top of page

Мультфильм немесе мультипликациялық фильм (лат. mult, лат. iplicatio - көбейту, ағылш. film - таспа) - көптеген суреттерден және солардың қимыл әрекетінен құралатын үздік туындылардан тұратын фильм.

Ал сол экрандағы балаларды қызықтырып көздерінің жауын алатын таңғажайып туындыларды жасайтын суретші-мультипликатор деп аталады. Болашақ мультфильм кейіпкерлері солар салған суреттермен жанданады. Бірақ, оны солай жандандырудың өзі оңай емес. Олардың қимыл-қозғалыстарды суретші көптеген суреттерден құрастырады. Он минуттік фильм 115 мың суретті қажет етеді. Ол суреттерді тек ақ қағазға сала салмай, ол кейін целлулойдқа көшіріліп боялады, мультстанокте кадр-кадр боп, яғни бөлек-бөлек көріністер болып түсіріледі. Бұл өте күрделі де үлкен жұмыс. Және ол бір суретшіге тым қиын. Сондықтанда қазіргі таңда заманауи құрылғылар арқыл анимациялық мультфильмдер түсірілуде. Сол құрылғылар суретшілердің жұмысын бірнеше есе жеңілдетт

                                                                         Жасау тәсіліне қарай

  Жасау тәсіліне қарай мультфильмдер келесі топтарға бөлінеді

  1. Ермексазды қолданып жасалған мультфильмдер

  2. Сурет салынған мультфильм

  3. Компьютерлік графиканы қолданылған мультфильм

  4. Қуыршақ фильм

                                               Ұзындығына қарай

  1. Толық метражды мультфильмдер

  2. Қысқа мультфильмдер

     Мультфильм кейіпкері – мультипликациялық киноның және мультсериалдардың бас немесе екінші дәрежедегі кейіпкері.

Ол адам, өзге планеталықжануарлар, құдайлар немесе қозғалмайтын заттар болуы мүмкін. Кейіпкерлер көбіне фантастикалық оқиғалардың ортасында жүреді. Олар адамның қолынан келмейтін, таңғаларлық нәрселердің бәрін жасай алады. Олардың бірі шынында таңдай қақтырарлықтай қаһарман, ал енді бірі ақылға сыймайтын шектен тыс нәрселерді істеп, көңіліңді көтеріп, күлкіге қарық қылады. Мысалы, Багз БанниТом және ДжерриСуперменӨрмекші адамБэтмен, Робин сияқты кейіпкерлердің қолынан келмейтіні жоқ. Сол сияқты ТарзанРичи Рич, Попай, миф батыры – Геракл тәрізді қаһармандар істі өз пайдасына қалай бұруды біледі және олардың жүрегі таза. Көптеген мультфильмдер қаһармандары арқылы балаларды ерлікке, отансүйгіштік пен адалдыққа тәрбиелейді. Мультфильм қаһармандарының көпшілігі ұлы жазушылардың еңбектерінен алынған. Мысалы, джунгли қаһарманы – Тарзан Эдгар Райз Берроуздың «Тарзан – маймылдардың баласы» романының басты кейіпкері.

Кейіпкерлерді жасау және жою үдерісі «Мінездеме беру» деп аталады. Мультфильм жасау үшін суретшілер мен жазушылар тобы бірлесіп жұмыс істейді. Кейіпкерлерді актерлер дыбыстайды. Дегенмен, кейіпкерлерді компьютерлер дыбыстаған жағдайлар да кездесіп тұрады.

        Қазіргі кезде заман талабына сай бірнеше анимациялық мультфильмдер түсірілуде. Олардың бұрынғы кезінде жасалған мульфильмдермен салыстырар болсақ, арасындағы айырмашылақтар, ерекшеліктер көптеп кездеседі. Себебі бұрынғы кезде суретшілер өздерінің қолдан шығарған ерекше туындылары балалардың ойы жақсы өрбіп, жақсы тәрбие алуына өз септігін тигізеді. Ал заманауи мультфильмдердің жас балалардың жақсы өсіп жетілуіне әсері аз. Психологиялық жағынан қарасақ қазіргі заман мультфильмдері балаларды жауыздыққа, ақылсыздыққа әкеледі. XXI ғасырдың жаңа мультфилмдері "Бэтмен", "Супермен", "Өрмекші адам" қарайтын болсақ қылмыскерлердің адамдарға жасаған жауыздықтарын көре аламыз.

bottom of page