
Қарағанды облысымен құрдас және осы өлкеге үлес қосқан Шет өлкесінің тұлғалары
Қарағанды облысына - 80 жыл

Серік Демесінұлы
(1936-1998)
Серік Демесінов 1936 жылы 25 қарашада Қарағанды облысы, Шет ауданы, Айғыржал колхозында дүниеге келген. Жасынан жетім
қалып, ағайындарының қолында өсті. 7 сыныпқа дейін аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте оқыды. 1956 жылы
Қарағанды қаласындағы №2 ші мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын өзінің туған ауылында бастады. Спортты өміріне серік еткен
ол көп ұзамай ірі жарыстардан көрініп, еліміздің басты командасының құрамына алынады. Одақтық жарыстарға қатысып, жеңімпаз
болды. 1957 жылы Қарағанды қаласындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетіне түсіп, 3 курстан кейін
отбасылық жағдайларға байланысты оқуын аяқтай алмаған.1955 жылы Воронеж қаласындағы Одақтық жарыста, 1956-58 жылдары Ташкенттегі Орта Азия студенттері арасындағы жарыста, Мәскеудегі жарыстарда жүлдегер атанды. 1960 жылы Шымкент,
1961 жылы Семей қаласында ауыл жастарының арасында өткен жарыста бірінші орын алды.
1955 жылы Республикалық жасөспірімдер біріншілігінде классикалық күрестен жартылай жеңіл салмақта күресіп, ІІ орынды
иеленгені үшін КазССР Министрлер Кеңесі жанындағы физкультура және спорт Комитетінің ІІ дәрежелі дипломымен, Республикалық
«Искра» Орталық ерікті спорт қоғамы Кеңесі ұйымдастырған жеке біріншілікте жеңіл салмақта классикалық күрестен І орынды
иеленіп, грамотамен және бағалы сыйлықпен, «Буревестник» Орталық ерікті спорт қоғамының Республикалық Кеңесі ұйымдастырған студенттер арсындағы жеңіл салмақта еркін күрестен І орынды иеленгені үшін грамотамен марапатталған.
1956 жылы классикалық күрестен бірінші облыстық жартылай жеңіл салмақта бірінші орынды иеленіп, Қарағанды облысының депутаттар Кеңесі мен облыстың іскерлер бірлестігі кеңесінің атқарушы комитетінің шешімімен «Облыс чемпионы» атағы берілді.
1956-58 жылдары Ташкентте өткен Орта Азия студенттері арасындағы еркін күресте жарыста, Мәскеудегі жарыстарда
жүлделі орындарды иеленген.1957 жылы қазақша күрестен облыстық бірінші ұлттық «Қазақша күрес» фестивалінде І орынды иеленгені үшін Қазақстан ВЛКСМ облыстық комитетінің «Құрмет грамотасымен» және сыйлығымен марапатталған.
Қазақ жастарының тұңғыш фестивалінде екінші орынды иеленгені үшін Республикалық ұйымдастыру комитетінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталып, лауреат атанды.
1959 жылы Екінші облыстық спартакиадаға қатысып, еркін күрестен облыс чемпионы атанып, 1960 жылы Шымкент, 1961 жылы Семей қаласында ауыл жастарының арасында өткен жарыста бірінші орын алды.
1960 жылы бірнеше жарыстар мен спартакиадаларға қатысып, жоғары марапаттарға ие болды. Соның ішінде «Қазақ
ССР-нің чемпионы» атанады, қазақша күрестен өткен облыстық жарыста І орынды иеленгені үшін Қарағанды облыстық Қазақ ССР-нің спорт бірлестігі мен ұйымдастыру кеңесінің дмпломымен және 22 қазанда Қарағанды қаласында өткен Х Жалпы Қазақстандық спартакиадада жоғары спорттық көрсеткіштерге жеткені үшін Құрмет грамотамен марапатталып, VI Республикалық ауыл спортшыларының спартакиадасына қатысып, І орынды иеленді.
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы 1961 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің
негізін салып, өзі ұзақ жылдар сол мектепте жастарды тәрбиелеумен шұғылданды. 1966 жылдан үш жыл қатарынан шәкірттері облыстық жарыстың жеңімпазы болып танылды.
Жаңа-Арқа аудандық косомол комитеті 1965 жылы шабандар күніне орай өткізілген қазақша күрестен облыстық байқауда жеке біріншілікте Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлыққа ие болғаны үшін мадақтама қағазымен марапатталған.
Әбілдаұлы 1963 жылдан аудандық жасөспірімдер мектебінде зейнеткерлікке шыққанға дейін жаттықтырушы болып, жемісті еңбек етті. Ол ауданымызда спорт шеберлерін даярлауда өзіндік сүбелі үлесін қосты.
1990 жылы Шымкентте өткен қазақша күрестен XVIII Жалпы Қазақстандық спартакиада жеңімпазын дайындағаны үшін
Қазақ ССР денешынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік комитетінің грамотасымен және облыс командасы мүшелерін үздік дайындағаны үшін Жезқазған облыстық атқару комитетінің дене шынықтыру және спорт комитетінің грамотасымен марапатталған.
1993 жылы Алматы облысында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында шәкірттері Ерқанат Тұтқышев чемпион
атанып, Манат Хасенов ІІ орынды иеленгені үшін Шет ауданы әкімі орынбасарының грамотасымен марапатталған.
Қазақ ССР-інің спорт шебері атағын алған Серік Демесінов Орта Азияның және Қазақстанның әлденше дүркін чемпионы.
1998 жылы 28-ақпанда Орта Азия мен Қазақстан Республикасының қазақша күрестен бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт шебері,
қазақша күрестен еңбек сіңірген жаттықтырушы Серік Демесінов ұзаққа созылған ауыр науқастан 61 жасында қайтыс болды.
Пайдаланған әдебиеттер:
Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.- Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ, 2007. –259-260 б.
Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013.-138 б.
Ол туралы:
Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.- Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ, 2007. – 260 б.
Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013.-138 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Демесінұлы Серік [Мәтін] / Заман.- 1998.- 21 ақпан.- (№7).-8 б.
Қабылдаұлы,С. Бір сәт және бүкіл ғұмыр [Мәтін] /С.Қабылдаұлы //Заман.- 2006.-24 ақпан (№).-3 б.
Топжарған [Мәтін] / Заман.- 2007.- 22 ақпан (№8).- 6 б.
Әбдірахманов, М. Дарабоз [Мәтін] / М.Әбдірахманов // Шет шұғыласы.- 2008.- 17 сәуір (№16-17).-7 б
![]() |
---|
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Марапаттаулары
![]() |
---|
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |





