top of page

                                                      Әлихан Бөкейхановтың қанатты сөздері

      Біз шығыстың сәлемдемесімен, сарттың  ала шапанымен, молданың мәсісімен өркениеттің табалдырығын аттай аламыз. Дін ісі мемлекеттен бөлінген, ұлттық демакратиялық қоғамды құруға ұмытылумыз керек.

     Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазақа қызмет қылмай қоймаймын

Ұлтынна, жұртына қызмет қылу білімнен емес мінезден.

     Кітап жазып, газет-журналға мақала шығарып, Алашқа қызмет қылмасақ , басқа жол бөгеулі.

Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса-сөз кестелі болады.

     Өз күшіне сенбеген адам да, халықта ешқашан  өмір бәйгесін ала алмайды.

Ғұмыр бәйгесінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар. 

     Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.

                                                   Ахмет Байтұрсыновтың қанатты сөздері 

      Ұлттың сақталуына да, жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл, сөзі жоғалған жұрттың 

өзі де жоғалады.

     Біздің заманымыз өткен заманның баласы , келер замананың атасы.

Тіл  дәлділігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады.

     Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы - тарих . Сөз жазатың адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

Қазақ жерін тұттқасының екі ұшы екі қолда: бір ұшы екі қолда : бір ұшы қазақта, екіншісі орыста.

                                               Тұрар Рысқұловтың қанатты сөздері.

     Түркістан түркілердің мекені.

     Түркі тілдес түгел бол!

      Материалдың негізі болмай ,тіл дамымайды. Барлық оқу орындарда ана тілінде білім беру керек.

      Түркістанда Башқұрстан мен Қазақстанда Қазан төңкерісі болған жоқ .Орыс жұмысшылары биліктті тарттып алды да, жеке дара билеп - төстей бастады, бүгінгі күні бұрынғы губернаатордың орнында орыс жұмысшысы отыр, өзгерген еш нәрсе жоқ. 

Төзімділік , көнбістік - қазақтың бірдей негізгі міңез.

     

bottom of page