top of page

Алаш Орда үкіметі

     1905 жылғы революциядан кейін қазақ зиялыларының белсенді қайраткерлері қазақ халқының саяси санасын қалыптастыру жөнінде жүргізген жұмысы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдық жағынан рәсімдеу идеясына әкелді.

Алашорда кездейсоқ, әлдекімдерге еліктеуден емес, заңды түрде пайда болған. Алашорданың ұйымдық жағынан ресімделуі алдында газеттер, журналдар, кітаптар арқылы интенсивті түрде, жемісті идеологиялық жұмыс, ауызша үгіт жұмысы жүргізілді. Болашақ Алашорданың қайраткерлері идеялық жұмысты Ресейдегі жалпы азаттық қозғалысынан оқшау жүргізген жоқ. Қазақ азаттық қозғалысының қайраткерлері негізгі саяси партиялардың бағдарламаларын жақсы білетін және ұлттық езгіден азаттық алуға бағытталған идеяларының ұнағандарынан бағдар алды. Кейін бұл Алашорданың бағдарламасынан көрініс тапты. Алашорда идеологиясында әуел бастан-ақ сепаратистік сарын болған жоқ, қайта ол басқа халықтармен бірге біртұтас Ресей мемлекеті шеңберінде саяси, экономикалық басқаруға бағытталды. Бұл идея Алашорда бағдарламасында баянды етіліп кана қойған жок, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қызметінде ұйымдык жағынан жүзеге асырылды.

Алашорда қайраткерлері сепаратистер болған жоқ. Олар реалистік тұрғыдан ойлайтын, сол бір жағдайдағы Ресейдің қазақ халқы үшін рөлі мен маңызын түсінетін адамдар еді. Ресеймен бірлік бағытын Алашорда қайраткерлері берік те дәйекті жүргізді. Бұл жөнінен 1919 жылдың ақпанында Омбыда өткізілген қазақ халқын ведомствоаралық жайғастыру жөніндегі кеңесте Ә. Бөкейхановтың айтқан пікірі мейлінше есте қаларлық. «После указа 22/4 октября 1918 г. мы сидели без дела, не зная, что будет дальше. Теперь вы призвали нас, и мы пришли сюда, как братья. Киргизский народ не питает сепаратистских замыслов, он не желает отделения от России. Мы — западники. В своем стремлении приобщить народ к культуре мы не смотрим на восток, в Монголию, мы знаем, что там культуры нет. Наши взоры устремлены на запад. Получить культуру мы можем оттуда, через Россию, при посредстве русских. Мы пришли сюда с единственным желанием устроить порядок, необходимый для того, чтобы страна могла дойти до учредительного или национального собрания».

    Алашорда большевиктік идеологияға негізделген жоқ, оның алғашқы кезде Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны табиғи нәрсе болатын. Егер Алашорда қайраткерлері Кеңес өкіметіне қарсы шыкса, бұл ешбір жағдайда да олар революцияның жаулары болды деген сөз емес.

     Бұл олардың өз партиясының, өз пікірі бойынша, өз халқының игілігіне бағытталған бағдарламасына адал берілгендігін білдіреді. Партия мен әлеуметтік топтарға бөлмей, өз халқының мүдделерін қорғады. Сондықтан олар өз халқына жау бола алмайтын еді, ал оларды большевиктер солай етіп көрсетуге тырысты. Мұның өзі кейіннен Кеңес өкіметінің бұрынғы Алашорда қайраткерлерін жазалауының басты себептерінің бірі болды.

Енді бүкілқазақ съезін дайындауды дәлелдейтін алғашқы құжаттарға кайтып орала отырып, патша әкімшілігінің оны өткізуге әдейі жол бермегенін атап өткен жөн. Съезде бейбіт мәселелер: жер туралы, халык соты туралы, Мемлекеттік Думадағы өкілдік туралы мәселелер қаралатын болып белгіленген тәрізді еді. Бірақ патша үкіметі үшін бұл мәселелердің ерекше зор, тіпті тағдырлы маңызы болды. Патша үкіметі қазақ халқынын жерін тартып алу жөнінде белсенді жұмыс жүргізіп жоспарлы негізге қойылды. Онымен Қоныстандыру басқармасы айналысты. Крепостниктік тәртіпті жою Ресейдің орталығындағы аграрлық мәселені шешпеді. Патшалық режим оны шаруаларды Ресейден шығыстағы шет аймақтарға, негізінен Қазақстанға коныстандыру жолымен шешуге тырысты. Патша үкіметі қазақ халқы алып отырған жер көлемін анықтау мақсатымен, 1886 жылы Дала өлкесіне (Ақмола және Семей облыстарына) Ф. Щербинаның басшылығымен экспедиция ұйымдастырды. Ф. Щербинаның экспедициясы аныктаған қазақ шаруаларының жер пайдалану нормалары үлкен болды және мал шаруашылығын сақтау қажеттігін негізге алды. Ф. Щербина малшы қазақ малсыз қалса, қайыршылыққа түседі деп жазды. Сондықтан оның патша үкіметі қазақтар шаруашылығынын ерекшеліктерін және табиғи-тарихи жағдайларды ескере отырып, соларды жайғастырумен айналысуға тиіс деп ойлауы аңғалдық болатын(65). Алайда патша үкіметі қазақ даласын отарлауды күшейтуге мүмкіндік берген материалдар алды. Мұндай саясатты орыс зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері әшкереледі. Л. К. Чермак «Қырғыздарға төрешілдік жаңа тәжірибе» деген мақаласында патша өкіметінің жер саясаты саласындағы шын мақсатын көрсетті. Л. К. Чермак қоныстандыру басқармасы қазақтарға арналған жер нормасын қысқартып, жаксы жерлерді және көп мөлшерде қоныстанушыларға беретін болады деп жазды. «Это понятно и вполне последовательно, — деп жазды К. Л. Чермак. — В настояшую минуту переселение одно из самых крупных козырей в руках правительства при разыгрывании аграрного вопроса, и ему нужно во что бы то ни стало увеличить значение этого козыря, а потому, господа чиновники поменьше церемоний, теоретических соображений и т.п.»(66). Л. К. Чермак былай деп жазды: «значит сознательно разрушить хозяйство киргиз, значит обречь их на голодное прозябание, либо на отказ от привычного занятия»(67).

