top of page

     

        Кешегі сұрапыл 1418 күн мен  түнге созылған  соғыс деген сұмның жермен-жексен  болғанына, нұр шуағын сепкен Жеңіс сөзі  әр адамның жүрегіне ұялғанына 70 жыл толып отыр.1941-1945 санау отты жылдар.Отан үшін сынға түскен кез1941 жылы 22 маусымда Кеңес мемлекетінің басты  шекарасында сұрапыл соғыс басталды. Бұл суық хабар Қазақстанның  барлық жеріне жетті. Бұл соғыс тарихына Кеңес  елінің «Ұлы Отан соғысы»  деген атпен енді. Герман фашисттері тарапынан  бұл нағыз әдлетсіз соғыс еді. Олар елімізге басып кірді .Ал, Кеңес тарапынан әділетті, қорғану соғысы болды. Қатысқан әскерлер мен қырылған адамдар саны жағынан шаруашылыққа,адамдарға тигізген зияны  жөнінен тарихта  мұндай соғыс ешқашан болған емес.

    Сұм соғыстың зардабына  талай  адам азап шекті,бірақ олар Отан үшін ,өз жері үшін  соғысты. Балалары мен  немерелерінің  жарқын  болашағы  үшін соғысты . Келешек ұрпақ үшін  қолына  қару алып  жауға қарсы аттанды.

     Кеңес әскері Берлинге  басып кіргенде , гейстрахқа ту тіккен қазақ батыры  Рақымжан Қошқарбаевтың соғыс кезінде көрсеткен ерлігі , халық батыры атанған  айбынды  қолбасшы.

      Бауыржан Момышұлының есімі мәңгілікке халық жадында қалмақ.

      Бұл соғыста мыңдаған  қаза тапқан адамдар мен тіпті із түссіз  жоғалып кеткен  аадамдар да болды. Қалғандары қол аяғынан айырылып қайтты.

      Өкінішке орай, сұрапыл соғысты  басынан өткізген ардагерлер бүгінде  саусақпен  санарлық. Дегенмен, тосы қанды шайқаста болған Бауыржан Момышұлы , Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов,  Талғат Бигелдинов , Мәлік Ғабдулин,  Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова және біздің жерлестеріміз - Ахметбеков Жоңқабай, Жаңабеков Мәдіхан, Аяпбергенов Кәкішбай, Құтжанов Жұматай, Ахметұлы Қами, Беркімбаев Қаппар, Дүйсенбеков Кәмали, Ершұманов Жұмаділ ,Әбдиев Шәкен, Әйменбетұлы Хамит,Әкішев Төкітай, Әлібайұлы Амантай,Әмірбеков Секербай, Жұқанұлы Шәукей, Имағамбетов Әбдіғали, Темірбеков Жамантай, Тұрсынбеков Серік,Шәкенов Сәкібай, Байшағыров Смағұл,Омирбеков Кенжебек ,Куанышбаев Есенгелді,Куанышбаев Султанбай сынды қаһармандарымыздың есімі тарихта алтын әріппен жазылып қалмақ. 

       Жер бетіндегі барша адам баласын қатты алаңдатып ,өткен ғасырдың ең қайғылы оқиғасы ретінде тарихқа кірген Ұлы Отан  соғысының аяқталғанына 70 жыл.

      1945жылы мамырдың тоғызында екінші дүниежүзілік соғыс Кеңес  елінің жеңісімен  аяқталады. Бұл нағыз Ұлы Жеңіс болды.

       Қарулы майдан мен қажырлы елдің  ұлы  мұрат жолыңдағы  қоян қолттық байланысын  білдіретін «Отан үшін», «Бәрі де жеңіс үшін!»- деген айбынды ұрандар аталарымыздың, әжелеріміздің, әкелеріміз бен  апаларымыздың құлағында күні бүгінге дейін жаңғырып тұрғандай.