Фотосуреттері
Шет аудан азаматтарының Серік Демесіновке
шығарған арнаулары

Сұлтан Cүтбаев
СұлтанСүтбаев (1936) Қарағанды обл. Аралтөбе селосында дүниеге келген. ҚР «Жер қойнауының «Құрметті барлаушысы».
«Кен қорларын бірінші ашушы», Шет ауд.-ның «Құрметті азаматы». Қазақтың таукен институтының түлегі (1960), инженер-
гидрогеолог. Орталык Қазақстан геологиялықбасқармасының Ақадыр геологиялықбарлау экспедициясында аға техник- гидрогеолог, гидрогеолог, аға гидрогеолог (1960-1969), экспедиция басшысы (1969- 1988) болып істейді. Ақадыр ауд. қоршаған ортаны қорғау басқармасының төрағасы (1989-1997), Орталық Қазақстан жер қойнауын бақылау аумақтық басқармасының Балқаш және Жезқазған аймақтық инспекцияларынының бас маманы (1997- 2007), 2007 ж.-дан бастап «Қазақмыскорпорациясы» ЖШС-і «Жезқазған түстімет» ӨБ-де бас геологтын орынбасары. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен
Сарысу жерасты суларының қен орындары тобын ашып, барлау жұмыстарын жүргізіп, Ақшатау және Ақжал кеніштері үшін Жәмші және Қарабұлақ жерасты суларын барлап, болашақ ұзынжал кен орнын сумен қамтамасыз ету мақсатында Киікті, Сарыбұлақ,Үшбұлақ-Атасай жер асты суларының қорларын барлап,Ақадыр кентінің суға мұқтаждығын өтеу үшін Талдыеспе жерасты суларының қорларын мемлекеттік қор комиссиясында бекітеді.
«Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері», т.б. медалдарымен марапатталған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2011- 338 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Рахұлы, А. Жер қойнауының үздік барлаушысы [Мәтін] / А.Рахұлы // Орталық Қазақстан.- 2014.- 5 сәуір (№62-63).- 4 б.
Рахұлы, А. Көңілге ыстық жан сыры [Мәтін] / А.Рахұлы // Орталық Қазақстан.- 2015.- 26 қараша (№197-198).- 8 б.
Медиев,Қ. Ел тарихын екшеген еңбек [Мәтін] / Қ.Медиев // Орталық Қазақстан.- 2016.- 19 қаңтар (№11).- 6 б.