Демек, патшалық отаршылдық саясатты қазақтың қоғамдык қайраткерлері ғана емес, орыстың алдыңғы қатарлы адамдары да көріп-біліп, әшкерелеген. Жер мәселесі қойылған бүкілқазақ съезін шакыру туралы мәселе көтерілген кезде патша өкіметі отарлау практикасын барынша өрістетті, ең құнарлы жерлерді таңдап алып, оларға қоныстанушьшарды жайғастырды. Сондықтан патша әкімшілігінін мұндай жалпыұлттык шараны өткізуге жол бере алмағаны табиғи нәрсе болатын.

Мемлекеттік Думаға келетін болсақ, ол, әрине, бет перде ғана болатын және онда езілген халықтардың өкілдеріне, оның үстіне алдыңғы катарлы өкілдеріне орын жоқ еді. Патша самодержавиесі Ресейде революциялық козғалыстың ерлеуіне байланысты Мемлекеттік Думаға езілген халықтардың өкілдерін жіберуге мәжбүр болды. I және II Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының көрнекті қайраткерлері болып, олар қазақ халқының проблемаларын өткір койып отырды. Алайда мұндай «демократия ойыны» патша өкіметінің өзінің тіршілік етуі үшін қауіпті бола бастады. Сондыктан 1907 жылғы 3 маусымда демократия «жеңістерін» шын мәнінде жоққа шығарған заң қабылданды. Бұл занның әлеуметтік мәні туралы М. Дулатов «Үшінші июнь законы һәм қазақ» деген мақаласында тамаша жазған(68). Біздің тақырыбымызға тікелей қатынасы болғандықтан, оның негізгі идеяларын қарастырып өтейік. Оның пікірінше, 3 маусымдағы зан қазақтарды саяси даму мүмкіндіктерінен айырды. Мемлекеттік Думада қазақ халқына қатысты проблемаларды көтеретін адамдар болмағандықтан, қазақ халқы одан әрі қапаста қалуда. Қазақтар Мемлекеттік Дума дегенді ұмыта бастады, өйткені бастапқыда берілген бостандықты пайдаланып та үлгірмеді. Басқа халықтардың азын-аулақ болса да өз өкілдері бар, олардың өзі де Думаның пайдасыздығына көз жеткізгенімен, оның мінберін: мындаған дәлелдерді пайдаланып, өз халықтарының тілегін үкіметке және үкімет шараларын адамдарға жеткізуге тырысты. Түрік партиясынан сайланған депутаттар 1914 жылғы 2 акпанда Мемлекеттік Думаға маусым заңын өзгерту және Мемлекеттік Думаға Түркістан мен қазақ облыстарынан сайланатын депутаттарды жіберу туралы жоба енгізді. «Өкімет орындары қазақтарды сауатсыз деп санағанымен, — деп жазады М. Дулатов, — осының алдындағы екі Думадағы қазақ өкілдері қазақтар өмірін жақсы білетін білімді, шешен адамдар болды». Енді Мемлекеттік Думада жер, дін, земство, өкімет, білім беру мәселелері мен басқа да күрделі проблемалар қаралуға тиіс. Егер қазақ депутаттары болмаса, қазақтарды жеп көретін пуришкевичтер не айтпақ. М. Дулатов сан миллион қазақ халқының үнін өкімет орындары естиді деген үміт білдірді, өйткені Думадағы көпшілік түбегейлі өзгерістер жасалуын каламайды. «Үшінші маусым заңының күшін жою, — деп жазды М. Дулатов, — өз пұрсаттылыктарын жоюға әкеп соғады. Сондықтан Мемлекеттік Думаға қазақ халқының өкілдерін жіберу туралы жоғарыда аталған жоба талқыланған кезде бұл тілек құр үміт болып қалуы мүмкін». М. Дулатов 3 маусым заңы қазақтарды ғана емес, қазақ облыстарында тұратын баска ұлыстарды да саяси құқықтарынан айырғанын арнайы атап өтеді. Біз бұл жағдайға ерекше назар аударамыз, өйткені ол Алаш қайраткерлерінің барлык уақытта тек қазақ халқы туралы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанды мекендейтін баска да ұлт адамдары жайында ойланғанын дәлелдейді. М. Дулатовтың айтқаны дұрыс болып шықты. Патша өкіметі Ж. Ақбаев сияқты жоғары білімді, бірақ өте кауіпті адамдарды Мемлекеттік Думаға жіберуден қорықты.

Ж. Ақбаевты сайлаушылар II Мемлекеттік Думаның депутаттығына кандидат етіп ұсынды. Алайда Сенат оның кандидатурасын қабылдамай тастады. Бас тартудың (ресми) дәлелін ерсі деудің өзі де аз. Мұны біз Ә. Бөкейхановтың «Қазақ» газетіндегі хабарынан біле аламыз(69). II Мемлекеттік Думаға Семей облысынан Кәкітай Ыскаков (Абайдың немере інісі) сайламшы болды. Ә. Бекейханов бес кандидат: Шәкерімді, Кәкітайды, Темірғалиды, Хасенді, Омарбекті ұсынған. Алайда Сенат Омарбекті «далада мал шаруашылығымен айналысатындарды ғана ұсыну керек» деген сылтаумен кабылдамай тастады. «Жақып та (Ақбаев) Дума сайлауына осы жолы әлгі ретпен кіре алмай қалды. Жакып университет бітірген, қазақ емес екен. 1908-ші жылы Жақыпты қазақ қылып жер аударды». «Закон түйе, бұйдалап жетелеймін» деген осы болар. Ж. Акбаевты Сенат оның «қазақ болмағандығынан» емес, университет бітіргендігі себепті қолдаған жоқ. Ал 1908 жылы оны әкімшілік жолымен жер аударған кезде, ол нақ қазақ қайраткері болғандығынан жер аударылған еді. Әлбетте, Ж. Ақбаев сияқты қайраткерлердің Мемлекеттік Думада болуы патша өкіметін қанағаттандырмады. Егер бүкілқазақ съезі өтсе, Мемлекеттік Думаға Ж. Ақбаев сияқты адамдар ұсынылар еді. Отаршылдық әкімшілік мұны мүлде қаламады.

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақ даласында съезд шақыру туралы мәселе қайтадан көтеріледі. Әуелі облыстық съездер (Торғай, Орал), сонан соң 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда Бүкілқазақтық съезд өтеді Бұл съезде он беске жуық ұйымдық мәселе каралды.

