top of page

 

 Құрметті оқырман қауым !

              Сіздердің назарларыңызға өлкетанулық виртуалды кітап көрмені ұсынамыз. 

         Бұл көрмеге назар салып, таныса отыра мынадай құнды  ақпараттарды біле аласыздар:

              Біріншіден: прозалық шығар­малары тарих тұңғиығынан бастау алып, көне арналардан, бағзы       

        замандардан сыр шертіп, сол дәуірдің шындыққа құрылған  сұлбасын көз алдыңызға артық боямасыз, 

        әсірелеусіз қаз – қалпында бейнелей білген суреткер - қаламгер жазушы Кәмел Жүністегінің

        шығармашылығымен танысасыздар.

             Жазушы, өлкетанушы, этнограф,  Кәмел Жүністегіге арналған виртуалды кітап көрмесінен, нені 

       жазса да түпкі негізінен тартып,  заман бейнесі мен адамдар тағдырын тарқатып, оған жан –           

       жақты тұрғыдан психологиялық мінездеме беріп, оқырманың  қызықтыра отыра шым шытырық 

       шыңырауына шақырып, соңында шығар жол көрсетіп, шырағданына айнала жазатын   қаламгердің әр 

       жылдары жазылып, жарияланған еңбектерімен танысып, ой бөлісе аласыздар.

            Бұл көрмеден Кәмел Жүністегінің өмірбаяны мен өмір жолы және жазушы туралы деректер таба 

       аласыздар.

      Оқыңыз, пікір қалдырыңыз!

bottom of page