Рымқұл Сүлейменов
(1936-2007)
Рымқұл Сүлейменов(1936-2007) жазушы, публицист. Шет ауданында туған. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының
иегері (1979). Қазақстан Жазушылар Одағы Қарағанды облысы бөлімшесінің төрағасы болып сайланған. Қарағандыда №4 кәсіптік-техникалық училищесінде, Алматы жоғары партия мектебінде оқыған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген (1966).
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Шет ауданында «Ильич туы», облыста «Орталық Қазақстан», Ақтоғай ауданында «Арқа еңбеккері» газетінде қызмет атқарды. Жезқазған облысында «Жезқазған туы» газеті редакторының орынбасары (1973-1976). «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы (1976-1986). Респуликалық «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі (1986-1990).Ақадыр ауданында «Ақадыр таңы» - «Агадырская новь» газеттерінің редакторы. «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі,жауапты хатшысы, бас редакторы қызметтерін атқарған (1991-1994).Тәуелсіз «Компас» газетінің бас редакторы болған. Шығармалары: «Көңіл шұғыласы» (1980).«Ар алдында» (1985). «Алашым – аңсағаным» (1991). «Сағыныш» (1994). «Ата жолы» (2006),т.б.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қарағанды. Қарағанды облысы [Мәтін]: энциклопедия / ред. Ә. Пірманов.-Алматы: Атамұра, 2006.- 487-488 б.
Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013.- 337-338 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Жүністегі, К. Жазушы шыңы [Мәтін] / Заман.-2006.-18 мамыр (№21).-3 б.
Жұқанұлы, Ш. Алаштың азаматы [Мәтін] / Заман.-2006.-5 қазан (№41).-4 б.
Рымқұл Сүлейменов [Мәтін]: некролог // Орталық Қазақстан. –2007. - 21 сәуір (№ 60-61).- 7 б.
Жанысбай, С. Жаныңды шуаққа бөлеген [Мәтін] / С.Жанысбай // Орталық Қазақстан.-2008.-30 қыркүйек (№151).-4 б.
Жанысбай,С. Бәріміз құрметтеген Рекең [Мәтін] / С.Жанысбай // Орталық Қазақстан.-2012.-21 сәуір (№66-67).-6 б.




Жазушы, публицист Рымқұл Сүлейменовтың шығармалары:
Сүлейменов, Р. Жан шуағы [Мәтін]: повестер мен әңгімелер / Р. Сүлейменов.- Алматы: Айдана, 2008.- 448 б.
Белгілі жазушы Рымқұл Сүлейменовтың соңғы жылдары жазған шығармалары өзі бақилық болғаннан
кейін отбасы мен туған-туыстарының жинастырып, демеушілік етуімен жарық көріп отыр. Жинақта
жазушының ауыл өмірін өзек еткен хикаяттары мен әңгімелері, көкейде жүрген ойлары мен жазушы шығармашылығы туралы кезінде қалам шеберлерінің жазған пікірлері, артында қалған сыйлас достары
мен жақын-туыстарының естеліктері топтастырылған.
Сүлейменов, Р. Алашым – аңсағаным [Мәтін] : повесть, әңгімелер мен новеллалар / Р. Сүлейменов .- Қарағанды: Қарағанды, 1991.- 264 б.
Жазушы, публицист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Рымқұл Сүлейменовтің Алматыдан, «Жалын», «Қазақстан» баспаларынан «Көңіл шұғыласы», «Ар алдында», «Құрыш қолдар» деп аталатын повесть, әңгімелер, очерктер жинақтары жарық көрген. Оқырмандарға ұсынып отырған жаңа туындысының оқиғасы қалың, бүгінгі күрделі тіршіліктің сан қырлы проблемасы алға тартылады.
Сарыарқа саңлақтары [Мәтін] : Қарағанды өңірінде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан халық дарындыларының өмірі мен өнері туралы.- Павлодар: ЭКО ҒОФ, 2007.- 316 б.
Кітапта дарындылығымен аты шыққан саңлақтар туралы ғылыми-зерттеу және танымдық материалдар топтастырылған. Халық даналығынан сусындаған Кемпірбай мен Шөже, Шортанбай мен Нарманбет, Қожабай сияқты от ауызды, орақ тілді ақын-жыршылар, күміс көмей, асқақ үнді әншілер мен зерттеушілер мен мәдениет қызметкерлері, студенттер, мектептің жоғары сынып оқушылары, жалпы көпшілік қауым үшін көп мағлұмат береді.
Сүлейменов, Р. Жан шуағы [Мәтін]: хикаяттар мен әңгімелер / Р. Сұлейменов; Қарағанды облысының әкімдігі.- Астана: Фолиант, 2014.- 320 б.- (Сарыарқа кітапханасы)
Белгілі жазушы Рымқұл Сүлейменовтің бұл кітабына өмірінің соңғы жылдары жазған шығармалары мен бұған дейін жазылған шығармаларының ең таңдаулы дүниелері, көкейде жүрген ойлары топтастырылған.




