Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы биыл сегізінші рет ұйымдастырылуда.

Ұлттық академиялық кітапханада академик Ғарифолла Есімнің төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің отырысында оқырмандардың    ең көп дауыс жинауына байланысты, 2014 жыл кітабы  болып Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" атты тарихи төл туынды таңдалып алынды.

        І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқырмандарға жеткізуде кітапхана тәжірибесіндегі озық, инновациялық жұмыс түрлерін пайдаланып, бар күш-жігерлерін салуға тырысады. Ол үшін кітап көрмелері, оқырмандар конференциясы, әдеби кештер мен саяхаттар, кітапханалық анонс, әдеби клуб отырыстары, пікірталастар, оқу марафондары мен тарихи сағаттар және т.б. көптеген мазмұнды әрі қызықты шаралар ұйымдастыру жоспарланған.

Осындай мәдени шаралар барысында Ілияс Есенберлиннің шығармалары талданып, талқыланатын болғандықтан барлық оқырмандарды, жалпы қала тұрғындары мен қонақтарын бір кісідей «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапхана-бөлімшелерінде өткізілетін іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз.

Оқу адамзаттың жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететінін және жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды функцияны атқаратынын мойындай отырып, қоғамды дамытудағы басым міндеттердің бірі ретінде оқуды қолдауды қарастыра келе, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясын жыл сайын жүзеге асыруды ұсынады.
Тарихи туынды
Әлеуметтік желілердеміз
  • Facebook Social Icon
  • Odnoklassniki Social Icon
  • Vkontakte Social Icon
  • Google+ Social Icon