top of page

О НАС

«Қазақ ССР-ында 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары кезіндегі қылмыстық істері үшін сотталғандарға қолданылған шаралар» туралы республика прокуратурасының комиссияға берген ақпар-деректері бойынша 99 адамның тізімін кітапқа кіргізудің сәті түсті.

Әуелде олардың аты-жөндерін баспасөз беттерінен тірнектеп теріп жүрдім. Бірақ, қырық шақтысын кездестіріп, жазып алғаныммен көңіл толмады, тізім толық болмайтын сияқты.

Содан комиссия төрағасы М. Шахановқа жолығып, аз-кем әңгімелесіп, сол адамдардың тізімін тауып беруге көмектесуін өтіндім. Сондай-ақ "Желтоқсан" қозғалысының белсенді мүшесі, комиссияға белсене көмектескен, өзі де еш айғақсыз, дәлелсіз айып тағылып түрменің тар қапасында отырып келген А. Нәлібаевпен де жолығып сұхбаттастым. Олардың көмегіне ризалық сезімімді білдіре отырып, жазықсыз жаламен сотталған және түрмеге қамалған қаһармандардың тізімін беруді ойластырдық.

Намыс үшін бас тіккен ұландар:

  1. Рахметов Құрманғазы Әденұлы - ҚазМУ-дың студенті, 7 жыл.

  2. Жуандықов Болат Дүйсенұлы - ет комбинатының жұмысшысы, 5 жыл.

  3. Тілегенов Жармұханбет - Алматы театр-көркемөнер институтының студенті, 5 жыл.

  4. Мейірбеков Еркінбек Бөкенбайұлы - СМУ-23-тің электрмен дәнекерлеушісі, 4 жыл.

  5. Расалиев Нұрлыбай Жолдыбайұлы - СМУ-23-тің бетоншысы, 4 жыл.

  6. Декелбаев Ерлан Әбдірашұлы - "Радиотехника" магазин-салонының инженері, 6 жыл.

  7. Қалмұратов Құрбанбай Хайруллаұлы - жұмыссыз, 5 жыл.

  8. Асылбаев Молдағали Молдаханұлы - жұмыссыз, 7 жыл.

  9. Мұзафаров Алик Құндақбайұлы - СМУ-23-тің тас қашаушысы, 4 жыл.

  10. Шыныбаев Нұрман Әлібекұлы - политехникум студенті, 8 жыл.

  11. Ермеков Тоқтар - АГТХИ студенті, 5 жыл.

  12. Отарбаев Кенжебай - СМУ-11-дің пісірушісі, 6 жыл.

  13. Нәлібаев Аманжол - Ішкі істер министрлігінің бұрынғы капитаны, 5 жыл.

  14. Құдайбергенов Расылхан Омарұлы - Кинотехникум студенті, 5 жыл.

  15. Бисембаев Ерлан Бермаханұлы - Алматы зоовет институтының студенті, 8 жыл.

  16. Байболов Дүйсенбек - байланыс техникумының студенті, 5 жыл.

  17. Исабеков Сәбит Қалдықазыұлы - СМУ-30-дың бетоншысы, 4 жыл.

  18. Аймаханов Құттыбек Әуелбекұлы - СМУ-11-дің бетоншысы, 5 жыл.

  19. Молдыбаев Әділ Әбдетұлы - УПТК-ның бетоншысы, 5 жыл.

  20. Рамазанов Амандық Сәбитұлы - Киров атындағы заводтың жұмысшысы, 5 жыл.

  21. Есбосынов Аманжол Әсетұлы - СМУ-39-дың балташысы, 3,5 жыл.

  22. Рузиев Абайдулла Абдуллаұлы - Киров заводының жұмысшысы, 5 жыл.

  23. Байсымбеков Ерлан Мамырханұлы - ауылшаруашылығы институтының студенті, 5 жыл.