![]() | ![]() | ![]() |
---|---|---|
![]() | ![]() | ![]() |

Медет Байтанасов
Медет ТұңғышбайұлыБайтанасов 1936 жылы мамыр айының 15 жұлдызында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Орджоникидзе атындағы совхозында дүниеге келген. 1955-1957 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы екі жылдық автомеханник курсын бітіріп, 1957-1966 жылдарында Шет МТС,РТС, Орджоникидзе атындағы совхоз гараж меңгерушісі,1966-1970 жылдарында совхоз жұмысшылар комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 1970-1973 ж.ж Орджоникидзе атындағы совхозында инженер техника қауіпсіздігі жөніндегі тұқым аграномы болып жұмыс істеген. 1973-1987 жылдар арлығында Орджоникидзе атындағы совхоз партия комитетінің секретары қызметін атқарған. 1987-1989 жылдарында бөлімше аграномы, 1989-1994 ж.ж Орталық бөлшек сайман қойма меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1994 жылы КМБ және «Ақбиік» шаруа қожалықтарының жетекшісі болып қызмет атқарған. 1996 жылы еңбектері бағаланып зейнеткерлік жасқа толып зейнеткерлікке шықты. Түлкілі селолық советіне 6 рет, Шет аудандық маслихаты депутаттар жиналысының депутаты болып екі рет шақырылып сайланған. Көптеген облыстық, аудандық құрмет грамоталарымен марапатталған.
Марапаттары
1.В.И Лениннің туғанына 100 мерекелік медалімен 1970 жылы марапатталған.
2. Медаль «За трудовое отличье» - 1980 жылы марапатталған.
3. Медаль «Ветеран труда» - 1985 жылы марапатталған.
4. Тың игерудің 30 жылдығына омырауға тағатын белгі – 1984 жылы марапатталған
5. Ұлы Отан Соғысының жеңісіне 65 жыл толуына орай мерекелік медалі – 2010 жылы марапаталған.
6. Ұлы Отан Соғысының жеңісіне 70 жыл толуына орай мерекелік медалі – 2015 жылы марапаталған.
7.Жергілікті маслихаттың 20-жылдығы медалі
8.Тынның 30-жылдығы медалі
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: ҚазАқпарат, 2011.- 123 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Байтанасов,М. Өркендеген өңір келбеті [Мәтін] / М.Байтанасов / / Заман.- 2006.- 20 шілде (№30).- 2 б.
Марапаттаулары




Фотосуреттері
![]() | ![]() |
---|---|
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Төсбелгілері
Иген Әрінұлы
Иген Әрінұлы 1936 жылы Шет ауданында дүниеге келген. Алматы ауыл шаруашылық институтын инжинер- механник мамандығы бойынша 1960 жылы бітірген. Шет ауданының Жамбыл колхозы басқармасының орынбасары болып 1960-1962 жылдарында қызмет атқарған. Ақтоғай ауданының «Қаз сельхозтехника» бірлестігінің бас инженері, Өспен, Ақшоқы, Босаға совхоздарының бас инженері қызметін атқарған. 1973-1993 жылдарында «Ертіс-Қарағанды» каналы басқармасы жанындағы оқу комбинатының директоры болған. Нұра-Сарысу су шаруашылығының Жаңаарқа ауданы бойынша инспектор қызметін 1993-1996 жылдарда атқарған. Бірқатар салалық марапаттарға ие болған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013.- 337-338 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Майбас,Т. Берек [Мәтін] / Т. Майбас / / Заман.- 2006.- 4 ақпан (№).- 7 б.