Ресей құрылтай жиналысына әр облыстан сайланатын депутаттар мен оларға кандидаттарды съезд белгіледі. Семей облысынан ұсынылғандар арасында Григорий Николаевич Потанин, Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев және баскалар болды. Бұл тізімде көзге түсетін біріншісі — орыстың аса көрнекті зерттеушісі, демократ, қазақ халқының досы Г. Н. Потаниннің есімі. Біз-Ж. Акбаевтың өзін орыстарға карсы насихат жүргізіп, әрекет жасады деген айыптауды теріске шығарған сөздерін бұдан бұрын келтіргенбіз. Қарастырылып отырған кезендегі қазақтың алдынғы қатарлы қайраткерлері интернационалистер болған еді, олар орыстарға қарсы шықпағаны былай тұрсын, қайта, керісінше, олармен мейлінше тығыз қатынас жасады. Ал ең бастысы — Қазақстан Ресей демократиялық мемлекетінің құрамдас бөлігі болады деп санады. Алаш қозғалысының барлық бағдарламалық құжаттарында әуел бастан-ақ орыстарға қандай да бір тиісу болған жоқ. Оларда патша самодержавиесі шараларының сынға алынуы — басқа мәселе. Құжаттарда патша өкіметі, патша әкімшілігі мен шенеуніктері қатардағы орыстармен бірдей қарастырылған емес.

Бұл съезге әр облыстан лайықтанған кандидаттар тізімі «Қазақ» газетінде жарияланды. Олар мыналар:

Ақмола облысынан:

1) Айдархан Тұрлыбаев; 2) Асылбек Сейітов; 3) Ережеп Айтбаев; 4) Сейілбек Жанайдаров; 5) Жұмағали Тілеулин; 6) Рақымжан Дүйсенбаев; 7) Мағжан Жұмабаев; 8) Сұлтан-Махмұд Абылаев; 9) Садық Мешелбаев; 10) Салмақбай Күсемісов; 11) Хайыралдин Болғанбаев; 12) Сәдуакас Сейфуллин.

Семей облысынан:

1) Григорий Николаевич Потанин; 2) Әлихан Бөкейханов; 3) Әлімхан Ермеков; 4) Халел Ғаббасов; 5) Мұкыш Поштаев; 6) Якүб Акбаев; 7) Биахмет Сәрсенов; 8) Ахметжан Козыбағаров.

Торғай облысынан:

1) Ахмет Байтұрсынов; 2) Міржақып Дулатов; 3) Ахмет Бірімжанов; 4) Есенғали Тұрмағамбетов; 5) Әлжан Оразов; 6) Тел Жаманмұрынов; 7) Сейітәзім Кәдірбаев.

Орал облысынан:

1) Халел Досмұхамедов; 2) Жаһанша Досмұхамедов; 3) Нұрғали Бимағамбетов; 4) Сәлімгерей Қаратілеуов; 5) Ғабдолла Әлімбеков; 6) Ғабидолла Бердібаев; 7) Ғүмар Есенғүлов.

Жетісу облысынан:

1) Мұхамеджан Тынышбаев; 2) Ибраһим Жайнақов; 3) Ғабулкәрім Сыдыков; 4) Отыншы Әлжанов; 5) Базарбай Мәметов; 6) Мырзахан Төлебаев; 7) Түбек Есенғұлов; 8) Садык Аманжолов; 9) Дүр Сауранбаев; 10) Сатарқұл Жанқорашев; 11) Сүлеймен Келгенбаев.

Сырдария облысынан:

1) Мұстафа Шоқаев; 2) Санжар Аспандияров; 3) Әзімхан Кенесарин; 4) Садық Өтегенов; 5) Әлмұхамет Көтібаров; 6) Хұсаин Ибраһимов; 7) Дуалқарнин; 8) Сейдалин; 9) Ибраһим Қасымов; 10) Башабек Болатмұқанов; 11) Сегізбай Айзанов; 12) Аямберген Табынбаев; 13) Сұлтанбек Қожанов; 14) Ғабдолла Қожаев; 15) Ғұмар Жанғалинов.

Фергана облысынан:

1) Қыңыркожа Хашеков; 2) Ғабдулрахман Оразаев; 3) Жәмшид Кәрібеков; 4) Ерғұлай Ағабаев; 5) Серікбай Акаев; 6) Вадим Шабкин; 7) Ташболатбек Нарботабеков; 8) Әлімхан Төре; 9) Нәзір Төреқұлов; 10) Шәймерден Қапсаламов; Ц) Заһиралдин Мырзакасымов; 12) Шөкір Дибаев; 13) Оразбай Кішкембаев; 14) Құлнәзір Қалыбаев; 15) Жәнібек Сағымбаев.

Самарқанд облысынан:

1) Алдабек Мангилдин.

Амудария бөлімінен:

1) Мұстафа Шоқаев; 2) Ғабдуләсім Мәмбиев; 3) Ғайсы Қашқымбаев.

Бөкейліктен:

1) Бақыткерей Құлманов; 2) Уәлидхан Танашев; 3) Батырқайыр Ниязов».(70).

Съезде мемлекеттік басқару нысаны (дұрысырақ айтқанда, басқару нысаны) туралы мәселе бірінші етіп койылды. Съезд Ресейде демократиялық федерациялық парламентті республика болуға тиіс деп тапты. Кейіннен, кеңес кезінде Алашорда қайраткерлері 1917 жылғы Ақпан революциясын қазақ халқының асқан зор қуанышпен және үмітпен қарсы алғанын атап көрсетті. Бұл тарихи шындық болатын. Ол А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев және басқалар сиякты қайраткерлер батыл да ашык сынап, сол үшін үнемі қудалауына ұшыраған жиіркенішті патшалық режимді құлатты. Ал олардың идеялары, көзқарастары жекелеген облыстарда шақырылған съездердің құжаттарынан көрініс тапты. Мәселен, Орал облыстық қазақтар съезі (1917 жылғы 19 сәуір) мынадай қарар қабылдады: «Не вдаваясь в подробности уже достаточно освещенных всей демократией недопустимых, а подчас и преступных сторон старого монархического строя с его безответственным правительством, съезд находит, что монархизм — этот символ рабства демократаи, источник натравливания одних народностей на других, — должен исчезнуть навсегда; киргизский народ приветствует идею демократической республики, оставляя пока открытым вопрос о национально –территориальной федерации, об особой федеративно демократической республики с учредительным собранием»(71).

Бір топ қазақ қайраткерлері Акпан революциясынан көп бұрынак насихаттаған автономия туралы саяси-құқылық идея халыкты баурап ала бастады. Ол 1917 жылдың шілдесіндегі Бүкілқазақ съезінің өзінде-ақ неғұрлым айқын ресімделді. Онын қаулысында былай делінген: «2. Об автономии Киробластей: Киргизские области должны получить областную автономию по национальным различиям и бытовым условиям»(72).

