top of page

  Сматаев Софы Қалыбекұлы (24 маусым.1942 ж туған, Қарағанды облысы. Ақадыр ауданында. Киік ст.) - жазушы, драматург. Мәскеудің болат және қорытпалар институтын бітірген (1965 ж). 1960 - 62 ж. Мәскеудегі "Серп и молот" зауытында слесарь, құюшы, Қазакстан ҒА-ның Металлургия және кен байыту институтында инженер, аға инженер, 1967 - 84 ж. "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі,

1984 - 87 ж. Қазакстан Компартиясы ОК-нің жауапты қызметкері болып жұмыс істеген. 1989 жылдан Қазакстан Мемлекеттік кітап палатасының директоры. "Астана оттары" атты тұнғыш өлеңдер жинағы 1968 ж. жарық көрді. 

Кейін «Армысын ана» 1970 ж , «Алау» 1974 ж,  «Қобыланды  батыр » 1981 ж, «Алғашқы асу » 1982 ж, « Қобыланды батыр » орыс тілінде 1983 ,1987,1989 ж,

 Сматаевтың "Тағдырлар" (1976), "Сен кімсің" (1977), "Әз-әзәзіл" (1978), "Жұлдызым менің жоғары" (1985) пьесалары республикалық, облыстық театрларда койылды. "Жұмбақ қыз", "Жаяу Мұса" операларының либереттосын жазды. В.Г. Короленко, В.В. Иванов, В.А. Солоухин, Х.Абдуллин, Ю.Мухлисов, сондай-ак, У.Шекспир, И.Добози шығармаларын қазақ тіліне аударды. ҚР Мәдениет министрлігінің Абылай хан тақырыбына жариялаған конкурсында 1 бәйге алған, «Зарзаман» (1993), «Далам-ай, панам-ай» (1993), «Той үстіндегі топалаң» (1994), «Базарың құтты болып... немесе кек қайтару» (1997), «Базарың құтты болсын... немесе қазақша баю» (1997) пьесалары республикалық, облыстық және таяу шетел (Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан) театрларында қойылды. Кинофильм («Біржанның соңғы жұлдызы») сценарийінің авторы. Аударма саласында да жемісті еңбе етті. Шығармалары қарақалпақ, қырғыз, неміс, орыс, өзбек, словак, швед тілдеріне аударылған. Софы Сматаевтың еңбектерінен үзінділер мектеп оқулықтарына енгізілген. Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты (1992). "Құрмет" орденінің иегері (2000). Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

bottom of page