Кітапханаға оқырмандарды тарту жұмысында кітап көрмесінің маңызы үлкен.
Дәстүрлі кітап көрмелерінің мүмкіндіктері жоғары «Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де Астананың 20 жылдығына орай «Астана алтын тұғыр» және «Астана арман қала» атты дәстүрлі көрмелер қойылды.
Оның мақсаты – кітап қорындағы әдебиеттер арқылы ұлттық мәдениетіміздің тамыры тереңде жатқандығын ұғындыру, қазақтың тұлғалы өнер шеберлерінің әлемдік өркениетте алатын орныны ерекше.
Егемендік алып, бүкіл әлем мойындаған мемлекетке айналған ел екенін насихаттау. Оқырмандар назарына кітапханадағы Астана туралы кітаптар менмерзімді басылымдарға шыққан астана жайлы мақалалар мен өлеңдер ұсынылды.
Ақорда
Президент резиденциясы, Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің солтүстік жағалауында орналасқан. Ғимараттың жалпы көлемі 36720 м2. Қазақстан Республикасы Президенті. Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. 24 желтоқсанда ҚР Президентінің жаңа Сарайының тұсаукесері ресми түрде өтті. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегенде ғимараттың ұшар басына дейінгі биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20 - 40 см болатын италиялық мәрмәрден жасалған. Ғимарат жер бетіндегі 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м, қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан. 1-қабатта жалпы ауданы 1800 м2-ты құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты холл орналасқан. 2-қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. 3-қабатта киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; екі жақты кездесулерге арналған “Алтын зал”; камин залы; қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. 4-қабатта қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; Саммиттің Үлкен залы; кітапхана; кіші Шығыс залы орналасқан. Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген. Президент резиденциясының бас кіре берісіндегі салтанатты холл - бас вестибюль, Алтын зал, Сенім грамоталары залы, ресми делегацияларды қабылдайтын Күміс залы, Президентік мәжіліс залы, Камин залы мен қосалқы орынжайдан тұрады. Президент сарайы және оның қос қапталындағы гүлзарлар мен хауыздары бар кең аллеялармен үйлесім тапқан.
Пайдаланылған сайт сілтемесі:
Әдебиеттерде:
Астана. [Мәтін]: энциклопедиясы. Алматы.-Атамұра, 2008.-576 б.
Бейбітшілік пен келісім сарайы-архитектуралық құрылыс кешені,сәулет өнерінің бірегей туындысы.Пирамида іспетті етіп тұрғызылған.Халық арасында бұл ғимаратты осылай атап кеткен. Пирамиданың биіктігі 25 қабаттық ғимарат деңгейлес. Пирамиданың табан қабырғасының ұзындығы 62 метр. Пирамидаға кіретін есік жердің астында орналасқан. Сарайда 32 діни конфессияның өкілдеріне арналған мінажат ету орындары мен арнаулы кеңселер бар. Сонымен бірге пирамиданың жоғарғы қабатында дәстүрлі және әлемдік дін жетекшілерінің сьезін ұйымдастыруға арналған 200 орынды мәжіліс залы орналасқан. Сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Ғимарат ағылшын архитекторы Н. Фостердің жобасы мен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған. Қазақстан халықтар ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, 1500 көрерменге арналған опера залы, көрме залдары, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрлысы құбылмалы.
Пайдаланылған сайт сілемесі:
https://yandex.kz/search/?from=chromesearch&clid=2282476&text=%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D0%B1%D1%96%D1%82%D1%88%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA%20%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D1%96%D1%81%D1%96%D0%BC%20%D1%81%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B9%D1%8B&lr=164
Әдебиеттерде:
Астана. [Мәтін]: энциклопедиясы. Алматы.-Атамұра, 2008.-576 б.
Хан Шатыр
Хан Шатыр - әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, Хан Шатыр СОСО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады. Лорд Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады. Тұғырлы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаңқасы фторполимермен қапталған ұсақ тордан тұратын алып шатырдан тұрады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 2300 тонна, шатырдың биіктігі – 150 метр. “Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.
Пайдаланылған сілтеме сайты:
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%B0%D0%BD_%D0%A8%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80
Әдебиеттерде:
Астана. [Мәтін]: энциклопедиясы. Алматы.-Атамұра, 2008.-576 б.
Сфера «Нұр Әлем»
«EXPO-2017» - көрмесінің архитектуралық символы саналатын Көрме кешенінің орталық элементі. Әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат. – «Нұр Әлем». Бұл әлемдегі ең үлкен сфералық ғимараттың Диаметрі – 80 метр, биіктігі -100 метр. Ғимараттың бірінші қабатында Қазақстан павильоны орналасқан. Мұнда келушілер елдің тарихы, мәдениеті, дәстүрі, көрікті жерлері сондай-ақ Қазақстанның соңғы жетістіктерімен таныса алады. Сфераның ішінде Болашақ музейі орналасқан. Бұл жай ғана музей емес, «Нұр Әлем» «Көрмеден кейін инновациялық хаб және маңызды зерттеу әрі мәдени орталыққа айналуы тиіс. Болашақ музейінің 2-8 қабаттарында цифрлық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар орын тепкен. Мұнда энергияның негізгі түрлері- ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика ұсынылған.
Мерзімді басылым бетінде:
Астана айшықтары [Мәтін] . // Орталық Қазақстан .-Қарағанды , 2018.- 5 шілде (№73) .-10 б.
Бәйтерек
«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан әйнек пен бетоннан жасалған. Бәйтеректің биіктігі 105 метр салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние төбесіндегі алтын күн 97 метр Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метірлік және 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне түсін өзгертетін «хамелон» әйнегінен жасалған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады. «Бәйтерек» «Астана-Бәйтерек»-Астанадағы архитектуралық құрлыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Оның негізі идеясы Елбасы Н. Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады. Жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түрінде композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Алтын шардың үстінгі ауданы 1553 метр. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті - «ескі» - және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. «Бәйтерек» - қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті.
Пайдаланылған сілтеме сайты:
Әдебиеттерде:
Астана. [Мәтін]: энциклопедиясы. Алматы.-Атамұра, 2008.-576 б.