top of page

Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары– ең жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған жауынгерлер (қ. Кеңес Одағының Батыры). Алғаш қазақстандықтар арасынан Кеңес Одағының Батырыатанғандар С.В. Гуденко, Е.С. Чуйков 1938 жылы Хасан көліндегі, В.К. Булавский, Н.Т. Видяшев, М.С. Зубарев 1939 – 40 жылдары қыста кеңес-фин соғысындағы шайқаста көрсеткен ерліктері үшін алды.

1941 – 45 жылдары Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғыс жылдарында қазақстандықтар ерлікпен шайқасып,

  • Украина үшін шайқаста 200-ге жуық,

  • РКСФР үшін – 70,

  • Белоруссияда – 50-ден астам,

  • Латвияда – 8,

  • Молдовада – 7,

  • Литвада – 6,

  • Эстонияда – 1,

  • Польшада – 47,

  • Венгрияда – 22,

  • Чехословакияда – 7,

  • Румынияда – 5,

  • Австрияда – 3,

  • Югославияда – 2,

  • Германияда – 63

  • және Жапонияға қарсы соғыста (Қиыр шығыста) – 3 жауынгер батыр атанды.

Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 100-ге тарта қазақ (сонымен қоса Кеңес Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып, қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған), 290 орыс, 86 украин, 8 татар, 7 өзбек, 3 мордва, 2 беларусь, бір-бірден тәжік, эстон, корей, лезгин, ұйғыр және еврей халықтарының өкілдері бар. Бұл жоғарғы атақты 4 адам (Т.Бигелдинов, Л.Беда,С.Луганский, И.Павлов) 2 мәрте алды. Қ. К. О. Б.:

