
БІЗ ЖАЙЛЫ
Шет аудандық орталық кітапхана жүйесіне қарасты
Коворкинг орталығының ережесі
Коворкинг орталығы – тыныштықта жұмыс істеу мақсатында тұтынушыға жеке орын бере отырып, жеке дара жұмыс жасауына немесе ұжымдық жұмыс жүргізуге жағдай туығызу орны. Кітапхана тұтынушысы кәсіби әдебиеттер мен басылымдарға, сонымен қатар, басқа да материалдарға қолжетімділікті пайдалана отырып, ағымдағы және келешектегі жобаларды талқылауда әркім өз білімі мен тәжірибесін бөлісу арқылы өз міндетін орындауда таптыртпайтын кеңістік. Ең маңыздысы тыныштықта жұмыс істеу мүмкіндігін туғызу.
Коворкинг орталығының басты бағыттарының бірі – медиатека:
Медиатеканы ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі – әр түрлі жастағы тұтынушыларға тек қажеттi ақпаратты жеткiзiп берудi ғана емес, олардың түрлi шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкiндiк туғызуы тиіс. Осыған байланысты медиатеканың қазіргі заманға сай ақпараттық технологиялармен жабдықталуы және интернетке қосылу мүмкiндiгi қарастырылған. Медиатека құрамына тек кiтапханалық қор ғана емес, әртүрлi ақпарат көздерiн пайдаланушы орта: бейне, дыбыстық қорлар, электрондық оқулықтар мен оқытушы бағдарламалық қамсыздандыру бөлiмi, оқу залы, бейнепроектормен жабдықталған оқу дәрiсханасы, т.б. кiредi. Материалдық-техникалық база кітапхана негізінде қазіргі талапқа сай медиатекалар ұйымдастыруға толық мүмкіндік береді. Визуалды, аудиовизуалды ақпарат түрлерiн кiтапхананың қорынан, ғылыми орталықтардан, бейнеқорлар мен дыбыстық қорлардан компьютерлiк желiлiк байланыс арқылы алып пайдалануды жүзеге асыру үшiн медиатекалар ұйымдастырудың қажеттілігі айқын.
Басылымдарды жинақтау және шығаруда ақпараттық материалдарды (авторлық құқығын пайдалана отырып) пайдалану.
ҚАУЫМДАСТЫҚ
«Coworking» – оқырмандар үшін оңтайлы жүйе
Күнделікті өмірімізге ене бастаған ағылшын тілінен аударғанда «коворкинг» сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді екен. Кітапханалардағы коворкинг орталықтарының ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Өңірде жүргізіліп жатқан «Өрлеу» жобасы шеңберінде ауыл кітапханалары енді жаңа үлгіде жұмыс жасай бастады.
Яғни қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, қала, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналады. Коворкинг орталықтарының ашылуы – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге негіздеу мақсатында қолға алынуда. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбековтің айтуынша, кітапханалар, оның ішінде ауылдардағы кітапханалар жүйесін жаңғырту, заманауи құрылғылармен жабдықтап, цифрлы жобалар енгізу – бүгінгі күн талабы.
![]() | ![]() | ![]() | ![]() | ![]() |
---|---|---|---|---|
![]() |
КЛУБТЫҚ КАРТА
Клубқа кіріп, алатыныңыз:
Жабдықталған жұмыс үстелі
Достарыңызбен бірге тыныштықта жұмыс атқару
Тыныштықта шығармашылықпен айналысу
Интернет, WI-FI
Әлеуметтік желі арқылы қоңырау шалу мүмкіндігі
Бұлақтың суы

СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ
МЕКЕН ЖАЙЫ: АҚСУ-АЮЛЫ, ЖАНҒҰТТЫ БИ к-сі, 33
+7 (710) 312-10-93 | info@SHETLIBRARY.GOV.KZ