Съезде талқыланған екінші бір маңызды мәселе жер мәселесі болды. Біз өз тақырыбымызға қатынасы бар жайларды ғана атап етпекшіміз. Съезд қазақ халқының еркін білдіре отырып, орыстарды олар алып қойған қазақ жерлерінен көшіруге шақырған жоқ, кейін кеңес кезінде алашордашыл қайраткерлерді солай істеді деп айыптауға әрекет жасалды. Мұны жер мәселесі туралы қаулынын мына қағидасы дәлелдейді: «1. До полного переселения киргиз в своих участках, киргизские участки не должны быть населены никем. 2. В виду отсутствия в киргизских степях годных земель, все следующие участки, отобранные у киргиз, должны быть немедленно возвращены последним: участки дворянские, скотоводческие, торгово-промышленные, курортные, монастырские. от пересельчан, отрубы, оброчные статьи, участки, выданные частным лицам, показательные поля, но в действительности отданные гарнизонам и другим, и в настоящее время, в виду ухода или же малочисленности, свободных от их населения. 3. Прекратить запись в свободные участки. 4. Те участки, где есть переселенцы, но свободны от их пользования, должны быть немедленно возвращены киргизам. 5. Зимовки киргиз, если владелец не ушел, то должны быть возвращены, а переселенцам крестьянам дать землю из других участков»(72).

Біз Алашорда қайраткерлерінің Қазан революциясына дейін-ақ әзірлеген жоғарыдағы қағидаларын олардың қазақ халқының еркі мен тілегін білдіргендігін, тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталғандығын, саяси жағынан ұстамды, орыс халқымен тату көршілік қатынастар орнатуға бағытталғандығын көрсету үшін келтіріп отырмыз. Олардың прогресшілдігін Кеңес мемлекеті органдарының жер мәселесі бойынша қабылдаған алғашқы құқылык құжаттар дәлелдейді. Мәселен, Қазақстан Кеңестері Құрылтай съезінің 1920 жылғы 10 қазандағы қарарында былай деп жазылған: «… 2. Патша үкіметінің отаршылдық саясатының барлық қалдықтарының түбіріне балта шабу және ол туғызған әділетсіздіктердің бәрін жою, бұрын еңбекші қырғыз халқының пайдалануында болып келіп, иеліктен айырылған жерлерді қайтару және халықтың еңбек негізінде дұрыс жағдайда жүргізу мүмкіндігін жеңілдету үшін бүкіл егінші және малшы халықтың бәрін жерге орналастыру және барлық еңбекші шаруалардың мүдделерін сақтай отырып, қазақ және отырықшы қазақ халқын қайта жайғастыру дереу қолға алынсын.”(73).

Аталған тұрғыдан алғанда Жетісу облыстық ревкомының Түркістан Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы бекіткен Жер-су реформасын жүргізу туралы 1921 жылғы 4 ақпандағы бұйрығы өте қызықты. Бұл бұйрыктың тарихи маңызы зор. Онда былай деп жазылған: «Түркістан Республикасының Кеңестері IX съезінін қаулысын және қырғыз кедейлерінің өлкелік 1-съезінде айқын көрінген қырғыз кедейлерінін еркін негізге ала отырып, облыстық революциялық комитет байырғы жергілікті халықтың кіріптарлық тәуелділігін жою, осы кезге дейін артықшылық беріліп келген орыс халқымен оның жер мен суға құкықтарын тенестіру мақсатында, сондай-ақ жергілікті шаруашылықты нығайту үшін бұйрық етеді: 1. 1916-1921 жылдар кезеңінде өз бетінше де, сол кезде болған үкімет органдарының мандаттары мен бөліп беруі бойынша да еңбекші қырғыз, дүнген, тараншы халқынан тартып алынған және иеліктен айырылған жердің бәрі қайтарылып берілсін. 2. Басып алушылардың бәрі жөнінде оларды өздерінің бастапқы жерлеріне қайтарып қоныстандыруға немесе 1916 жылға дейін құрылған көптен бері тұратын, қазақ және қоныстандырушылық поселкелеріне орналастыруға шаралар колданылсын»(74).

Келтірілген бұйрық жер мәселесін 1917 жылдын шілдесіндегі Бүкілқазақ съезінің шешімдері рухында шешті. Бұл бұйрықтың қазіргі кезеңде де әлеуметтік-саяси маңыздылығы айқын. Қайта жаңғыртылып жаткан Жетісу (және Жетісудың ғана емес) қазақтарының жерге дәмеленуі тарихи жағынан әділетсіз және заңсыз болып табылады. Бұл құкылык құжаттың тағы бір зор мәні мынада: қазақ халқы, оның А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев сиякты қайраткерлері патша өкіметі, уақытша үкімет тұсында да, кеңестік режим тұсында да демократияшыл, әділетті,адамгершіл болды және олар орыс халқының құқықтарына көз алартпай, ұлтаралық қатынастарды шиеленістіруден барынша аулақ болуға тырыса отырып, өздерінің аяққа басылған құқықтарын қалпына келтіргісі келді. Қазақстанда патша өкіметі тұсында болған тәртіптерді қалпына келтіруді және ұлтаралық қатынастарды шиеленістіруді қалайтын қазіргі қазақтардың өкілдерінен олар осы өркениетті сипаттарымен ерекшеленеді. Қауіпті де келешегі жок күшеншектік, тарихты кері бұруға әрекет жасау жақсылыққа жеткізбейтінді.

Алашорданың құкылық идеяларының прогресшіл болғаны соншалык, олар кеңес өкіметінің зандарында іске асырылып қана қойған жок, олар қазіргі уақытта да маңызды болып отыр.

Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі 1920 жылғы 10 қазанда неке және отбасы құқығы саласында мынадай шараларды дереу жүзеге асыруға кірісу қажет деп тапты: 1) қазақ әйелдерін күңдіктен босату және көп әйел алушылыққа қарсы күресу мақсатында некеге тұру кезінде оларға толык еркіндік берілсін, некеге тұру некеге тұрушылардың ешкім қысым жасамай өз еркін білдіруіне, олардың ерікті, екі жақты келісіміне негізделуге тиіс. Неке бөгде адамдардың кандай да болсын қысым жасауынан немесе зорлығынан корғалып, олардың туыстары тарапынан жасалатын материалдық сипаттағы пікірлерден немесе мүдделерденеркін болуға тиіс. 2) Некеге тұру үшін: еркектерге — 18 жасқа, әйелдерге 16 жаска толу қажет… 3) Ерлі-зайыптылардың тірі кезінде неке ерлі-зайыптылардың екі жағының келісімі бойынша да, олардың біреуінің ажырасуға тілек білдіруі бойынша да кез келген уақытта ажырасу аркылы тоқтатылуы мүмкін. 4) Өзінін түрткі болатын мақсаты жөнінен айыптауға тұратын және қалындық ата-анасының баюына әкеп соғатын нәрсе ретінде, көп әйел алушылык факторларының бірі ретінде «қалыңмал» телеу (қалыңдықты сатып алу) сот арқылы қорғау құқығынан айырылады(75). Осы шешім негізінде Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесі 1921 жылғы 17 қаңтарда қазақтардың неке құқығы туралы декрет қабылдады. Декретте көп әйел алушылыққа тыйым салынды. Діни жорамен, бірақ алдын ала ЗАГС-те тіркеліп некеге тұруға рұқсат етілді. Қалындық үшін некеге тұру жасы 16 жас болып белгіленді. Декретте тура байланысы — дәрежесі шектелмей жоғарғы және төменгі бағыты бойынша, ал көлденең бағыты бойынша — еркек және әйел жағын айырмай, төрт ұрпақты коса туыс болып табылатын адамдардың некеге тұруына тыйым салынды. «Жесір» өзі жөнінде өз калауы бойынша билік етуге құқылы. Ол жаңа күйеуі кайтыс болған күйеуінің руынан болмаса да, екінші рет күйеуге тие алады (76).

Осы кезге дейін қазақстандык заң ғылымында Алашорда мен Кеңес өкіметінің құқылық құжаттарын салыстыра зерттеуге назар аударылған емес. Жоғарыда келтірілген материалдар Алашорда көтерген экономикалық, әлеуметтік, құқылық проблемалардың қазақ қоғамы үшін көкейкесті болғаны соншалық, олардың Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары қайтадан алға тартылып, нақ халыктын тілеген күйінде дерлік шешілгенін еш шүбәсіз дәлелдейді. Ол былай тұрсын, кұжаттардың тексінен көрініп отырғанындай, шілде айында өткен Бүкілқазақ съезінің кұжаттары мен Кеңес өкіметінің құқылық кұжаттары тұжырымдалуынан өзі де көп жағынан дәлме-дәл сәйкес келеді. Осының бәрі Кеңес өкіметі қоғамдық қатынастарының аса маңызды салаларындағы шаралары Алашорда қайраткерлерінің революцияға дейінгі кезеңде аса қатаң, заңсыз қудалау жағдайында әзірлеген саяси-құқылық идеялар негізінде жүзеге асырылды деген тұжырым жасауға негіз береді. Алашорда қозғалысының езі кеңестік режимнен жеңіліс тапқанына қарамастан, олардың жанқиярлық еңбегі тамаша еркен жайды. Кеңес өкіметі кешірім жасап, жаңа режимге қызмет еткен аса көрнекті Алашорда қайраткерлерінің жан дүниесін белгілі бір дәрежеде міне осы жағдай анықтап бере алады. Ал кеңестік режимнің Алашорда қайраткерлеріне кешірім жасап, көп кешікпей өзінің заңда баянды етілген уәдесін опасыздыкпен бұзғаны, сайып келгенде олардың бәрін жазалағаны неліктен? Біздің пікірімізше, бұл сұракка жауапты Алашорда мен большевизм идеологияларының айырмашылыктарынан іздестірген жөн. Алашорданың идеологиясы жалпы демократиялық, ізгілікті, либералдық қағидаларға негізделді. Алашорда жалпы қазақ халқын кұлдықтан құтқару үшін, отаршылдық езгіні және оның қатерлі зардаптарын жою үшін, таптарға, әлеуметтік топтарға бөлмей бүкіл халыктың көзін ашу үшін күресті. Тарихтың көрсетіп отырғанындай, Алашорда идеологиясы қазақ қоғамының қоғамдық-тарихи дамуы қағидаларына негізделіп, халыктың бір тобын екіншісіне қарама-қарсы қоюды, тап күресін, бір таптың диктатурасын, тоталитарлық тәртіп орнатуды теріске шығарды. Большевиктік идеология канаушылар мен қаналушылар таптарын тануға, оларды қарама-қарсы қоюға, олардың арасындағы диктатура орнату жолымен басқа тапты жоюға дейін баратын күреске негізделеді. Әрине, мұндай идеология жауыққан идеология болды және демократиялық, либералдық идеология ғана емес, оны таратушылар мен уағыздаушыларға да төзбеді.

Кеңестік режимнін мемлекеттік-құқылық акцияларының бәрі таптық идеологияға негізделді. Сол себепті, тіпті Алашорданың саяси-құқылық қағидаларын, идеяларын дәлме-дәл қабылдай отырып, Кеңес өкіметі оларды пролетарлык тұрғылардан түсіндірді, мұның өзі, сөз жоқ, әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістердің өзін айналдырды. Мысалы, патшалық отаршылдық саясаттан бүкіл қазақ халқы азап шекті. Алайда Кеңес өкіметі мұндай саясаттан тек «еңбекші халық» қана азап көрді деп санады. Қазақ АКСР Кеңестері Құрылтай съезінің жер мәселесі жөніндегі қарарының мына жолдарын окып көрейік: «Патша үкіметінің отаршылдық саясатының барлық қалдыктарын түп-тамырымен құрту және ол туғызған барлық әділетсіздіктерді жою, бұрын кырғыз енбекші халқының пайдалануында болып келіп, иеліктен айырылған жерлерді қайтару үшін… бүкіл егінші және малшы халықты дереу жерге орналастыру қолға алынсын».

Қоғамдық құбылыстардың бәріне таптық сипат беруге тырысып, тұтастай халык тағдырын «шешкен» большевиктер, біріншіден, тарихты бұрмалаған, екіншіден, қазақ халқының бір бөлігіне канаушылар деген айдар тағып, оны көңіл бөлу мен қамкорлык жасау аясынан шығарып тастаған. «Қазақтың еңбекші халқы» және «қазақтың еңбек етпейтін халқы» деген жоқ және болған да емес. Сол себепті революцияға дейін «қазақ еңбекші халқының» жеке жері, аумағы болған жоқ. Мұны беліп көрсетіп, Коммунистік партия, Кеңес мемлекеті «канаушылар» мен «қаналушылар» арасында араздық отын тұтатты, ол бүкіл қазақ халқы үшін аскан зор қасірет болып тынды.