Кеңес Одағының Батыры — Кеңес Одағында 1934 – 1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғары атақ. КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 16 сәуірдегі қаулысы бойынша бекітілген. Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен берілді. Кеңес одағының батыры атағы берілгендерге Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы тапсырылды. Кеңес Одағының Батыры атағын 2-ші рет алғандар екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталып, оның туған жеріне қоладан бюст қойылды. Кеңес одағының батыры атағын үш рет алғандарға бюст Мәскеуде қойылды. Кеңес Одағының Батыры атағын ең алғаш алғандар мұзда қалған кемелердегіадамдарды құтқарушы ұшқыштар болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-45) алғашқы күндерден-ақ Қарағанды облысының тұрғындары азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Майдандағы армия қатарына 59935 адам барды. Облыста 72-ші Красноград, 387-ші Перекоп және 310-шы Новгород атқыштар дивизиялары жасақталды. Мәскеу түбіндегі шайқаста — 1267 адам, Ленинград үшін шайқаста — 1949,Сталинград түбінде — 2187, Курск иінінде — 1405, Украинаны азат етуде — 6869, Белоруссияда — 688, Балтық бойында — 823, Шығыс Еуропа халықтарын азат етуде — 934, Берлинді алуда — 375, жапон милитаристеріне қарсы соғыста — 39 қарағандылық, яғни майданға аттанғандардың әрбір төртінші адамы еліне оралмады. Қарағандылықтардың 33-і Кеңестер Одағының Батыры атағын алса, ал жеті адам Данқ орденінің толық иегері болды, олардың ішінде М.Сүлейменов, И.Қарабанов, Н. Покатиловтер 1945 жылы 24 маусымда Мәскеудегі Қызыл аландағы Жеңіс парадына қатысты. Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 6600-ден астам адам Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталды. Бұл жылдарда Қарағанды көмір бассейні қорғаныс өнеркәсібін жоғары сапалы отынмен үздіксіз камтамасыз етіп отырды. Жер астыңда жұмыс істеген лавалардың саны 1941 -45 жылдары 63-тен 158-ге дейін өсті. 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске косылды. Жалпы 39 шахтада 43 мың адам жұмыс істеді, соның 12 мыңы майданға кеткен шахтерлердің әйелдері, ана-қарындастары, қыздары еді. Мысалы, №3-бис шахтасының кеншілері Ж.Мұқанова мен Қ.Құлжановалардың ерен еңбектерін 1941 жылы 1 желтоқсанда Совинформбюро хабарлаған болатын. Соғыс жылдары Қарағанды көмір бассейнінде 34 млн тонна көмір шығарылды, бұл соғысқа дейінгіден 3 млн тонна артық еді. Соғыс жылдарында Қарағанды кеншілері МҚҚ-нің Қызыл туын 6 рет жеңіп алды. Қарағандының колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қолмақты үлес қосты.Осакаров ауданы ауыл шаруашылығындағы жетістіктері үшін МҚҚ-нің Қызыл Туымен марапатталды. Балқаш мыс қорыту зауытының стратегиялық рөлі өте жоғары болды, оның өнімі 203%-га дейін өсті. Өте қысқа мерзімде, 38 күнде Қ.И.Сәтбаевтың ықпалымен іске косылған Жезді руднигі марганецтін алғашқы партиясын Орал зауыттарына жібере бастады. Облысқа 50 мыңнан аса жұмысшылар мен инженер кадрлар кешіп келді, батыс аудандардан көшіріліп әкелінген 54 одақтық және 12 республикалық деңгейдегі кәсіпорындар қатарға қосылып, маңызды қорғаныс өнімдерін шығарды. 1944 ж. 31 желтоқсандаТеміртауда алғаш мартен пеші іске косылып, Қазақстан қара металлургиясының негізі қаланды. Қарағанды темір жолында әскери жағдай енгізіліп, республиканың ең ірі магистральдарының біріне айналды. Қарағандылықтар еліміздің қорғаныс қорын жасау жолындағы бүкілхалықтық қозғалысқа белсене қатысты. Олар 100 млн сомнан астам соғыс заемы облигацияларын сатып алды, «Қарағанды шахтері», «Қарағанды теміржолшысы» танк колонналары, «Қарағанды әйелдері», санитарлық авиация звеносын, «Қазақстан комсомолы» сүңгуір қайығын, «Нүркен Әбдіров» ұшағын жасауға көп қаражат жинады. Қарағанды еңбекшілері фашистер қоршаған блокададағы ленинградтықтарға, азат етілген Украина шаруашылықтарына т.б. зор көмек берді. Соғыс жылдары қарағандылықтар майданға 94 вагон азық-түлік, 37 мың жылы тон, 24 мың пима, 10 мың құлақшын, 22 мың пұттан астам астық, 55 трактор, 40 трактор сокасы, 11 мың ірі кара, 44 мыңдай қой-ешкі, 2 млн сомдай акша т.б. керек-жарақтар жіберді. Азат етілген Донбаска 1943-44 ж.ж. 17 вагон азық-түлік, тау-кен кәсіпорны жабдықтары және 3 млн 307 мың сом акша жинап, жөнелтті. Соғыстың алғашқы жылдарында еңбектегі жетістіктері үшін 31 адам Ленин орденімен, 67 адам Еңбек Қызыл Ту орденімен, 116 адам «Жеңіс белгісімен» марапатталды. Осындай қиын-қыстау күндері Отан қорғау тақырыбы әдебиет пен өнерде жиі байқалды. Соғыс кезінде майдангер ақын Қ.Аманжоловты «Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысы» деп орынды атады. Б.Бұлкышевтің «Комсомольская правда» газетінде жарияланған хаттары барлық қазақстандықтардың рухын көтерді. 1943 ж. Қарағандыда қалалық, қала аралық және облысаралық ақындар айтысы өткізілді. Облысқа соғыс жылдары Киев драма театры, Мәскеу камералық театры көшіріліп әкелінген болатын. Жалпы эвакуациямен 22600 адам келді. Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасында идеялық тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулықсактау қызметкерлері қажырлықпен еңбек етті, жаралы жауынгерлерді емдеу үшін қалада 6 әскери госпиталь ашылды. Соғыс жылдарындағы облыс тарихының ен бір кайғылы беттерінің бірі, бұрынғы Кеңес Одағының барлық аймақтарынан халықтардың облыс аумағына депортациялануы болды. 1941 ж. тамыз айында КСРО ХҚҚ-нің және 26 тамызда БҚ(б)П ОҚ қаулысымен және 28 тамыздағы КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен неміс халқы күштеп қоныс аударуға ұшырады; 1943-44 ж. — қарашайлар, қалмақтар, шешендер, ингуштар, балкарлар, қырым татарлары, гректер, болтарлар, армяндар, түрік-месхетиндер күштеп қоныстандырылды. Әр түрлі мәліметтер бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда арнайы қоныс аударылғандардың саны 900 мыңнан 1 млн 209 мың адамға дейін жеткен. Қазақстанға депортацияланған барлық халықтардың өкілдері Қарағанды облысында болды.

Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)

Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов т. б. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокалам тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.

Дубосекова разъезі түбінде 28 панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: «Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!» — деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер – орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар – 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қазақ тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Аманкелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қалдырды. 316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған құрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді.

Мәскеу шайқасының тарихи маңызы

Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандық генерал-майор И. В. Панфилов пен комиссар А. С. Егоров басқарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П. Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты.

Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа кеңестер Одағының батыры атағы берілді.

М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.

Бородино селосының түбінде Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды.

Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.

Ленинград шайқасының тарихи маңызы

Ленинград қаласын қорғауға қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатысты.

Ленинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одағының батыры атанды.

Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Мысалы, «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан астамы Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г. П. Зубков т. б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.

1941 жылы қыркүйекте қазақстың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.

Сталинград шайқасының тарихи маңызы

1942 жылы Сталинград түбінде қиян-кескі шайқас басталды. Қазақстанның батысы Сталинград облысымен 500 шақырым шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.

1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылы 15 қыркүйекте Гурьев облысында соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді. 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.

Батыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайпақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.

Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты. Батыс Қазақстан жерінде 20-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді.

Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т. б. Сталинградты қорғауға қатысты.

Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Кеңестер Одағының батыры, қарағандылық ұшқыш Нұркен Әбдіров өз ұшағын жаудың әскери базасына құлатып, Гастеллоның ерлігін қайталады.

Сталинград түбінде қазақстандықтар Қ. Сыпатаев пен А. А. Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды. Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. Гитлерлік басқыншылардың Сталинград түбіндегі жеңілуі олардың соғыстағы тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті.

Қазақстан жеріндегі жекеленген халықтардың қоныс аударуы. Қоныс аударған халықтың жағдайы (1941–1945 жж.)

30-жылдары Қазақстанға өзге ұлттарды қоныс аударту кеңінен жүргізілді. Өлке аумағына елдің орталық аймағынан халық көптеп келе бастады. Бұл кезеңнің қоныс аудару саясатын үш бағытқа бөлуге болады: өндірістік, ауыл шаруашылық және күштеп, жазалау тәртібімен қоныс аударту. 1928–32 жылдары РКСФР-дің басқа республикаларынан елімізге 100 мыңға жуық шаруашылық көшіп келді. Ашық және ресми түрде жүргізілген жоспарлық қоныс аударудан басқа 30–40 жылдары әлеуметтік, кейін ұлттық белгі бойынша күштеп қоныс аудару ісі кеңінен жүргізілді. Ұжымдастыру науқаны басталысымен арнайы қоныс аудару бұқаралық сипат алды. 1930 жылы көктемде Қазақстанға 0,5 млн. «арнайы қоныс аударушылар келді».

1937 жылы қазақстанға жапон барлау қызметімен байланысы бар деп айыпталған 95мың 903 адамнан тұратын корей диаспорасы қиыр Шығыстан көшіріліп қоныстандырылды. 1939–1941 жылы Батыс Беларуссия мен Батыс Украинадан, балтық жағалауындағы Кеңестік республикалардан поляктарды қоныс аудару (депортация) жүзеге асырылды. Санақ бойынша депортация алдына 1939 жылы Қазақстанда 54,7мың поляк, 3,6мың латыш, 808 литвалықтар және т. б. тұрған.

1941 жылы 28 тамызда фашистермен байланысы бар деген айыппен 349713 неміс, 1944 жылдың ақпанында ингуштер мен чешендер, наурызда башқұрлар, қарашада түрік месхетиндер Қазақстанға күштеп қоныс аударушылар болды.

 

bottom of page