top of page

Астана – Азияның ару қызы 
Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай, 
Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай. 
Астана – Азияның жас қаласы, 
Ажарын көрген адам қызығардай. 
 
«Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа, 
Астана қарқын алды өсер дара. 
Есілдің жағалауын жарқыратқан, 
Аққудың ұясындай әсем қала. 
 
Аңсатқан шырын, шарбат бал-уызы, 
Тамсантқан таңғажайып дәру жүзі. 
Бой жазған Сарыарқаның самалында, 
Астана – Азияның ару қызы. 
 
Құлшынған күншығыста жас қалаға, 
Батасын берді Алатау бастап алға. 
Ақжарқын Азияға нұрын шашқан, 
Тілейміз құт, береке Астанаға. 
                           

                              Кәкімбек Салықов 

                   

Еуразия жүрегінде

Ғажайып түс секілді,

Алдынан құшақ жайған.

Астана гүл секілді,

Көктемде қауыз жарған

Сұңғыла Сарыарқада

Қосылған тілегіме,

Астана - мәңгі қала,

Еуразия жүрегінде.

Жақын кеп Еуропаға,

Қазығын қаққан дара.

Көсіліп кең жаһанға,

Көз тігіп жатқан қала.

Ұлы іске болдым қайран,

 

Ақ ордам - арқа тұтқан.

Қорықпай қала салған ,

Жан ғана жүрек жұтқан.

Ұмытпас есіміңді,

Ғасырлар алмастырған.

 

Мөп- мөлдір Есілімді,

Арманмен жалғастырған.

Сұңғыла Сарыарқада,

Айналаған тірегіме.

Қауызын жайған қала

Еуразия жүрегінде 

                   Марфуға Бектемірова

                      АСТАНАҒА

Уа, ардақтым, асқак тұлғам Астанам,

болмасан да мен тұратын баспанам.

Күмбірлейді мына менің кеудемде,

Өзің жайлы маза бермей асқақ ән.

Сарыарқаның кіндігінен нәр алған,

Еркін жайлап Есіл қонған Елордам,

Ауыл жақта етем ылғи сені арман,

Құшақ жая күтпесенде мені алдан.

Сені көріп жердің ғажап жұмағы.

Көңіліме ғазал жырлар тұнады.

Көзім кетіп, қалқиады құлағым,

Қалқа ағамның естілгенде жыр әні.

Кәрі ағаштай тамыр жайған тереңге.

Бәйтерегін айналар сан өлеңге.

Қара халық жапырағын қурамай

Құшақ жайып тұрсын бар ел, әлемге.

Ханшатырын ел- жұртыма хан сарай

Көрген адам өтер қалай аңсамай.

Көркін бүгін көз тартады күндіктен

Жібек киген жиырмадағы ханшадай.

Ыдырамай ынтымақ пен той көптен.

Таңдай қақсын тату ел деп ой неткен.

Ынтық қылып тұр өзіңе сәнімен

Ару болып, жиырмадағы бойжеткен.

Барам саған, қай уақытта нақтылы.

Қай туыстың білмеймін күтер, нақ кімі?

Алдымнан шық асқақтатып рухымды.

Абылайдың арман еткен ақ туы.

Қазақстан арайланған құба таң.

Ал, Елордам ел жүрегі бір отан.

Жырымды оқып барармын бір көктемде.

Аман болсын гүл Астана, Нұр атам!

                                             

Берікбол Дәулетұлы

IMG_7404[1].JPG

Астана Астанам!

Ару қалам, асқақ ордам,

Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.

Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым, Бермеген ел намысын жатқа қолдан.   Бозоғым, бозбеткейлім, баққа оранған, Тарихтың қойнауынан тапқан олжам. Баянды бақытымның бастауындай, Айналдың Астанаға аппақ арман…  

Жар болып Жаббар Ие жалғыз ғана, Ғасырға аяқ бастық ал біз жаңа.

Сұрланып сырт айналған суық көздер Қарайды әлі саған сәл қызғана.  

Көш келді Қараөткелге өр тұлғалы, Кеңесін ерлерімнің ел тыңдады.

Тұлғасы бой көтерді Хан Кененің Жарасып жарқ-жұрқ еткен ер-тұрманы.   Ертеңің ұлтын сүйген ұлыңа сын,

Қашан да еркіндіктің құны басым.

Керіліп кербез далам көсіледі,

Сезініп бостандықтың шұғыласын!  

Сан ғасыр армандаған Алаш бабам, Жалғанды жалт қаратты жаңа Астанам. Бірлікті байрақ етіп болашаққа,

Барайын, уа, Жаратқан, жол аш маған!

 

                                             Қалқаман Сарин 

 

Кеткенін талай басқаға кегім,

Тастарға жазып тастаған едім.

Жарқырап нұрың тұрсың ба жайнап, Бекзада, дегдар – Астанам менің!

Кіндігін тауып Ұлы Даланың,

Алдымнан шықты күліп арманым. Нұрсұлтан салған нұрлы қаланың, Көшесіндегі гүлі боламын.

Шашыңдар шашу, қырмызы кілең, Тойлаңдар мәңгі ұл-қызым, ерен.

Түн менен таңның арасындағы,

Сәріде туған жұлдызым сен ең.

Байлық пен құтқа тегенең толып,

Төртеуің түгел – төбеден қонып.

Айнала ұшқан алты қаз құсап,

Алты Алаш елім егемен болып…

Тарқады шерім, көне сарыным,

Саябыр таппай неге арыным.

Құны кетсе де нұры шалқыды-ау,

Қан құсып өткен Кенесарының.

Алыста қалған сағымдай бір күн,

Көңілін баурап лағылдай ырым.

Ақорда тұрған бүгінгі жерге,

Ақ шатыр тіккен Абылай бұрын.

Арқаның мынау төсін жайлаған,

Бабаң да талай шешім байлаған.

Қала салсам деп Қасым қалаған – Есілдің бойын… Есім ойлаған…

Мақсатқа жеттік мәні кетпеген,

Жүректі жарып дәні көктеген.

Аманат болған Астанам менің,

Керей хан менен Жәнібектерден.

Кіндігін тауып Ұлы Даланың,

Алдымнан шықты-ау, күліп арманым. Нұрсұлтан салған нұрлы қаланың, Көшесіндегі гүлі боламын.

Аспаған елім, таспаған елім,

Тарихын қайта бастаған дедім.

Жұмыр Жер, кенет, жүзік боп кетсе, Гауһардай жанған – Астанам менің!

 

                        Маралтай Райымбекұлы 

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/poeziya/30050/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Астана аруы

                Әні мен сөзі

                Зәрубай                                                Сүйіндікұлыныкі

Қыр гүліндей қырмызы,

Жүрегті оттай жандырдың.

Астананың нұр қызы,

Қайда жүрсің жан құрбым!

Кең даламның елігі,

Жаралдың ба сағымнан.

Ұмытпағың сен мені,

Бақытымдай табынаған.

Қайырмасы:

Таң нұрынан  жаралғандай,

Мөлдіреген жанар қандай.

Астананың арулары-ай,

Арулары жас қаланың.

Өзіңсің ғой асқақ әнім,

Қайда жүрсем естен кетпес.

Асау есіл жағалауы.

Өзіңсің ғой көктем-елес,

От сезімім алаулады.

 

Жас қалаға жарасқан,

Қолаң шашты аруым.

Ай-жүзімен таласқан,

Сендей жанға зарумін.

Махаббатты ән қылып,

Ақ толқынға ілесіп.

Жүрейікші мәңгілік,

Жүректерден жыр есіп.

bottom of page