top of page

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ  жаңа ғаламтор-жобасын

оқырман назарына ұсынады.

Жоба туралы

       Кітапхананың жаңа ғаламтор – жобасы «Қазақ әдебиетінің бүгінгі шырағданы мен шамшырағы» атты  виртуалды энциклопедиясы – өлкеміздің мақтанышы қазақ әдебиетінің қорына қазыналы мұра қалдырған дарынды ақын – жазушы, өлкетанушы – этнограф, белгілі зерттеуші, қарымды қалам иесі Кәмел Жүністегін түп-тамырымен толықтай тануға арналған.

    Кәмел Жүністегінің өмір тарихы, туып өскен ортасы, күрескерлік саяси жолы, әр жылдары жазылған прозалық кітаптарымен қатар әр салада қалам сілтеген зерттеулері және де ақындық поэзиялық еңбектері жайлы баяндайтын «Қазақ әдебиетінің бүгінгі шырағданы мен шамшырағы»  энциклопедиясы ғаламтор пайдаланушылар үшін өзіндік септігін тигізіп, маңызды әрі пайдалы болады деген ойдамыз.

    Энциклопедиялық ресурс  «Өшпес өнер иесінің өнегелі өмірі», «Ұрпаққа үлгі ғибратты ғұмыр», «Көне хикаясы – бүгінгінің айнасы», «Ақындықтан жазушылыққа», «Жазушы қаламы – халық тілі», «Ұлттық мұра жанашыры»,  «Жақсының аты өлмейді», «Итбегілік исі қазақ дәстүрі», «Жазушы туралы ой - толғайды» , «Қаламгер қажылығы – ел разылығы», «Аспан – әлемі жазушы танымында» атты бөлімдерден, сонымен қатар жазушыға арналып дайындалған  «Жазушы шығармасы тарих парағы»  виртуалды кітап көрмесінен тұрады.

    Кәмел Жүністегі мұрасына арналған ғаламтор – ресурстағы ақпараттардың барлығы әр түрлі дерек көздерінен әдеби және мерзімді газет – журнал басылымдарының беттерінен іріктеліп таңдалынды..

Оның ішінде электрондық және дәстүрлі каталогтар, анықтамалық және библиографиялық баспалар қорынан көптеген құнды мәліметтер жинақталып алынды.

     Бұл жоба әдебиетші мамандарды, өлкетанушыларды, ұстаздарды, студенттер мен оқушыларды және де жалпы кітапханамыздың тұрақты оқырмандарын қызықтырады деген үміттеміз.

      Кәмел Жүністегі бір ғана өлкеміздің  ғана емес күллі Алаш баласының руханиятының биіктеуіне өзіндік үлес қосқан, исі қазақтың қарымды қаламгері, дарынды ақын – жазушысы. Қазақ баласының нәубет жылдары басынан кешірген азалы күндерін бұқпасыз, бүркемесіз жаза білген, сонымен қатар кешегі ұмытыла бастаған көне дәстүріміз бен бабалар есімін, бүгінгі ұрпақ бейнесін қаламымен суреттеп, күллі қазаққа танытқан жазушы Кәмел Жүністегінің туған халқының алдында алар орны айрықша екені баршаңызға мәлім.  Бұл жоба жайлы өз ой – пікірлеріңіз бен ұсыныстарынызды білдіріп тұруларынызға болады. Осы жоба арқылы азғантай болсын мәлімет алып, рухани жан дүниеңізге азық болар дүние таба қалсаңыз біздің еңбектің еш кетпегендігі деп білеміз.

Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ
Шет ауданы Жанқұтты би көшесі, 36 үй
Тел.:+7(710-31)21-9-04, 21-0-93
www.shetlibrary.gov.kz
Email: shet.library@mail.ru

Қазақ әдебиетінің бүгінгі шамшырағы мен шырағданы

bottom of page