  24. Таубаев Бақытқали Артыпбайұлы - РСУ-дың балташысы, 4 жыл.

  25. Егізеков Арыстан Назымбекұлы - Алматы үй құрылысы комбинаты №5 цехының жұмысшысы, 4 жыл.

  26. Рамазанов Аскар Райымбетұлы - жұмыссыз, 5 жыл.

  27. Шабаров Алтай Қонысбайұлы - Алматы үй құрылысы комбинатының жұмысшысы, 3 жыл.

  28. Есімбаев Қадыр Сейітханұлы - АДК-нің жұмысшысы, 3 жыл.

  29. Иманбаев Ермек Қоштайұлы - Талғардағы №4 СПТУ оқушысы, 3 жыл.

  30. Әбілқайыров Қасым Бердіқожаұлы - Алматы сәулет-құрылыс институтының студенті, 5 жыл.

  31. Мәлібеков Ержан Әбдірахманұлы - №1 автопарк слесары, 5 жыл.

  32. Байғандиев Тілек - №1 автопарк жүргізушісі, 6 жыл.

  33. Дәулетов Жеңіс Садықұлы - АГТХИ студенті, 4 жыл.

  34. Есжанов Тыпышбек Қарлыбайұлы - СХИ студенті, 5 жыл.

  35. Есіркепов Уызбек Шәкірұлы - СХИ студенті, 5 жыл.

  36. Оразбаев Думан Пышанұлы - СХИ студенті, 3 жыл.

  37. Рахметов Қайрат Рахатұлы - ААСИ студенті, 4 жыл.

  38. Әуезов Жәлел Әуезұлы - АЗВИ студенті, 5 жыл.

  39. Әбдіреев Еламан Кеңесұлы - құрылыс техникумының студенті, 4 жыл.

  40. Арымбеков Жанас Қуатбекұлы - "Поршень" заводының токарі, 5 жыл.

  41. Қамбаров Қалдыбек Бахытбайұлы - АЗВИ студенті, 5 жыл.

  42. Бекбосынов Асқарбай - құрылыс техникумының студенті, 2 жыл.

  43. Әбдіқұлов Мырзағали - Шамалған АТП курсының оқушысы, өлім жазасы.

  44. Жұмажанов Ерікжан Досанұлы - СХИ студенті, 3 жыл.

  45. Қайранбеков Бауыржан Оқташұлы - ААСИ студенті, 3,5 жыл.

  46. Мүлікбаев Өткірхан Қошқарұлы - жұмыссыз, 3,5 жыл.

  47. Қуандықов Ермұхамед Әбдікерімұлы - ҚазМУ
    студенті, 5 жыл.

  48. Әбдіқадыров Берікбол Нүсіпұлы - жұмыссыз, 2 жыл.

  49. Қожахметов Хасен Кәріпжанұлы - Қазақ телевидениесінің редакторы, 4 жыл

  50. Қарабаев Шора Халықұлы - ҚазМУ проректорының көмекшісі, 6 жыл.

  51. Түкенов Қанат Жеңісұлы - АЗВИ студенті, 3 жыл.

  52. Ысмағұлов Орал Әлменұлы - ҚазМУ студенті, 3 жыл.

  53. Жолболдин Берікжан Елемесұлы - жұмыссыз, 3 жыл.

  54. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы - ААСИ студенті, өлім жазасы.

  55. Тәшенов Түгелбай Тұрманұлы - СМУ-37-нің балташысы, 15 жыл.

  56. Тайжұмаев Жамбылбек - Алматы электротехникум студенті, 14 жыл.

  57. Күзембаев Қайыргелді Қалиақпарұлы - СМУ-40-тың жұмысшысы, 14 жыл.

  58. Қасенов Рүстембек Қадырбекұлы - АДК жұмысшысы, 2 жыл.

  59. Қанетов Аманбай Дүйсенұлы - АГТХИ студенті, 3 жыл.