Тұяқбай Жосалбаев
Тұяқбай Аханұлы Жосалбаев1936 жылы наурыз айының 20 жұлдызында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақшатау кентінде дүниеге келген. Дүниеге келген жылы әкесі Жосалбай өмірден қайтса, 1938 жылы анасы бақилық болған. Жетімдіктің ащы дәмін татқан Тұяқбай апасы Рымтаймен бірге туыстарын сағалап, туыстарының үйінде болған. 1943 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1953 жылы мектепті тамамдаған. Сол жылы Ақшатау кентіндегі Киров атындағы мектепке пионер вожатый болып жұмысқа орналасып, кейінде бастауыш сыныптарға дәріс берген. Білімді жас жігітті мектеп басшылығы орыс мектебіне есепші етіп қабылдайды. Одан соң Тұяқбай әскери міндетін өткеруге аттанады, ол жерде оны партияға кандидат ретінде қабылдайды. Жас коммунист әскерде де темірдей тәртіпте өзін жақсы қырынан көрсетіп, аман-есен елге келеді. 1958 жылы Алматы қаласында партия мектебін аяқтап келгеннен кейін аудандық комсомол комитетіне инструктор (нұсқаушы) болып қабылданады. Осы қызметте жүргенде аудан басшылығы жақсы жұмыстарын ескеріп, партия (КПСС) қатарына алады.
1959 жылы отбасын құрады. 1961 жылы аудандық тұтынушылар қоғамына товаравед болып жұмысқа алынады. Осы салада орталық сауда саласының директоры, меңгеруші болып еңбек етеді. 1965 жылы өмірдің ағымымен аудан орталығындағы С.Орджоникидзе атындағы совхозға диспетчер болып жұмысқа тұрады. Кейінде 1968 жылы аудандық тұтынушылар қоғамына жұмысқа ауыстырылып, төрағаның орынбасары, авоколонна мекемесінің бастығы, инженер-технолог жұмыстарын атқарады. Іскер де білгір азамат аудандық тұрмыстық комбинатта директор, Ақадыр ХРСУ мекемесінде мастер, жұмысшы топтың жетекшісі жұмыстарын адал да абыройлы атқара білді. Т.Жосалбаев кейінде аудандық аудандық тұтынушылар қоғамына ауысып, өмірінің соңына дейін Орталық сауда саласының директоры міндетін абыройлы атқара білді. Жұмыста елгезек, талапшылдығымен, жауапкершілігімен, тиянақтылығымен ерекшелене білген Т.Жосалбаев аудандық басшыларының, облыстық тұтынушылар қоғамының алғыс хатымен, Құрмет грамотасыменн марапатталған.
Бес қыз, екі ұлы бар. Балалары да әр салада жемісті еңбек етуде. Оларда әкелерінің адал еңбегін ерекше мақтан етеді.
1992 жылы қазан айының 25 жұлдызында өмірден озды.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: ҚазАқпарат, 2011.- 186 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Жуасбайұлы,Ө. Дарынды азамат еді [Мәтін] / Ө.Жуасбайұлы / / Шет шұғыласы.- 2008.- 4 қыркүйек (№38).- 5 б.
Фотосуреттері
![]() | ![]() | ![]() |
---|---|---|
![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ![]() | ![]() |

