаң жерлерді игеру» бағдарламасы бойынша 11,6 мың га жерге көпжылдық шөп егілді.

Аудан аумағында «Шолақеспе» шаруа қожалығы жылқының «Мұғалжар» асыл тұқысын, «Ақжол» шаруа қожалығы қойдың «Сарыарқа» тұқымын, «Ернұр» шаруа қожалығы ірі қараның «қазақтың ақбас» асыл тұқымдарын өсірумен шұғылданады. Оқу- ағарту, денсаулық сақтау және мәдениет салалары бойынша 4 балабақша, 59 мектеп, 1 оқу өндірістік комбинаты, 1 кәсіптік мектеп, 2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, 4 аурухана, 2 емхана, 18 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП, 8ФП, 28 медициналық пунктері, 28 кітапхана, 1 музей, 26 мәдениет үйлері мен ауыл клубтары бар.

1938 жылдан аудандық «Шет шұғыласы» газеті шығарылады. Аудан мен қоса жасасып келе жатқан газет 1938- 1961 жылдар аралығында «Социалистік табыс» 1961-1992 жылдар аралығында «Ильич туы» болып, 1992 жылдан бастап «Заман», одан кейін «Шет шұғыласы» деген атпен шығарылуда. Аудан аумағындағы Бұғылы мен Тағылы, Нұра, Сарысу өзендерінің бойы тас ғасырынан бері қарайғы дәуірлер айғақтарына толы. Палеолит дәуіріндегі адамдар тұрағы Өгізтау, Үлкен Акмая деген жерлерден табылған. Ол тұрақтардан әр түрлі тас қарулар, оның ішінде тастан жасалған балта, қырғыш бар. Тайатқан, Шұнақ тауларында шоқпар тастардың бетіне қашалып салынған әр түрлі суреттер табылған.

Шет өнірінен, аудан тарихынан мол мағлұмат беретін кітаптар:

1.Шет өнірінің тарихы. /Ж.О.Артықбаев, М.С.Жакин – Қарағанды,1998ж.- 256б

2.Шет өңірі ақындарының антологиясы

3..Шет өнірінің тарихи – мәдени ескерткіштері фотошежіре/ құр. М.С.Жакин- Қарағанды, КарМУ- 2004ж

Шет ауданының жері арқылы Алматы- Астана, Қарағанды- Жезқазған, Қарағанды-Ақтоғай автомобиль жолдары өтеді.

Аудан тарихы

Басты бет
аудан тарихы
Шет ауданына 90 жылдығына орай өткен іс-шара

   Елбасы Жолдауы –жарқын істер бастауы» -таныстыру, Шет ауданының 90 жылдығына «Тарихқа толы , шежірелі өлкем Шет ауданы»-әдеби сазды кеш, «Шертпе күйдің шебері» Д.Сәдуақасұлына 80 жыл –әдеби сазды кеш өтті.

      Кешті жүргізгендер:  Құнанбаева Маржан,Амангельдинов Берікбол .

 Күн тәртібіндегі «Елбасы Жолдауы – жарқын істер бастауы» бойынша еліміздің қоғамдық саяси өмірінде аса маңызды тарихи оқиға саналатын бұл құжатта Елбасы Қазақстанның бүкіл әлемді қамтыған өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жолдарын айқындап бергені жөнінде жиналған қауымды  аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Нурпейсова Мейрамкуль Сансызбайқызы  таныстырып өтті. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қазақ әліпбиін латын қарпіне ауыстыру жөніндегі жарлығы осы жолғы Жолдауындада жалғасын тапқаны  туралы тоқталып өтті. Елбасы Жолдауын жүзеге асыру барша ел азаматтарына артылған абыройлы іс болмақ . Кітапхана ұжымы әр жыл сайын Елбасымыздың ел мүддесін көздеген барлық Жолдаулары мен тұжырымды ойларын ұжым болып талқылап , халыққа насихаттау,түсіндіру жұмыстарын жауапкершілікпен атқаратындықтарына сенім білдіріп ,    Елбасы Жолдауында көрсетілген жұмыстарды атқаруда  жұмыла еңбек етуге шақырды.Аудандық қазынашылық бөлімінің қызметкерлері Абдығалиева Нургуль,Мустафа Айгерім, Сулейменова  Жанагуль , Садыкова Айгуль ,редакциядан Ысқакова Арайлым өздерінің Жолдаудағы көрсетілген міндеттерінде барша еліміздің келешек дамуына жолын айқындап ,жүзеге асыру жөніндегі пайымдармен бөлісті.

