top of page

Аңсар Қарпықұлы Болатов

   Аңсар Қарпықұлы Болатов 1992 жылдың 20-шы қарашасында Шет ауданы, Төменгі Қайрақты ауылында дүниеге келген. 1999-2010 жылдары Қайрақты орта мектебінде оқып бітірген. Осы жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің экономика факультетінің Туризм мамандығы бойынша оқуға түскен.

ӨЛЕҢДЕРІ

Тәуелсіздік таңы

(Тәуелсіздіктің 15 жылдығына)

Тәуелсіздік азат елдің белгісі,

Тәуелсіздік еліміздің елдігі.

Тәуелсіздік даламыздың кеңдігі

Тәуелсіздік асқар таудың белдігі.

 

Тәуелсіздік жаңа ғасыр есігі,

Тәуелсіздік жаңа елдің бесігі.

Тәуелсіздік болашақтың ертеңі

Тәуелсіздік студенттердің ерлігі.

 

Азаттық ед бабалардың ұраны,

Азат күн деп талай ақын жырлады.

Тәуелсіздік алып берген еліме

Қазағымның қыздары мен ұлдары.

 

Естен кетпес желтоқсанның ызғары,

Рухтанды қазақ ұл мен қыздары.

Жауқазындай жас қыршындар солғанда

Талай жүрек қан жылады, сыздады.

 

Жиырма жыл сол қасірет өткелі,

Бұл қазақтың басынан не өтпеді.

Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол арқасы

Қазағымның осы күнге жеткені.

 

Тоқсан бірде тәуелсіздікті қарсы алдық,

Қазағымыз тәуелсіз деп бар әлемге жар салдық.

Қайрат пенен Ләззәттардың артында

Болашағы, ұрпағы боп біз қалдық.

 

Толды міне он бес жыл тәуелсіздік келгелі,

Аллам өзі несібесін бергелі.

Рәміздерді төрімізге ілгелі

Мәңгі-бақи жарқырасын қазағымның күндері.

Түркістан

Түркістан – құндылықтың бастамасы,

Түркістан – ұлттық тарих хаттамасы.

Хан сайланып, ғалымдар қанат қаққан

Қазақтың рухани астанасы.

 

Түркістан ер түріктің дүниесі,

Арыстан баб жатқан жер дін иесі.

Мұрагері Уәлидің хан Абылай

Қалмақтарды тойтарған жер киесі.

 

Қорған болған берік қамал шапқан қолға,

Әмір Темір сәулетті кесенелер соққан орда.

Түркістан – киелі жер, ғажап мекен

Әруақты бабалар жатқан орда.

 Көктем

Көктем келіп, нұр шашады шуақ күн,

Жер анаға төселеді оюлары құрақтың.

Құстар әнін төксе егер әуеде,

Жерді тербер сыңғыр сазы бұлақтың.

 

Көктем ару жасарады, жайнайды,

Әуеде әсем құстар әні сайрайды.

Малдар шығып, жайылымға мәз болып,

Қазақ атам биелерін байлайды.

 

Көктем келіп, беті қайтар ызғардың,

Қар да кетіп, тоңы жібіп мұздардың.

Сай-салада су ағады сарқырап

Сыңғырлаған шолпысындай қыздардың.

 

Көктем келіп, сәні кірер әлемнің,

Әсем көктем жер жүзіне нәр бердің.

Жер көгеріп, гүлдер шығар сан түрлі,

Оюлаған сырмағындай әжемнің.

 

Сұлу көктем жүректерге гүл еккен,

Жер жүзіне Алла өзі нұр төккен.

Шабыт беріп, ақындарға сәнімен

Осы кезде жыр туады жүректен.

Абай атаға арнау

Ғалымдар шыққан даламыз,

Болғанда Абай бабамыз.

Қара сөзі мен өлеңін,

Әлем таныған данамыз.

Қара өлеңін ұрпаққа,

Мирас қылған атамыз.

Ғибрат алып жырыңнан,

Толығар ұрпақ санамыз.

«Желсіз түнде жарық ай»,

Баурайды жанды саз әнің.

Абайдай текті ұл барда,

Жұлдызың биік қазағым.

 

Дара туған қазақта – Абай дана,

Жырларың дертке дауа, жанға сая.

Сан тарауға жазылған өлеңдерің,

Ой салады санасыз талайларға.

Нұрлы ақыл, қызу қайрат, жылы жүрек,

Дегендей ақыл керек заманаға.

Артыңда қалған сені сағынады,

Ел-жұртың, тау-тасың, орман дала.

Жырыңмен нөсер төгіп дем беретін,

Халқыңа керек боп тұр сендей пана.

Тәуелсіздігім тұғырлы...

(Тәуелсіздіктің 20 жылдығына айтыстан үзінді)

Шалқыған шабыт шарықтап,

Жүректен шықсын жағымды ой.

Ақсұңқар өлең қалықтап,

Асқақтап сойлер шағым ғой.

Тәуелсіздігім тұғырлы –

Бабаның мұң мен зары ғой.