Әбілжанов Кәдірман
Әбілжанов Кәдірман 1936 жылы 7 қарашада Қарағанды облысы Шет ауданы Бұғылы – Тағылы жерінде дүниеге келген. Әкесі Әлиұлы Әбілжан аудандық сауда бөлімінің есепші бухалтері болып қызмет атқарған, анасы Рахия әжеміз үй шаруасындағы кісі болған. Айрандай ұйып, тірішілік күнін жайдары жандай кешіп отырған Әли бабамыздың отбасы орны толмас қайғы - қасіретке душар болады. Кәдірман әкеміз бір жасқа толғанда Рахия анасынан айырылып шерлі жетімдікті басынан кешіреді. Көп ұзамай сұрапыл соғыс басталғанда Әли бабамыздың Балқасым атты ұлы майданға аттанады, соңынан көп ұзамай Әбілжан үлкен ұлы да соғысқа кетеді. Демге қуат көріп Әбілжаннан Қалған жалғыс тұяғы Кәдірман немересімен бірге Әли ата өмірдің тауқыметін тартып жүргенінде, екі ұлынан бірдейайырылып, қарақағаз алған қайғыны көтере алмай көз жұмады.
Бала кезінде тағы да басына түскен әке мен ата қазасы Кәдірманды өмір қиындығын және білуге шыңдай түседі. Мектепте зерек оқығаны үшін сыныптан – сыныпқа көшіріліп 10 жылдықты
7 жыл ішінде бітіріп шығады. Қарағанды медецина институтына түсіп білімін ары қарай дамыдқысы келген арманшыл жас жігітке студент болу бұйырмайды. Медицина иниститутын
3- курс студенті Әбілжанов Кәдірман өз еркімен оқудан шығуға өтініш береді. Себебі студент жоқтық пен жетімдіктің у татыған ашщы дәмінен жеріп, жас өмірін еңбек қолына қалыптастыруды мақсат етеді. Ауылға оралған соң жанұя құрып, отау тігіп еңбекке араласады. Ақжал кентіне 1957 жылы сәуір айында көшіп келіп, карьерге жұмысқа орналасады. Бір жыл өткеннен кейін Ақжал кентіндегі тұңғыш қазақ машинистэксковатршигі болып жұмыс істейді. 1986 жылы тамыз айында ауыр науқасқа шалдыққанға дейін еңбек етіп, жастарға үлгі – өнеге көрсетіп бірнеше шәкірт тәрбиелейді. Еліне еткен еңбегі еленіп бірнеше «Алғыс хаттар»,« Мадақтама грамоталары» мен марапатталған және 19 наурыз 1970 жылы СССР жоғарғы кеңес президиумының « Ерен еңбегі үшін» медальімен, 20 сәуір 1971 жылы СССР жоғарғы кеңес президиумының «Ленин»358064 орденімен, 7 желтоқсан 1973 жылы «Социалистік еңбек жеңімпазы » төс белгісімен, 23 желтоқсан 1975 жылы 9- бесжылдық «Еңбек екпіндісі» төс белгісімен,17 наурыз 1978 жылы СССР жоғарға кеңес президиумының ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы»285449 орденімен,12 наурыз 1979 жылы «Социалистікеңбек жеңімпазы» төс белгісімен наградталған. Әбілжанов Кәдірман өмір жолында тек эксковатор машенисі жұмыс істеп қана қоймай халық қалаулысы, аудан депудаты болып та еңбек еткен. Ерен еңбегі Алматы қаласындағы Республикалық халық шаруашылығы жетістіктерінін көрмесінде «Озат еңбек ерлері» тақтасына ілінеді. Арманшыл азаматтың жас күніндегі өмір қиындығының салдарынан жете алмаған мақсатын улкен қызы жалғастыруда. Бақыт Кәдірманқызы Әбілжанова Қарағанды медецина иниститутын бітіріп қазіргі таңда шет аудандық ауруханада жоғарғы санатты дәрігер болып еңбек етуде. Үлкен ұлы Әбілжанов Болат әке еңбегін жалғастырушы Ақжал кентінің беделді азаматы. Болат Кәдірманұлы Нова-цинк жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау – кен цехының эксковаторшылар бригадасының бригадирі болып Ақжал кентінде еңбек етуде. Болат Әбілжановтың ұзақ жылдарғы еңбегі еленіп « Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медальімен 11 қараша 2011 жылы наградталды». Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен 2014жылы наградталды. Әке арман – мақсатын жалғастырушы, артындағы ұрпағы олар балалары , Кәдірман Әбілжанов қиындығы мол өмірінде ауыр науқастың салдарынан 1992 жылы мамыр айының 22 жұлдызында дүние салады.