Шілде айындағы Бүкілқазақ съезінің шешімінде барша жұртты жалпыға бірдеу міндетті түрде сауаттандыру қажет екені айтылған. Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясында былай деп жарияланды: «еңбекшілердің шын мәнінде білім алуына жол ашуды камтамасыз ету максатында жұмысшыларға, ең кедей шаруаларға және еңбекші кырғыз халқының бүкіл бұқарасына толық, жан-жақты және тегін білім алу мүмкіндігін беру міндет етіп қойылсын» .

Қазақ автономиясы идеясын да большевиктер ойлап тапқан жок. Біздің бұрын да атап өткеніміздей, ол Қазан революциясынан көп бұрын туған. Бұл проблема салыстыру тұрғысында қаралмағандықтан, оған толық тоқталып етейік. Егер қазақ автономиясы идеясы шілдедегі съезде жалпылама сипатта ұсынылған болса, мұның негізі бар еді. Қазақ халқының автономиясын құру идеясы 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін пайда болып, оны Ж. Ақбаев пен оның серіктері насихаттап келгенімен, ол жан-жақты негізделмеген еді. Патша самодержавиесі отарлық шет аймақтар халықтарын автономияландыру жөніндегі болмашы әрекеттердің өзін тұншыктырып, қабылдамай келді.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін ғана 1917 жылдың маусымында Ресей Кеңестерінің 1-ші съезі Ресей халыктарының өзін-өзі еркін билеу қүқығын жариялады. Бұл орайда Кеңестер съезі әрбір халықты екі бөлікке: езілгендер және езілмегендер деп бөлді. Ол Ресейдің әрбір халқының өзін-өзі билеуге құқығы барын айтты. Бұл съездің шілде айындағы Бүкілқазақ съезіне ықпал еткені күмәнсіз. Автономия туралы мәселеге Алаш партиясы баса назар аударып отырды, мұны 1917 жылғы 5-13 желтоқсандағы жалпықазақ съезінің материалдары дәлелдейді. Бұл съезде автономия туралы мәселе ете мұқият және кызу талқыланды.

Қазақ халқы автономиясы проблемасының өте кызу талқыланып, съезд делегаттарынан осы принципті мәселе бойынша екі топка бөлінгендігі себепті де бұл жөнінде арнайы айтып еткен жен. Делегаттардың бір тобы (Орал, ішінара Сырдария облыстарының және Бөкей Ордасының өкілдері) автономияны дереу жариялау қажет деп дәлелдеді. Ал басқа облыстардың делегаттары автономия жариялауды Түркістан өлкесінің қазақ халқымен және қазақ облыстарында тұратын басқа да ұлыстармен келіссөздср аяқталғаннан кейін Бүкілқазақтық халық кеңесіне беру керек деп санады. Мәселе дербес дауыс беруге қойылды.

Қазақ автономиясын дереу жариялауды жақтап 33 делегат дауыс берді. Дереу жариялауға 42 делегат қарсы дауыс берді. Олардың арасында М. Жұмабаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов болды.

Ұлттық қозғалыстың күйреуіне жол бермеу үшін қарсы жақтар өзара келісімге келді. Барлық қазақтарды біріктіру қажет, ал кейбір қазақ облыстарын бөліп алып, оларды Түркістан автономиясына қосуға болмайды деп тани отырып, Съезд бірауыздан мынадай қарар қабылдады:

I. Алашорданың Жалпықазақтық халық кеңесі өзі құрылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Түркістан өлкесінің барлық қазақтарын Алаш автономиясына қосу мүмкіндігін анықтауға міндеттенеді.

II. Егер Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай мерзімде қосылмаса, Алашорданың халық кеңесі қалған қазақ облыстарының бөрі атынан ресми түрде автономия жариялауға міндеттенеді.

III.Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай мерзімінде қосылмай, Алашорда автономия жарияламаған жағдайда әрбір облыстың халқына өз калауы бойынша әрекет етуге рұқсат етіледі.

IV.Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай ішінде қосылған жағдайда Алашорданың халық кеңесіне бірінші мүмкіндік болғанда Алаш автономиясын жариялауға құқық беріледі.

Алаш автономиясы оның тарихи жағынан болашағы болмағандыктан құрылмай қалған жок. Нақ керісінше болды, Алашорданың маңызды бағдарламалық кағидалары, тағдырдын тәлкегімен, Кеңес өкіметі тұсында жүзеге асырылды.

Ол ак гвардиялық үкіметтің таратуы себепті құрылмай қалды. 1918 жылғы 22 казанда (4 карашада) бүкілресейлік уақытша үкімет Алашорда үкіметі жөнінде жарлық қабылдады. Жарлық біртұтас, бөлінбес Ресейді жақтаған үкіметтің шын ниетін жасыратындай етіп жазылған. Қазақ халқын алдау үшін ол қулықпен жасалған еді. Онда былай делінген: «Грамотою от 22 октября (4 ноября) 1918 г. временное всероссийское правительство признало необходимым на ближайший период времени подчинить все государственное управление единому Совету министров.

Упраздняя на сем основании алашское правительство — Алаш-Орду, временное всероссийское правительство вместе с тем считает нужным ввести в организацию управления қазақ-киргизских народностей начала, соответствующие их бытовым и хозяйственным особенностям, и создать в будущем соответсвующий сей цели представительный орган, выдающий культурно-бытовыми и хозяйственно-экономическими делами означенных народностей

…Временное всероссийское правительство постановляет: 1. Правительство Алаша-Алаш-Орду считать прекратившим свое существование»(78).

Әлбетте, осыдан кейін Алашорда қайраткерлері халыктардың өзін-өзі билеу құқығын жариялап қана коймай, сонымен бірге Түркістан автономиялы республикасын күрып, РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан қазақ бөлімін ашкан Кеңес өкіметі жағына көз тікті. Алашорданың негізін қалаушылардын, бірі А. Байтұрсынов Кеңес өкіметі жағына шығып, Қазақ әскери-революциялык комитеті мүшелерінін бірі болды. Ол Алашорда қайраткерлерін кеңес құрылысына тарту жөнінде белсенді қызмет жүргізді. Алашорда бағдарламасын іске асырудың басқа жолы болмағандықтан, ол оны кеңестік автономия арқылы жүзеге асыруға болады деп санады. Қазақ халқын біріктіру және оны Кеңес әкіметі жағына тарту туралы мәселе Қазақ өлкесі Әскери-революциялык комитетінің 1919 жыліы 27 қазандағы мөжілісінде қаралды. Бұл мәселе бойынша А. Байтұрсыновтың пікірі тыңдалды.