     Ұлы Отан Соғысы ұлы  жеңісіміз, достықты шыңдаған, бірлікті жырланған ұлы бақыт. Арын алау етіп, жанын жалау етіп жауға  атанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін қорғады, халықымыздың байтақ жерін қорғады,ақ сүт берген анасын,пәк күлкі шашқан баласын қорғады.

       Ұлы Отан  Соғысы адамзаттың  санасында, дүние жүзінің тарихында мәңгі бақи ұмтылмайтын аса зор оқиға. Бұл соғыстың әлем халықтарының тағдыры үшін атқарған рөлі айтқысыз.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғысқа Қазақстандықтарда қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл шайқасқа қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 1.Барлығы — 11600 адам; 2.Қазақстандықтар — 497, оның ішінде қазақтар — 97; 3.Қазақ қыздары — 2. Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 19 жүрген офицер Қасымбек Еділбаевқа ұзатылады. Өз уақытына сай білімі, өз жасына сай ақылы, ой-түйсігі бар жас келіншек жаңа орта – офицерлер өміріне енді-енді көндігіп, үйренісіп келе жатқанда, соғыс басталады. Ерлері жауға аттанған офицер әйелдері үшін тағдыр салған сан қилы шырғалаң жолдар басталады. Олар жер-көкті ажал тіміскілеген жау тылында қалып қояды. Алда – ұшы-қиыры жоқ соғыс жылдары. Осы жан төзгісіз ауыр кезеңнен кім аман шықты, кім қалай шықты?.. Адам психологиясына терең-терең барлау жасалатын бұл романның оқиғасы тығыз, кейіперлері әсерлі, тілі шұрайлы.

 

 

Ұлы Отан соғысына арналған әдебиеттер тізімі

 

                                    Ахтанов Тахауи Қаһарлы күндер. Роман [Мәтін] / Т.Ахтанов.- Алматы: Атамұра, 2003.-384 б. Белгілі                                                 жазушы Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романы Ұлы Отан соғысына арналған. Москва түбіндегі үлкен                                           айқас сахнасы, даңқты генерал Панфиловтың сегізінші гвардия дивизиясының ерлігі, табандылығы осы                                               романда көркем суреттеледі. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

 

 

                                     Қайсенов Қасым Жау тылында [Мәтін] / Қ.Қайсенов.- Алматы: Санат, 2005.-288 б. Халық қаһарманы, Ұлы                                        Отан соғысы партизан отрядының командирі Қасым Қайсеновтың «Жау тылында» (1967) кітабы Ұлы                                              Отан соғысы жеңісінің 60 жылдығына орай қайтадан шығарылып отыр. Онда партизан жазушының                                                 Украина, Молдова, Венгрия жерлерінде жүріп, жау тылында жасаған ерліктері шығарма арқауына                                                    айналған. Оқиғалар шынайы суреттеледі. Оның әр бір жолынан Отанға, елге, туған жерге деген шексіз                                               сүйіспеншілік рухы сезіледі.

 

 

 

                                        Нұршайықов Әзілхан Ақиқат пен аңыз. Роман-диалог [Мәтін] / Ә.Нұршайықов.-Алматы: Атамұра,                                                       2004.-400 б. Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан                                           Нұршайықов - бұрын оқушы қауымға көптеген әңгіме, повесть жинақтарымен,  «Ақиқат пен аңыз» деп                                             аталатын бұл кітап Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан                                                               Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналған. Автор Баукеңнің сонау балауса жастық                                           шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебіндегі шыңдалу кезеңін, Ұлы 13 кездесулер» атты таңдаулы                                        шығармалары топтастырылды. Бұларда майдангер жазушы қарапайым совет адамдарының ерлік істерін                                        нанымды да әсерлі баяндайды.

