Аманкелді Аяжан Серікболқызы
Аманкелді Аяжан Серікболқызы, Үңірек ауылынан, өлеңдері: «Бабалардың мирасқоры біздерміз» , «Тәуелсіздік», «Жеңіс күні» т.б.
ӨЛЕҢДЕРІ
Бабалардың мирасқоры біздерміз
Қазақ хандығының 550 жылдығына арнау
Ата - баба жалғасы бұл - біздерміз,
Қазақ бейбіт, тату - тәтті іргеміз.
Ар - намысты, әрқашанда ержүрек,
Қазақ болып біз бәріне көнгенбіз.
Соғысқанбыз қасықтай қан қалғанша,
Берілмедік, опат болды жан қанша.
Болашағын ойлап қанша халықтың,
Жеңістің дәл тұғырына қонғанша.
Бастау алған тарихым Күлтегіннен,
Білге мен Тоныкөктен күн өрілген.
Келешек ұрпақтары тамыр жайып,
Намысын жанығандай сол тегінен.
Есім ханның ескі заңы адастырмай,
Бастаған тура жолға алашымды-ай.
Қасым салған қасқа жол- ата жосақ,
Жинаған өн- бойына бар асылды-ай!
Бауыржандай атам бар батыр тұлға,
Баласам артық емес ақыл, нұрға.
Шығыстың қос жұлдызы- Әлия, Мәншүк
Бағдардай жол сілтейтін әрбір ұлға.
Өріледі сөздерден ой құнары,
Ерлік пенен өрлікке бой ұрады.
Бар әлемде тыныштықты тілеумен
Бабалардың монументі тұрады!
Жеңіс күні
Қан майданның арасында жүргенде,
Жауды жеңу болып елдің мақсаты.
Сұм тағдырдың қара бұлты төнгенде,
Асылдардың қалды елде жақсы аты.
Барша адам тойласа да бұл күнді,
Ұмытпаймыз жанын қиған қыршынды.
Құрметтейтін ардагерлер отырып,
Естеріне соғысты алып күрсінді.
Барша қазақ тілеуменен келгені,
Ата-бабам қаймықпады, ерледі.
Қаны менен жанын берген ерлердің,
Есімдері мүмкін емес өлмегі!