   

 

 

 

 

 

 

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша , биылғы жылы  Шет ауданының 90 жылдығына орай, мерей той  қарсаңында «Тарихқа толы,шежірелі өлке Шет ауданы» атты әдеби сазды кеш өткізілді. «Келешегі кемел Шет өңірінің сырлы шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмедегі кітаптармен , архивтік материалдармен,фото – бейне архивтармен кітапханашы Мухтарова Гүлсім таныстырып өтті.Әдеби сазды кеште Шет ауданы туралы жазылған бейнебаян көрсетіліп, кеш жүргізушілері ауданның қай жылы құрылғаны жөнінде ,жалпы тарихы туралы айтып,кешке арнайы шақырылған қонақтарға сөз беріп, туған жер туралы шығарылған жергілікті ақын сазгерлердің өлеңдері оқылды. Құттықтау сөздерімен  ауданның көркейуіне  еңбектері сіңген еңбек ардагері , зейнеткер, майталман оқырман Байтанасов Медет ақсақал, ұлағатты ұстаз Абдрахманова Манап  апай, Аудандық жастар ресурстар орталығынан Нағыметов Амандық , әнші ,ақын ,сазгер зейнеткер Рашитов Амантай ағамыз ортаға шығып өздерінің жүрек  жарды тілектерін білдіріп соңынан шығарған өлеңін оқыды. Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебінің  6 «Ә» сынып оқушылары жергілікті ақын Тезекбай Амандықұлының, Дәулет Ырысбайұлының  туған жер туралы өлеңдерін оқып, оқырман Молдабеков Думанның орындауында сазгер Тәжібеков Жанболаттың «Ақсу-Аюлы» әнімен  аяқтады.

    «Шертпе күйдің шебері » атты әдеби-сазды кеш Шет өңірінің тумасы шертпе күйдің шебері , дәулескер күйші Сәдуақасов Дәулетбек атамыздың 80 жылдығына арналды. Оқырмандар залында арнайы  кітап көрмесі ұйымдастырылды, көрмеге қосымша аудандық музейден алынған материалдар пайдаланды.  «Дәукең асқан асулар»  атты  көрмедегі қойылған материалдармен оқырмандар залының меңгерушісі Исатаева Айгуль Ермекқызы таныстырды. Кешке арнайы Дәукең туралы жазылған «Телағыс»атты  бейне фильм көрсетілді.Күйші атамыздың өмірі мен шығармышылығына әдеби шолуды  кітапханашы Шідербекова Бикен  жасап толық мағлумат берді. Кешке С.Мұхаметжанов атындағы өнер мектебінің ұстазы ,күйші Мұстафин Қайрат Ермекұлы қатысып күйші аға туралы тоқталып  біраз күйлерді орындап берді. Дәукеңнің немересі, шәкірті  , қазыр Құрманғазы атындағы Консерваторияның  студенті Жүсіп Мейрамұлы арнайы шақырылып , атасы әм ұстазы туралы , атасының мұра қылып үйретіп қалдырып кеткен күйшілік өнеріне әсері мен ықпалы қалай болды деген сауалдарға  жауап беріп,өз өнерін ортаға салып жиналған қауымның   ризашылығын алды. Кеш соңында қонақ кәде ретінде «Шет шұғыласы» газетінде тәжірибелік практикада жүрген  КарМУ-дің филология факультетінің студенті Мейірханұлы Қуаныш, Ы.Алтынсарин мектебінің

   6 «ә» сынып оқушысы  Жакин Айбол терме, ән шашу тарту етті.Барлық қатысушы оқырмандарға кітапханашылар дайындаған  күн тәртібіндегі 3 бөлім бойынша буклеттер таратылды.

bottom of page