 

 

                                        Қаһарман қыз Хиуаз. (Әскери ұшқыштың жазбалары, естеліктер, очерктер, мақалалар, сұхбаттар,                                                   өлеңдер).-Алматы: Ана тілі, 2012.- 296 б. + 16 бет қосымша (фотосуреттер). Жастық шағы отты                                                   жылдардың шарпуында өтіп, сұрапыл соғыстың күркіреген күндері мен түндерінде қырандай                                                               қайсарлығымен қаһармандық танытқан Хиуаз Доспанованың ерлігі елге өнеге, ұрпаққа үлгі десе де                                                     болады. Есімі әйгілі қаһарман ұшқыштың мерейлі 90 жылдығына арналған бұл жинаққа Хиуаз Доспанова                                          жайлы деректі дүниелердің бір шоғыры іріктеліп, топтастырылып берілді. Ол жайындағы очерктер,                                               сұхбаттармен қоса әскери ұшқыш, Ұлы Отан соғысының ержүрек жауынгері, қазақтың қаһарман қызы                                             Хиуаз Доспанованың әскери баяндары да ұсынылып отыр.

 

 

                                      Мұратбеков Сайын Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т.1: Повестер.- [Мәтін] / С.Мұратбеков.-                                                     Алматы: Қазығұрт, 2003.- 400 б. Екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына Ұлы Отан соғысы                                           жылдары мен одан кейінгі қиын кезеңдегі қазақ ауылының тыныс-тіршілігі арқау болған туындылары енді.

 

                     

                                           Отан соғысы туралы мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар

  1. Аманжол Қ. Қыран самғауы [Мәтін]: Ұлы Жеңіске - 70 жыл! Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран / Қ. Аманжол // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2014.- №67(28291).- 8 сәуір.- Б.6.     

   

2.  Аупбаев Ж. Ту тіккен [Мәтін]: Ұлы Жеңіске - 70 жыл! Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран / Ж. Аупбаев // Егемен Қазақстан:                  Жалпыұлттық республикалық газет.- 2014.- №78(28302).- 23 сәуір.- Б.6.                   

 

3. Аупбаев Ж. Ту тіккен [Мәтін]: Ұлы Жеңіске - 70 жыл! Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран / Ж. Аупбаев // Егемен Қазақстан:                   Жалпыұлттық республикалық газет.- 2014.- №79(28303).- 24 сәуір.- Б.6.                   

 

4. Аупбаев Ж. Ту тіккен [Мәтін]: Ұлы Жеңіске - 70 жыл! Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран / Ж. Аупбаев // Егемен Қазақстан:            

    Жалпыұлттық республикалық газет.- 2014.- №81(28305).- 26 сәуір.- Б.8.                   

 

5. Аяған Б. Тарихтың ақиқатына жету үшін әділеттілік керек [Мәтін] / Б. Аяған // Қазақ әдебиеті: Қазақстан Республикасы              әдебиет, мәдениет және өнер газеті.- 2014.- №7, 14-20 ақпан.- Б.7.

                  

6. Әлімжан Е. Бауыржан Момышұлы кім? [Мәтін] / Е. Әлімжан // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2014.-     №4.- 9қаңтар.- Б.5.

             

7. Қалдыбай М. Алғашқы адым [Мәтін]: Зерде / М. Қалдыбай // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2014.-           №83(28307).- 30 сәуір.- Б.8.

                            

8. Самрат Ж. Айтылмаған ақиқат [Мәтін]: Ұлы Отан соғысының кейбір құпиялары / Ж. Самрат // Егемен Қазақстан:                         Жалпыұлттық республикалық газет.- 2014.- №19(28243).- 29 қаңтар.- Б.5.

                               

9. Сәдірқызы Г.  Мәншүк Мәметова. Көне дерекке жаңа көзқарас [Мәтін]: Ұлы Жеңіске - 70 жыл. Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран /     Сәдірқызы // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2014.- №70(28294).- 11 сәуір.- Б.5.

 

10. Тасболатов А. Барлаушы [Мәтін]: Зерде / А. Тасболатов // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2014.-             №35(28259).- 20 ақпан.- Б.8.           

11. Клышбаева Н. Отанды сүю - заңымызды құрметтеуден басталады [Мәтін]: Пайым / Н. Клышбаева // Заң газеті: Қоғамдық-           саяси, құқықтық газет.- 2013.- №67.-9мамыр.- Б.6                        

bottom of page