  60. Айтмұрзаев Құрманғазы - АГТХИ студенті, 4 жыл.

  61. Иманқожаев Бақтыбек Жұмабекұлы - АГТХИ
    студенті, 3,5 жыл.

  62. Қасенбаев Мейрамғазы Жайнарұлы - АГТХИ
    студенті, 2 жып.

  63. Көпесбаев Ертай Төңірбергенұлы - ААСИ студенті, 4
    жыл.

  64. Уақов Әркен Батталұлы - ААСИ доценті, 8 жыл.

  65. Шаймерденов Ерік Тұрлығазыұлы - АЗВИ студенті, 3 жыл.

  66. Шекербеков Мұратбек Жандарбекұлы - №67 шахтаның проходчигі (Жезқазған обл.).

  67. Арынғазиев Болат Төлеғазыұлы - Алға қаласы жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы, 2 жыл 6 ай.

  68. Телеуов Болат Қойшыбайұлы - 2 жыл 6 ай.

  69. Қалбөкенов Берік Құтырбайұлы - Алға қаласы СПТУ-2 дене тәрбиесінің жетекшісі, 2 жыл.

  70. Баянғазин Азамат Мақұлбекұлы - Титан-магний комбинатының (Өскемен) слесарі, 1 жыл.

  71. Ардынқанов Ербол Жарықжанұлы - педучилище студенті (Өскемен), 1 жыл.

  72. Сақатов Тұрсынхан Селыханұлы - тау-кен техникумының студенті (Өскемен), 2 жыл еңбек түзеу жазасы.

  73. Ақтанов Ербол Дәркенұлы - пединститут студенті (Өскемен), 1 жыл 6 ай.

  74. Машанло Рүстем Ибрагимұлы - пединститут студенті (Талдықорған), 2 жыл.

  75. Нүкенов Амангелді Теміршотұлы - ауылшаруашылығы институтының студенті (Целиноград), 3 жыл.

 

 

 

 

Ел мен ердің намысын ту еткен қызғалдақтай жас арулар:

  1. Сәбитова Жансая Әлкейқызы - Алматыдағы №19 жұмысшы жастар орта мектебінің оқытушысы, 5 жыл.

  2. Салықова Нағима Аскарқызы - Алматы бас киімдер фабрикасының бухгалтері, 3 жыл.

  3. Еспенбетова Қаншайым Мұхатқызы - "Поршень" зауытының токарі, 3 жыл 6 ай.

  4. Махметова Айткүл Әбдірахманқызы - №1 баспахананың жұмысшысы, 2 жыл.

  5. Әбілқайырова Гүлнар Бердіқожақызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 3 жыл.

  6. Панинова Гүлвира Төлебайқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.

  7. Шамаева Галимат Әбенқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.

  8. Лепесбаева Гүлнар Сабырғалиқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.

  9. Рақымжанова Гүлмира Әкімжанқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.

  10. Иманбаева Қайыпхан Сұлтанқызы - "Поршень" зауытының токарі, 3 жыл.

  11. Рамазанова Ғалия Файзуллақызы - тігінші-мотористка, 1 жыл (еңбекпен түзеу жазасы).

  12. Мергенова Бақша - мүгедектігіне байланысты жұмыс істемеген, 3 жыл.

  13. Әлиева Раушан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1 жыл.

  14. Еркінбекова Әлия Төреханқызы - Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай.

  15. Досанова Жанат Әбдірахманқызы - Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай.

  16. Мусина Гүлден Қанафияқызы - Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай.

  17. Сәрсенбекова Раиса Мырзабекқызы - бухгалтер-ревизор, 2 жып.

  18. Кәрімғазина Гүлжан Ғазизқызы - кооператив техникумының студенті, 1 жыл.

  19. Серекенова Анар Жемісханқызы - Заң техникумының студенті, 1 жыл 6 ай.

  20. Айтжанова Жанат Нәукенқызы - пединституттың студенті, 1 жыл 6 ай.