Тәуелсіздігім тұғырлы –

Қайраттай асыл ерлердің

Елі үшін қиған жаны ғой.

Тәуелсіздігім тұғырлы –

Қыршын қиған қос бұрымды

Сәбир менен Ләззәттай

Қайсар қыздардың ары ғой.

Тәуелсіздігім тұғырлы –

Төгілген ақ қар, көк мұзға

Студенттердің қаны ғой.

Осындай қыршын жастардың

Ұрандап шығып алаңға

Жегені елдің қамы ғой.

Тәуелсіздігім тұғырлы –

Нұр шашып Алла көгімнен

Егемен елдің төрінен,

Патшаның алған тағы ғой.

Тәуелсіздігім тұғырлы –

Бодандығында орыстың

Тауы шағылып, рухы өлген,

Халықтың сынған сағы ғой.

Тәуелсіздігім тұғырлы –

Тәуменді болған басқаға

Танылып қазақ баршаға,

Халқымның артқан саны ғой.

Арманы қазақ жұртының

Арайлы азаттығымның

Шапағын шашып жеріме,

Рауандап атқан таңы ғой.

Сол таң атқалы жиырма жыл,

Қазққа асқан абырой.

Теперіш корген тағдырдан

Сол үшін қанша жан қиған,

Маңдайына қазақтың

Алланың берген бағы ғой.

Ер есімі – ел есінде

(Шығарма)

...«Келмейді өлгім, келмейді өлгім,

Қайратым қайда, келші осындайда.

Дедім де тұрдым, жүгіре бердім,

Қолымда найза, шағылып айға.

Жеңдік қой жауды, армен не құрбым,

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс»...

Қ. Аманжолов.

Мың тоғыз жүз қырық бір,

Жиырма екінші маусымнан.

Зеңбірек атып аспаннан,

Немістің оғы жаншылған.

Жұрт ұйқыда жатқанда,

Таң арайланып атқанда

Ел шошынып оянды,

Жарылған бомба тарсылдан.

Аттанды ерлер соғысқа,

Алғанда жау кеп алқымнан.

Жетімдік көріп балалар

Жесірлік көріп аналар,

Ауылда қалды шал-кемпір

Қасірет-өқайға артынған.

Сұм соғыс солай басталды,

Зәресін елдің қашырған.

Қаралы күндер шүйіріліп

Қара бұлт елге үйіріліп,

Қопарылып қара жер

Береке кетті халқымнан.

Басылмай фашист желігі

Қазақтың саны кеміді,

Айырылып талай асылдан.

Батальон полкін басқарған

Жауынгер-ақын, жазушы

Жігер алатын асқардан,

Бауыржан батыр асқақ ер,

Жаужүрек туған жатырдан.

Шығарған жаудың ойранын

Баубектей бабам айбарым,

Жеңістің дәмін татырған.

Төлеген, Талғат, Нүркендер

Жау қорғанын талқандап,

Аспаннан ерлік жаудырған.

Қазақтың батыр ұл-қызы

Шығыстың қос жұлдызы,

Әлия, Мәншүк қос мерген

Пулемет, мылтық асынған.

Рейхстакқа ту тіккен,

Қаһарман батыр – Рахымжан.

Елі мен жерін қорғаған

Соғыста момын болмаған,

Қасым, Мәлік, Сағадаттар

Дұшпанға оқтай атылған.

Кеңестің болды батыры,

Нұржанов Қазыбек әйгілі

Қайтарды жауды басынған...

Ер есімі – ел есінде

Жарық жұлдызды кім жасырған.

Қазақтың қайсар ұл-қызы,

Атағын айдан асырған.

Жаңаөзен – жанның жарасы

(айтыстан үзінді)

Армандап келдім алдыңа,

Арқалап ауыр жыр жүгін.

Ақиқат айтар айтыста,

Айтайын заман шындығын.

Тіліме тиек етейін,

Келеңсіз қоғам қылбырын.

Бейбіт күн кешкен елімді

Тынышын алып не қылды,

Қалайша айтпай кетейін

Жаңаөзеннің қырғынын.

Тәуелсіздіктің тойында

Өр Маңғыстаудың бойында,

Аждаһа сол бір жағдайды

Ағайындар-ау қылды кім?

Кетіріп сәнін қаланың

Көз жасын төгіп ананың,

Ұйқысын бұзған баланың

Қылығы дерсің жындының.

Еңбектің дауын айла қып

Мұнайшыларды пайда қып,

Азғырып қазақ жастарын

Айдап салды екен кімді-кім?

Жоспарлап бұны ертеден,

Киіз үйімді өртеген

Құдай-ау қандай қасірет,

Өлтірсе қазақ бір-бірін.

Армандап өтті бабалар,

Мамыражай, бейбітшілікте

Алаштың аңсап тірлігін.

Біздерге парыз емес пе,

Бабаның сақтау тіл-дінін.

Жаратқан өзің жар болып,

Елімнің сақта бірлігін!

bottom of page