Автономия идеясын бастаушылардың бірі А. Байтұрсынов тек езілгендер үшін ғана емес, бүкіл қазақ халқы үшін саяси ұйымды көздеді. Бұл оның талай рет мәлімдеген саяси көзқарастарының мәні болатын. А. Байтұрсыновтын ұсынысы қолдау тауып, Қазақ әскери-революциялык комитеті мынадай каулы кабылдады: «В целях объединения киргизского народа и обсуждения дел, касающихся его интересов, созвать в г. Актюбинске, не позднее 1 декабря с. г. конференцию из активных работников киргиз советских и несоветских … и с участием активных работников киргиз Семиреченской и Сыр-Дарьинской областей Туркестанской республики» (79).

Бұл қаулыда барлық қазақтарды біріктіру идеясының, сондай-ақ бұл идеяның тұжырымдалуының А. Байтұрсынов басшыларының бірі болған Бүкілқазақ (1917 жылғы желтоқсан) съезінің шешімдеріне негізделгені, сөз жоқ, айта қаларлықтай.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда Алашорда автономиясы мен кеңестік автономия идеялары түбірінен алшақ болатын. Кеңестік автономияның негізіне таптық кағида алынғандыктан, оның әлеуметтік базасының неғұрлым тар болып кана коймай, сонымен қатар ол еңбекшілердің жауларына қарсы жазалауға бағытталған еді. Ал Алашорда автономиясы таптарға бөлмей, бүкіл халыққа сүйенеді.

Алашорда бағдарламасының өзін-өзі билеу құқығы туралы қағидаларын сынаушылар оны ұнамсыз тұрғыдан көрсету үшін тарихи шындыкты бұрмалаған. Бұл мәселеде Алашорда бағдарламасы кейіннен кеңес мемлекеті мойындаған құжаттарды негізге алған.

Алаштың автономия идеясы тар ұлттық мағынада емес, қайта интернационалдық, жалпы әлеуметтік, демократиялық мағынада болатын. Алаш автономиясын сынаушылар кеңестік кезеңде оған ешбір негізсіз ұлтшылдық айдар тағып, беталды қаралап келді.

Алашорда қайраткерлері революцияға дейін қазақтардың аумақтық мекендеуін зерттеу жөнінде зор жұмыс жүргізді. Мәселе патша самодержавиесінің қазақтар ежелден тұрып келе жатқан аумақты белшектеп, оларды әр турлі әкімшілік-аумақтық бөліністерге — генерал-губернаторлықтарға қосқанында болып отыр. Қазақстанның Солтүстік-шығыс бөлігі — Дала генерал-губернаторлығына, Солтүстік-батыс бөлігі — Орынбор генерал-губернаторлығына, Оңтүстік-батыс бөлігі Түркістан генерал-губернаторлығына қарады. Осындай жағдайда қазақ халқы үшін Қазан революциясынан кеп бұрын кеңбайтак аумақта автономия идеясын ұсыну осы кезге дейін лайықты бағаланбаған батыл ерлік болды.

Алашордашылар ВЦИК қаулысымен Алаш автономиясы таратылғаннан кейін Кеңес мекемелері жүйесі арқылы қазақ жерінің тұтастығын қорғап қалуға ат салысты. Алашорданың белсенді қайраткері Ә. Ермеков 1920 ж. Кирревком (Қазақ өлкесін баскару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет) қатарына өтіп, 1920 ж. 16 мамырда «Қазақ өлкесінің жағдайы және оның шекарасын белгілеу» жөнінде баяндама жасау үшін Москваға женелтіледі. 1920 жылдың 17 тамызында В. И. Ленин төрағалық өткен Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде Қазақ жерінің шекарасын белгілеу жөнінде баяндама жасап, онда қазақтар мен орыс переселендерінің қазақтардан тартып алған жерлерін ежелгі иелеріне қайтаруды көздеген жер реформасын жүргізу және қазақ жерін оның отарлауға дейінгі шекарасы шеңберінде белгілеуді талап етеді. Алашордашылар бұл талабының орындалуын қамтамасыз етіп, тартып алынған қазақ жерінің басым көпшілігі иелеріне қайтарылды.

Алаштың бүкілқазақтық съезі шешімдерінің аумақтық мәселе жөніндегі аталған қағидалары Кеңес өкіметі орнатылғаннан кейін іске асырылды.

Алашорданың көшбасшылары Алаш автономиясының мемлекеттік органдарын құру қағидаларына қатысты тағы бір мәселені көтерді. Бұл — сол үрдіске қазақ емес халықтың қатысуы. Бүкілқазақ съезінің қаулысында Алашорданың Уакытша халыктық кеңесі 25 мүшеден тұрады, онын 10 орны орыстарға және қазақтар арасында тұратын баска халықтарға беріледі деп көрсетілгені. Сөйтіп барлык ұлт адамдарының саяси саладағы тең құқықтығы Алашорда бағдарламасының ажырағысыз белігі болған еді.

Съезде Алашорда үкіметінің құрамы бекітіліп, оған темендегідей қайраткерлер мүшелікке: Бөкей ордасынан -Уәлихан Танашев, Орал облысынан — Халел Досмұхамедов, Ақмола облысынан — Айдархан Тұрлыбаев, Торғай  облысынан — Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан — Халел Ғаббасов, Жетісу облысынан — Садық Аманжолов, Сырдария облысынан — Мұстафа Шоқай. Облыстардан тыс: Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мүхамеджан Тынышбаев, Бақыткерей Кұлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мәметов, Отыншы  Әлжановтар, ал кандидаттықка:  Иса Қашқынбаев, Жүсіпбек Жақыпбаев, Ережеп Итбаев, Сатылған Сабатаев, Есенғали Қасаболатов, Батырқайыр Ниязов, Мұкым Баштаев, Сейілбек Жанайдаров, Сәлімгерей Нұралыханов, Омар Алмасов, Сейдазым Кадырбаев, Аспандияр Кенжин, Молданияз Бекімов, Есен Тұрмұхамедов, Жәнек Солтанаевтар сайланды(80).

Алаш қайраткерлері Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің жұмысына белсене араласты, кейін олардың бірқатары Кеңес мекемелері жүйесінде қызмет атқарып, Алаш армандаған ізгі идеяларды жүзеге асырды.