  21. Шынықұлова Ләйлә Бекенқызы - пединституттың студенті, 1 жыл еңбекпен түзеу жазасы.

  22. Шоқаева Ғалия Құдысқызы - жатақхана вахтері, 2 жыл.

  23. Мусина Мәншүк Жанатқызы - юристік техникумының студенті,  

  1. жыл 6 ай қара жұмысқа жіберілген.

Сөйтіп, 20 жас ару бас бостандығынан айрылған, 2-не еңбекпен түзеу жазасы берілген, біреуі қара жұмысқа жіберілген.

Зерделей келгенде нені байқаймыз: 99 адамның екеуіне - Қ. Рысқұлбеков пен М. Әбдіқұловқа өлім жазасы беріліп еді, кейін олардың ісі қайта қаралып 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырылды, әуелде бір адам - Т. Тәшенов - 15 жылға, екеуі - Ж. Тайжұмаев пен Қ. Күзембаев -14 жылға, екеуі - 8 жылға, үшеуі - 7 жылға, төртеуі - алты жылға, жиырма екі адам 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

       Жоғарыдағы адамдардың аттары қолыма түскен ресми орындардың тізімі бойынша келтірілді. Ол тізім менің қолыма 1990 жылдың аяғына таман түсіп еді. Ал "Жас алаш" газетінің 1992 жылғы 5 қыркүйекте шыққан санында сол тізім жарық көрді. Тізімде жоқ болғанмен төрт адамды бөлек айтпақпыз. Олар - Бөлеков Ғабиден (65-бап бойынша ақталып, оған 177-бап тағылады), Жолтышев Хамидолла (еркінен тыс емдеуге жіберіледі), Нұрмұхамбетов Қайрат (істі облыстық прокуратура жапқан), Сағыпаев Асқар (психикалық ауруға байланысты бөлек іске аударылған).

Сонымен іс қозғалып, сотты болғандар 99-да, 102-де, 103-емес, 110 болып отыр. Іздестірсе әлі де табылуы мүмкін.

Көпшілік қауымның талаптары ескеріліп олардың істері кайта қаралып, жаза мерзімдері қысқартыла келіп, кейбіреулері мерзімді уакыттарын өтеп, бәрі дерлік түрмеден босап шықты. Тек 1991 жылдың аяғына дейін түрмеден босатылмағаны екеу, олар Т. Тәшенов пен М. Әбдікұлов. Ал 38-і ақталмай жатыр.

        Ақиқаттың жолы қиын да қатерлі. Қалайда бас тіккен қауым соған қол жеткізді, сотты болған, әртүрлі жаза алған азаматтар түптің түбінде бес жылғы сергелдеңнен кейін ақталды. Савицкийді өлтірді деген кінә тағылған Қайрат Рысқұлбеков те ақталды. Әттең деп тіліңді тістейсің, кеш ақталғанына өкінесің. 1992 жылғы 21-ақпан күні өткен республика Жоғарғы Сотының құрбандарды ақтаған пленумы кеш қалды. "Ештен де кеш жақсы" демекші, бұл кезде Қайраттың жарық дүниеден кетіп қалғаны қабырғаға батса да, оның толық ақталғанына шүкіршілік етесің.

Ресми орынның ақпарат тізімінде сотталған 99 адамның ғана көрсетілуі күдік туғызатын сияқты. Сотты болып, жаза алғандар одан артық болуы керек. Олай деуімізге дәлеліміз мыпау: мысалы сол тізімде Қасымхан Майқанов деген азаматтың есімі жоқ, ал оның өзі былай дейді: "Мен де қаһарлы желтоқсан тұтқындарыпың бірімін. Маған таңылған "айып" негізінде Сібір өлкесінде бір жарым жыл кесімді жазамды өтеп қайттым. Рас, кейін ақталдым". ("Алматы Ақшамы", 17. 10. 1991). Қ. Майқанов "Желтоқсан" партиясының мүшесі, құрылысшы болып істеген. Ол 1991 жылдың қыркүйек айында Алматыдағы орталық әмбебап дүкенінің алдындағы алаңда аштық жариялап, республика үкімет басшыларына төмендегідей талаптар қойды:

-"1986 жылғы 17-18 желтоқсанның құрбандарын толық ақтап, олардың тартқан моральдық және материалдық шығындарының өтемі төленсін;

- Соларды жазалаған басшылар (партократия) жауапқа тартылсын".

