top of page

   Аудандық орталық кітапханада маусым айының 14 күні Абай Құнанбайұлының туғанына 2020 жылы 175 жылдығын  мерекелеуге арналған  және әдебиеттерді оқылымнан шығып қалмай, өз оқырманын табуына ықпал ету, әр оқырман өзі ұнатып, оқыған кітабын өзгелермен бөлісіп, кітабымен алмасу, жастардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру мақсатында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деген тақырыпта аудан тұрғындарының  арасында буккроссинг акциясы ұйымдастырылды. Буккроссинг акциясының басты принціпі  «Өзің оқып, өзгеге ұсын».

    Шара барысында кітапханашылар қатысушыларды «Буккроссинг» жобасының қағидасымен және кітапхана оқырмандарының танысымен оқыған кітабы «Кітапхана түнінде» ойнатылатын лоторея билетінен бағалы сыйлық ұтып алуға мүмкіндігі бар екендігін айта кетті. Ол үшін оқыған кітаптың қысқаша мазмұнын білсе болды. Әр кітаптың басты бетінде лоторея қағазы орналастырылған.

     Іс-шараға келген оқырмандар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқып, әндерін, күйлерін орындап берді. Сонымен қатар, түрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар үлестірілді.

     Ғылым мен техника дамыған заманда сіздер үйде отырып та кюркод арқылы Абай атамыздың шығармаларын планшет, ноутбук, ұялы телефондарыңызға жүктеу арқылы оқуларыңыз болады. Ол үшін біздің кітапханаға келіп, қосымша ақпарат алсаңыздар болады.

bottom of page