Кеңес өкіметі де барлық ұлттардың теңдігін жариялады, бірақ ол оның әлеуметтік негізін шектеді. Қанаушыларға жатқызылған, бұрынғы құрылысқа қызмет еткен адамдар, сондай-ақ діни ұйымдардың қайраткерлері барлық құқықтарынан айырылды. Алашорданын бағдарламасы қазақ халқының өмір сүруінің ғасырлар бойы қалыптасқан әдістерін күрт, тез арада қиратпай, экономикалык, әлеуметтік, құқылык өмірдің тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамды демократиялық жолмен кайта құру бағдарламасы ретінде кептеген жылдар бойы іріктеліп, калыптасқан еді. Ұлттык қозғалыс идеологтарының бірі М. Дулатов сонау 1911 жылдың өзінде былай деп жазды: «Бір халықтың тұрмысын түп-тамырынан бұзып өзгертуі (көшпенділіктен отырықшылыққа. отырықшылықтан көшпенділікке шыккан секілді) оңай іс емес. Хауіпті дертке ғалым тәуіп қанша керек болса, бұл мәселенің түйінін шешугеде сонша білім керек. Өлгенді тірілту мүмкін болмаған кесілді, бұл туралы өзгеріс қате пікірмен болса, түзетуге болмайды.» (81).

Ал большевиктік бағдарламада сырттай қарағанда демократиялық нысанда болғанымен, ұсынылып отырған өзгерістердің демократиялық, ізгілікті мәнін жойып қана қойған жоқ, орныққан қоғамдық қатынастарды күрт қиратуға, жаппай жазалау шараларын жүргізуге алдын ала бағдарланған еді. Алашорда қайраткерлері сондықтан да большевизмді қабылдамай, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.

Қазан төнкерісінің сипаты туралы, оның зорлық-зомбылық жасау мәні туралы А. Байтұрсынов айткан пікір оның жалғыз өзінің ғана пікірі болды ма? Әрине, олай емес. Ол кем дегенде Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлерінің пікірін білдірді.

Алаш козғалысының басшылары үшін теориялық пайымдаулардың да, практикалық қызметтің де саяси нәтижесі бірдей болды. Алаш ұлттық қозғалысына қатынасушыларға ресми кешірім жасалғанына және олардың кеңес өкіметіне қызмет етуге көшкеніне қарамастан, Кеңес өкіметі олардың революция кезеңінде қарсы тұрғанын кешірмеді. Бұл тек қана кек алу емес, сонымен катар зорлықты жүзеге асырудың жаңа кезеңіне әзірлік те болатын. Тарихи әдебиеттерде Алаш қозғалысына қатысушыларды ғана қудалау айтылады. Егер Кеңес өкіметінің, Коммунистік партияның оларға қарсы бағытталған шараларын қоғамды «социалистік негіздерде» әлеуметтік-экономикалық жағынан қайта құрудан бөліп алып кқрастыратын болсақ, әрине, бұрынғы контрреволюционерлерге, ұлтшылдарға қарсы күрес жүргізілген деген әсер тууы мүмкін. Коммунистік партия, Кеңес өкіметі қазақ халқынын тарихы мен сол тұстағы өмірін терең білетін, оған ықпал жасауға мүмкіндігі бар алашордашылар социалистік өзгерістерді тек қана күштеу әдістерімен жүзеге асыруға кедергі жасауы мүмкін деп қорықты. Мұның өзі әркашанда тап жаулары бар және оларға қарсы күресу қажет деп санайтын тап күресі теориясының айқын көрінісі болатын. Тіпті нақты жаулар болмаған жағдайдың өзінде де оларды іздеп тауып, қажетті «алдын алу» шараларын қолдану қажет еді. Бұл Коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің тын «жаңалығы» болды. Мұндай «жаңалық» әбден кисынды да еді. Коммунистер таптық соғысты қолдан тұтандырды. Осындай жағдайда наразылар қарсылық көрсетеді деп саналды. Коммунистердің ойлауынша, қарсылықтың идеялық дем берушілері ойшылдар, қоғамдық қозғалысқа, қоғамдық-саяси қызметке катысудан тәжірибесі бар адамдар болатын еді. Сондықтан Кеңес өкіметі салтанатты шеру жасап, Қазақстанның бүкіл аумағында орнағаннан кейін де бұрынғы саяси жауларына қарсы күрес барлык, бағытта жалғастырыла берді.

Біріншіден, бұрынғы алашордашыларға қарсы идеологиялық шабуыл мен күрес өрістетілді. Бұл күрес ресми бағыт бойынша да, коммунистік идеологияға адал берілген адамдар бағыты бойынша да өріс алды. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің III Пленумы арнайы Алашорда туралы мәселе қарап, партия ұйымдарын «алашорда идеологиясына, қазақ коммунистері арасындағы оңшыл және солшыл ұлтшылдық уклондарға қарсы идеялык күресті күшейтуге» шақырды (1926 жылғы 25-30 қараша). 1926 жылға дейін Алашордаға карсы идеологиялық шабуыл баспасөз беттерінде қайсыбір дәрежеде қалай болса солай жүргізіліп келді. Кейбір бұрынғы алашордашылар тіпті Алашорда қозғалысын қозғауға батылы барып, оның материалдарын, бағдарламасы мен нақты қызметін терең және жан-жақты зерттей отырып, оған объективті баға беруге шақырды(82). Алайда бұған шақыру «желге ұшқан сез» болып қала берді, керісінше, коммунистік қызбалықты өршіте түсті. Шынына келгенде идеялык қарсылыкқа емес, сол кездің өзінде тарихқа кеткен идеялық-саяси қозғалысқа қарсы идеологиялық шабуыл жасалды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы белсене күрес жүргізіп жаткан ұйымдасқан күштер (кандай да бір партиялар немесе қозғалыстар) де, жекелеген қайраткерлер де жоқ еді. Алашорда қозғалысының бұрынғы басшылары кеңес мемлекетінің уәделеріне сеніп, мемлекеттік органдарында жұмыс істеп, педагогтік, ғылыми жұмыспен айналыса бастағанды. Олар, сірә, бұкараға идеялық тұрғыдан ықпал жасаудың барлық құралдарын қолына алып, өз жұмысыл көпірме сөз, өтірік кағидаларына, адамдардың ең осал сезімдеріне ықпал ете отырып, халықтың бір бөлігін екіншісіне қарсы қоюға негізделіп құрылған Кеңес өкіметі мен коммунистік идеологияға қарсы күрес жүргізудің пайдасыз екенін ұғынса керек. Ол былай тұрсын, жекелеген қайраткерлер Кеңес өкіметінің, оның заңдарының прогресшілдігін таниды, не таныған сынай көрсетті.

Алашордашылар саяси сенімсіз деп жарияланды. Патша самодержавиесінің зандары баянды еткен «саяси сенімсіз» деген сияқты терминді кеңес заңдары кабылдамағанымен, ол оны алғашқы зандарының өзінде-ақ танып, оған таптық мән-мағына берді.

Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.

bottom of page