top of page
7c36a2f416173e9ce18bf96277f31e10 (1).jpg

Тұманбай –лирик ақын, сыршыл сазгер

"Қайда жүрсем, ойлап сені жүремін,

Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.

Саған ғана арқамды мен сүйедім,

Саған ғана аяғымды тіредім" - деп ақын Тұманбай Молдағалиевте  үлкен тебіреніспен сыр шерткен ұлы ақын. Тұманбай Молдағалиевте өмірден, тұрмыстан алшақ алынған тақырып жоқ. Қалың қазағы«Тұмаш аға» деп еркелеткен ақын Тұманбай Молдағалиев өз өмірін өлеңмен өрнектеген жан. Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)-қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытқан ақын. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі-оның өлеңдері сезімге толы.  Ақынның «Қош көктем», «Жаңа дәптер», «Жүрек ояу қашанда», «Махаббат оты сөнбейді», «Жүрегім менің сапарда», «Мен де жиырма жаста едім», «Жүректегі жазулар» т.б. жыр-жинақтарын жазды.Қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген Тұманбай Молдағалив Хрущевтің кезіндегі саяси «жылымықты» да, онан кейінгі «кемелденген социализм» мен тоқырау, «қайта құру» жылдарын да, Қазақстан тәуелсіздігін де көріп кетті.Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы – адамның рухани дүниесімен астасқан гуманистік, адамгершілік мұраттар. Шығармалары халықтың ең ізгі ойымен, арманымен астасып жатқан Тұманбай Молдағалиев үміт, күйіну, сүйіну, өкініш т.б. сезім күйлерін ерекше тебіреніспен өлеңге айналдыра біледі. Туған елінің өнер дариясынан еркін сусындап, бойындағы бар асылын жұртына қалтқысыз жұмсаған ақын тағдыры – бақытты тағдыр. Ақынның ақындық сыры шынайы адамдық қылықтарға, жас адамға лайық сезім шыншылдығына, терең астарлы ойға құрылған.Басылым беттерінде берген сұхбаттарының бірінде: «Көңілімнен өлеңнің оты өшкен күні жер бетінде жүре қоймаспын..Өлеңнен өз орнымды таптым» деген еді.Расында да, ғұмырының соңғы сәттеріне дейін ақын  өлең жазуды тоқтатпаған.Ол үнемі күнделікті өмір құбылысын, адам тіршілігін жырлады.. Қазақ музыкасының дүлділі Шәмші Қалдаяқов,Нұрғиса Тлендиев,Әсет Бейсеуов сияқты сазгерлермен тығыз байланыста болып,талай әндердің дүниеге келуіне ықпал етті Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның "Құстар қайтып барады” музыкасы Н. Тілендиевтікі, "Бақыт құшағында”, "Әнім сен едің” "Ертіс вальсі”музыкасы Жамақаевтікі, "Шақырады көктем”атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Ол Байрон, М.Ю. Лермонтов, Т.Г. Шевченко, Туманян, С. Канутикян, Ғ. Ғұлам, Х. Ғұлам, Р. Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдебиетінде ең бірінші лирик ақын ретінде есте қалды. Қазақ ақындары да, әдебиеттанушы ғалымдары оны ең әуелі лирик ақын ретінде мойындайды. Тұманбай Молдағалиев қазақ жырындағы лирикалық поэманың хас шеберлерінің бірі немесе бірегейі.Оның тонды жарып шыққан

«Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып,

Зымырайды менің бала кезімдей,

Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей» деген сөзі әлі күнге ел аузынан түспейді. «Құстар әнінің» де өлеңін жазған Тұманбай Молдағалиев еді. Бірде ақынға Нұрғиса Тілендиев»Сенің өлеңдеріңе алда әлі талай ән жазамын,бірақ дәл осындай ән қайта шықпайды. Мені ақтық сапарға осы әнді айтып,шығарып салыңдар»-деп аманат етіпті. Сейдолла Байтерековтың «Жан досым» әні шамамен 1981 жылы дүниеге келген. Сазгер бала күнін еске алып,интернатта оқып жүргендегі дос бауырларын сағынып,ән жазады. Кейін ақын ағасына келіп:»Тұманбай аға,мынау дос туралы ән болсын деп дайын әуенді тыңдатты. Ақынның бірге өшіп,жақын туыс болып кеткен Едіге Сапаев деген досына арналып жазған ән болатын. Бұл өлең мен әуен  бір үйлесім тауып,дүниеге «Дос туралы жыр» әні келеді. Кейін оның атауы»Жан досым» болып кетеді. Ақын Мұзафар Әлімбаев «поэтикалық портреттер галереясы жөнінен Қазақстандағы ешбір ақын Молдағалиевпен таласа алмайды» деп жазады. Бұл – ақиқат. Тұманбай Молдағалиевтің мадақтаулары мен арнауларының өзі жанға жайлы, жұмсақ теңеулерімен ерекшеленді. Бұл галерея соңғы жылдары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 

арналған  өлеңдермен толықты.Баспасөз бетінде Тұманбай Молдағалиев есімі «Елім менің» әнінің сөзіне орай алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге аталды. 

«Еліңді күзет күндіз де,

Самсаған сары сан қолдан,

Жол болғай саған, президент,

Қайда да барсаң жол болғай» деп бастаған ақын республика астанасының Ақмолаға көшуіне орай қоғамда қалыптасқан екі ұдай сезімді де білдіре кеткен еді: Тұманбай Молдағалиев шығармашылығында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған арнау өлеңдер өз алдына бір шоғыр болып көрінеді.«Президентім», «Ел басы ағамыз» деп жырлаған ақын,
2005 жылы «Ел үшін», «Сөзіңе басын иіп ел тұрады» деп аталатын өлеңдері жарық көрсе, сол жылғы президент сайлауы кейін ақындық шабытын еселегендей болды. Ал жаңа жыл қарсаңында «Еліме, Елбасыма бақыт әкел» Қазақстан президентінің инаугурациясы қарсаңында «Махаббатына халықтың айналдың сен» дейтін өлеңдерін халыққа ұсынды.Ақынның өзі қандай мейірбан, бауыр­мал, адамсүйгіш болса, поэзиясы да сол қалыптан таймай мөп-мөлдір, тап-таза қалпында адам жанын жылыта білді.

 

Әдебиеттер:

1.Т.Молдағалиев «Махаббат оты сөнбейді» Алматы, «Жазушы» 1975ж. 
2.Т.Молдағалиев «Қош, Көктем» Алматы, «Жазушы» 1971 ж. 240 бет 
3.Т.Моладағлиев «Жүректегі жазулар» Алматы, «Жалын» 1981 ж. 200 
4.Т.Молдағалиев «Асыл жүрек айнымас» Алматы, «Жазушы» 1982
ж. 144

bottom of page