Алаш Орда мүшелерінің
1. Уәлитхан Танашев 1887—1968 Бөкей Ордасынанзаңгер Атырау
2. Халел Досмұхамедов1883—1939Орал облысыәскери дәрігерОрал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы,
(қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы)
3. Айдархан Тұрлыбаев1877—?Ақмола облысызаңгерАқмола облысы Көкшетау уезі Мезгіл болысы
4. Ахмет Бірімжанов1871—1927Торғай облысызаңгерТорғай уезінің Тосын болысы
5. Халел Ғаббасов1888—?Семей облысыфизик-математикСемей қаласы
6. Садық Аманжолов1889—1941Жетісу облысызаңгерАлматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық ауылы
7. Мұстафа Шоқай1890—1941Сырдария облысызаңгерСырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы
Облыстардан тысқары
8. Әлихан Бөкейханов1866—1937Арқаэкономист, Алаш орда үкіметінің төрағасыҚарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі
9. Жанша Досмұхамедов1887—?Орал облысызаңгерОрал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысы
10. Әлімхан Ермеков1891—1970ҚарқаралыматематикБөріктас, Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы
11. Мұхаметжан Тынышбаев1879—1937Жетісу облысыинженерЖетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысы
12. Бақтыкерей Құлманов1859—1919Бөкей ОрдасышығыстанушыАстрахань губерниясы Никольск ауылы
(қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы)
13. Жақып Ақбаев1876—1931АрқаданзаңгерСемей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы
14.Базарбай Мәметов1888—1946Жетісу облысызаңгерЖетісу облысы, Лепсі уезі, Балқаш-Лепсі болысы
15.Отыншы Әлжанов1873—1918Шығыс Қазақстанағартушы-мұғалімСемей облысы, Зайсан уезі, Нарын болысы
Мүшелікке кандидаттар
-
Иса Қашқынбаев (1891—1948) — Текеден, дәрігер;
-
Нүсіпбек Жақыпбаев (1890—1932) — Жетісу облысынан, дәрігер;
-
Ережеп Итбаев (1873—?, 1930 жж. ұсталынған) — Шығыс Қазақстаннан, заңгер;
-
Сатылған Сабатаев (1874—1921) — Жетісу облысынан, Қаскелеңнен;
-
Есенғали Қасаболатов (1889—1938) — Текеден, дәрігер;
-
Батырқайыр Ниязов (1872—1924) — Бөкей Ордасынан, заңгер;
-
Мұқыш Боштаев (1888—1921) — Баянауылдан, заңгер;
-
Сейілбек Жанайдаров (1884—1929) — Атбасардан, заңгер;
-
Сәлімгерей Нұралыханов (1878—?) — Бөкей Ордасынан, заңгер;
-
Өмір Алмасов (? —1922) — Торғайдан, халық мұғалімі;
-
Сейдәзім Қадырбаев (1885—1938) — Торғайдан, заңгер;
-
Аспандияр Кенжин (1887—1938) — Гурьевтен, халық мұғалімі;
-
Молданияз Бекімов (1882—?, 1930 жж. соң белгісіз) — Текеден, әскери қызметкер;
-
Есен Тұрмағамбетов (? — ?) — Торғайдан;
-
Сатылған Сабатаев (құжаттарда — Жанеке, Жапеке) (1878—1938) — Жетісу облысынан, қырғыз, мал дәрігері.
Алаш орданың оқу комиссиясының мүшелері
-
Ахмет Байтұрсынұлы (1872—1937) — Торғайдан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1895);
-
Мағжан Жұмабаев (1893—1938) — Қызылжардан, Омбы оқытушылар семинариясын бітірген (1917);
-
Елдес Омаров (1892—1937) — Қостанайдан, Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген (1911);
-
Биахмет Сәрсенов (1885—1921) — Шығыс Қазақстаннан, Семей мұғалімдер семинариясын бітірген (1939);
-
Телжан Шонанов (1894—1938) — Ырғыздан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1916).