top of page
2Vltkza1Xdc.jpg

     « Қаламгер тұлғалар»         

  виртуалды кітап  көрмесі

 Ұлттық академиялық кітапханасы адамның тұлға болуы мен қалыптасуында маңызды функцияны орындайтынын, кітап оқудың адамға көп қырлы және белсенді әсер ететінін ескеріп, қоғам дамуының басымдылықтарының бірі ретінде кітап оқуды қолдауды қарастыра отырып, Қазақстанда жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асыруды ұсынған болатын. Акцияның мақсаты: оқырман мәдениетін қолдау және дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау. Міндеттері: - ұлттық әдебиетке деген оқырмандардың қызығушылықтарын қолдау және дамыту; - кітап оқу проблемаларына ғалымдардың, мамандардың, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің назарын аударту; - әлеуетті оқырмандарды тарту; - баспахана ұйымдарының қазақстандық авторлардың кітаптарын шығаруға қызығушылықтарын арттыру; - әлемдік әдеби үдерісте қазақстандық авторлардың шоғырлануы. Акцияның мазмұны: бүкіл ел болып бір уақытта бір кітапты оқып шығу және талқылау, осы кітапқа арналған түрлі шараларды өткізу. Акцияны өткізу үшін кітапты таңдау азаматтардың қалауларын анықтау жолымен, мекемелерде, ұйымдарда, оқу орындарында сауалнамаларды жүргізу арқылы, телефон арқылы сұрау, ауызша сұрау арқылы жүргізіледі. Акция кезінде іс-шара өткізу формасы әртүрлі болуы мүмкін. Олар: сынып сағаттары, әдеби кештер, талқылаулар, кітап бойынша фильмдерді тамашалау және талқылау, жазушылармен, әртістермен кездесу кештері, телемарафондар, клуб отырыстары, қойылымдар. «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін оқу таңдап алынды. 2018 жылдың соңына қарай 2019 жылы оқылатын «Бір ел – бір кітап» акциясына дауыс беру әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Аталған жобаны қорытындылау мақсатында республикадағы барлық кітапхана басшылары мен қызметкерлері және оқырмандарының қалауымен «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін оқу таңдап алынды. Сондай-ақ, акцияның шешімі республикалық акция комитеті мүшелерінің және өңірлерден келген кітапханалар басшыларының қатысуымен қабылданды.

bottom of page