Не керек, жазықсыз желтоқсан тұтқындарының қасыретін ойға алып, жазалаушыларды жауапқа тартатын шаралар колданатын жанашыр басшы шықпай отыр. Сондай-ақ, санатқа әдейі қосылмады ма, әлде басқа бір құпиялылық бар ма, кім білсін, Қ.Майқанов сияқты тар қапасқа отырғызылып, бірақ прокуратура тізімінен тыс қалғандар жоқ дегенге енді сене алар ма екенбіз. Өмірлерін ызғар қарып, үсік шалған, жас жандары жапа шегіп, адамдық арларына дақ түскен, кеудесін зіл батпан басып, көңілі жүдегендер, із жасыру мақсатында сотталғандар қатарынан өшіріліп тасталғандар әлі де табылатынына күмән етуіміз жарамас.

       Қазақ ССР денсаулың сақтау министрлігінің дерегі бойынша желтоқсан оқиғасында жарақат алып ауруханаларға түскен адамдардың саны 83. Олардың 82-сі қазақ, біреуі башқұрт азаматы. Олар №2, №4, №5 қалалық клиникалық, денсаулық сақтау министрлігінің 4-ші Бас басқармасының Орталық жедел дәрігерлік жәрдем беру, орталық қалалық клиникалық, Алматы облыстық ауруханаларына, хирургия институтына жатқызылды. Қақтығыс кезінде 44 адам бас сүйегі мен миына жарақат алған екен. Бұл нені білдіреді? Әскерлер, милиция қызметкерлері, жасақшылар бар қаруын, негізінен, қорғансыз желтоқсаншылардың бастарыпан аяусыз ұрып, асқан қатыгездік істеген. Ауруханаға түскендердің ішінде миы қозғалғандары, омыртқасы омырылғандары, жақ сүйектері, қабырғалары, аяқ-қолдары, бет-ауыздары жарақаттанғандары қаншама. Политехникалық институттың студенті Н. Садықовтың кеудесіне пышақпен көптеген жара салынған. Миы қозғалған 21 адамды өмір бойы мүгедек болып қалмайды деп кім айта алады.

       Ауруханаларға жатпай амбулаториялық емдеу жолымен медициналық жәрдем көрсетілген адамдар саны 286. Олардың 281 қазақ, 5 басқа ұлт өкілдері - әртүрлі жарақат алғандар. Алғаш қорқып, қашқақтап жүрген, бара-келе жанына батқан, сөйтіп дәрігерлерге көрінген олардың ішіндегі 20 адамның мыйы қозғалған. Көпшілігі басынан жарақаттанған.

Сөйтіп, соққы жеген, изоляторларда отырған, сотталған, жұмыстан қуылған, оқудан шығарылған, партиядан, комсомолдан қуылған жастардың бәрі дүрбелең құрбандары. Әділетсіздіктің ащы дәмін татқан олар "басқа түссе баспақшыл" күй кешті, әуелде еш жерден, ешкімнен қорған таба алмады.

 

 

Тоқтар Бейісқұлов,  жазушы

«Желтоқсан ызғары» кітабынан

Сурет: alashainasy.kz

http://qazaq.kz

            Сонымен 2 азаматқа өлім жазасын беру туралы үкім шығарылған, 72-ін бас бостандығынан айырған, біреуі еңбек түзеу жазасын алған.

bottom of page