Төсбелгілері
Марапаттаулары
![]() | ![]() |
---|---|
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |

Байтембаева Роза Жараспаевна
Байтембаева Роза Жараспаевна 1936 жылдың 12 наурыз күні Ақмола қаласында дүниеге келген. Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектебінде оқып, 1954 жылы бітіріп, сол жылы Қарағанды қаласындағы педагогикалық инситуттың физика – математика факультетіне түсіп, 1959 жылы физика және математика пәндерінің мұғалімі деген мамандық иегері болып диплом алып шықты.
Еңбек жолын Қарағанды облысы Ақшатау кентіндегі жұмысшылар мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып қабылданып, 1 жылдан кейін, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып 2 жыл қызмет атқарды.
1964 жылы В. И. Ленин атындағы орыс тілінде оқытатын орта мектепке математика пәнінің мұғалімі болып ауысты. 1973 жылы жолдасы Бимақаш Сейтжаппар Әйкенұлының қызметі ауысуына байланысты Ақадыр станциясының ( кентінің ) №149 орыс тілінде оқытылатын теміржол мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып орналасты. 1977 жылы теміржол мектебі аудан орталығында жаңадан ашылған Ю. А. Гагарин атындағы орта мектепке ауыстырылады, ондағы оқушылар мен педагогикалық ұжым толығымен осы мектепке ауыстырылды. Осы аталған мектепте 2003 жылға дейін еңбек етті. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 44 жыл. Отбасында 3 бала: екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді. Ұлы байланыс және коммуникация маманы, ал қыздары Бәтіш пен Қарлығаш ата – ана жолын қуып, екеуі де ұстаз. Бәтіш Сейтжаппарқызы биология пәнінің мұғалімі, Қарлығаш Сейтжаппарқызы педагог – психолог. Бәтіштің қызы Дана да педагог – психолог. Роза Жараспаевнаның отбасы ұстаздар династиясын жалғастыруда.
Марапаттары:
1. 1970 жылы – КСРО жоғары кеңесінің президиумның мерейлі медалімен.
2. 1974 жылы - «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төс белгісімен.
3. 1981 жылы – «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогымен
4. 1986 жылы – «Еңбек ардагері» медалімен.
5. 2015 жылы – «Жеңіске 70 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Әлі де шәкірттеріме, немерелеріме математика пәнінің қыр – сырын үйретуге жалыққан емес. Немере – шөбере сүйген бақытты ана.
Жарымның жарастығы жан жарыма
Роза Жараспайқызы Байтембаеваға
Біздің үйдің диірменін тартатын
Сары қызды іздеп таптым айдыннан.
Мезгіл болды райымнан қайтатын
Шын жүрекке жүгің талай артылған.
Сары алтындай жарқырадың мәңгіге
Арамызда сырласумен айтылады әңгіме.
Сен тұрғанда жаным менің жалындап
Тыңдамайды өсек айтқан әнді де.
Тыңдамайды бардың сөзін байырқап
Жоқтын сөзін жатырқадым қайырлап.
Бір өзіңе әу басында айтқан серт
Тұғырыма шөгіп қалды шайырлап.
Тұнғиықтан аршып жүрсің арымды
Уайымға ұйытпадың жанымды.
Қайшылықтың қамауына түскенде
Жолды сілтеп келесін-ау танымды.
Жүрегімнің қызуында орын бар
Әсемдікке қызығатын жаным бар.
Сол бейнемді әлсіретпей келесің
Мызғымайтын тұрысыңда сәнім бар.
Әркімдеде шөміш аузы жоғары
Өмірде де дауыл қатты соғады.
Жел өтінде өрімталдай талдықпай
Суық шалып кетпесе сол болады.
Мен іздедім сезім перде шынарын
Аққу болып жоқтап жүрмін сыңарын.
Үзілгенде өкінішім болмайды
Үзенгіге тартпа салмай тұрармын.
Беу адамдар түбі бәрі теңелер
Қайда кетіп жоғалады кемелер.
Бәрің барып көрстанды мекендеп
Өкінішің сонда жатып кенелер.
Барымды айтып борандатып қайтемін
Туа бермес тамыршыдай қайта күн.
Біз екеуміз қол ұстасып тұрғанда
Өлең болып орындалар талай үн
Сейтжаппар Әйкенұлы Бимақаш.
























Марапаттаулары
![]() | ![]() |
---|---|
![]() | ![]() |
Төсбелгілері
![]() | ![]() | ![]() |
---|---|---|
![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ![]() | ![]() |