

Жазушы
Өмір Кәріпұлы


Кәріпұлы Өмір (1940) жазушы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Құмдауыт ауданында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Еңбек жолын Қызылтау мектебінде мұғалімдіктен бастаған (1960). Ақадыр ауданында «Ақадыр таңы» газетінде, Ақадыр ауданының мәдениет бөлімінде еңбек еткен. (1978-1997). Ауданның «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болған (1990-1997). Шет ауданының «Заман» газетінде қызмет атқарды (1997-2003). 1970 жылдан шығармашылық жұмыста. Өмір Кәріпұлы – шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Алғашқы қалам алды жырлары аудандық «Жаңаарқа» газетінде жарияланды.Мәдениет қайраткері. Елімізде бірінші болып Ақадыр өңірінде «Қымызмұрындық» жәрмеңкесін өткізген.
Алыстағы қойлы ауылдардың қоңыр тіршілігі, туған жердің өзіндік келбеті жазушы жүрегіне ертерек орнаған еді. Содан да далаға деген аңсауын, сағынышы мен мұңын өлең жолдарына түсірді. Қаламын қатайтып алған соң прозаға ойысқан. Ө.Кәріпұлы-табиғат жыршысы. Ата қоныстан тапжылмай, ауыл адамдарының арманы мен мұңын, сағынышын, махаббатын әңгіме-повестеріне арқау етіп келеді. Ауылдық мектепте жиырма жыл ұстаздық қызмет атқарды. «Жаңаарқа», «Ақадыр таңы», «Заман» газеттерінде журналистік шеберлігін шыңдады. Ө.Кәріпұлы- қалам қайратын әлі де бәсеңдеткен жоқ.
Өмір Кәріпұлы – 1986 жылы СССР Ж азушылар Одағының мүшелігіне өткен. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ақадыр ауданы таратылып, Шет ауданының құрамына қосылғаннан кейін 1998-2003 жылдар аралығында аудандық «Заман» газетінде тілшілік қызмет атқарды. Бұрынғы Ақадыр ауданының «Құрмет азаматы» боп табылады. Қазақтың ақиық ақыны Сәкен Сейфуллинге, атақты күйші Сайдалы сары Тоқаға, Әбікен Хасеновке арнаған хикаяттарының көркемдік деңгейі жоғары. Оқырманнан тәуір бағасын алған шығармалар.
Ол отыз жылдан бері Ақадыр кентінде тұрады. Жаңаарқа шет өңірінің заңды тумасы саналады.

Мақалалар тізімі
Әбілдинов, Қ. Сматайдың Софысы [Мәтін] / Қ. Әбілдинов // Қазақ әдебиеті.- 2009.- 23-29 қазан (№45).-11 б.
Рахымжанов, Қ. Өмір аға [Мәтін] / Қ. Рахымжанов // Шет шұғыласы.- 2010.- 18 қараша (№47).-6 б.
Сарғасқаева, Қ. «Елім деп еміренді, жыр толғап тебіренді» атты кеш. [Мәтін] / Қ. Сарғасқаева // Шет шұғыласы.- 2010.- 18 қараша (№47).-6 б.
Кәріпұлы, Ө. Жоғалып табылған махаббат [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Қазақ әдебиеті.- 2011.- 17-23 маусым (№24).-9 б.
Ақсұңқарұлы, С. «Табаны жерде тұрғанда, тапжылмайтұғын антейдей» [Мәтін] / С. Ақсұңқарұлы // Жас Алаш.- 2011.-23 маусым (№23).-5 б.
Кәріпұлы, Ө. Балтыр [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Қазақ әдебиеті.- 2012.- 5 қазан (№41).-9 б.
Кәріпұлы, Ө. Тоқсандағы топжарған [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // 2013.- 18 мамыр (№77-78).-5 б.
Кәріпұлы, Ө. Жаратылысы бөлек еді [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // 2013.- 3 қаңтар (№1).-6 б.
Кәріпұлы, Ө. Қажетсіз дағдыдан қашан арыламыз? [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Шет шұғыласы.- 2014.- 7 мамыр (№18).-4-5 б.
Ақадыр вальсі [Мәтін] // Заман.-2007.-30 қараша (№48).-8 б.
Бесімұлына, Т. Арнау [Мәтін] / Т. Бесімұлына // Заман.-1999.- 4 желтоқсан (№46).-1 б.
Кәріпұлы, Ө. Табиғат алтын бесігінің [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Заман.-1998.- 5 қыркүйек (№33).- 3 б.
Кәріпұлы, Ө. Өмір бәсекемен қызықты [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Заман.-1999.- 9 қаңтар (№2).-3 б.
Құнды шежіре [Мәтін] // Заман.-2003.- 14 маусым (№22).-44 б.