Тайтөлеуов Жайдар Санатұлы
Тайтөлеуов Жайдар Санатұлы 2000 жылдың 26 сәуір күні туған.Ақшатау кентінің Ш. Уалиханов атындағы орта мектебінің оқушысы.
ӨЛЕҢДЕРІ
Қазақпыз атқа мініп, жауға шапқан,
Қазақпыз ақылмен дауы тапқан
Бүгінгі мерей- тойың құтты болсын
Төріне қазағымның болып жатқан.
Абылай, Тәуке хандар салған жолмен,
Келеміз қасиетті дар жолмен.
Халқына тәуелсіздік сыйлап кеткен,
Жалғастыр кейінгі ұрпақ абыроймен.
Бес жүз елу толыпты хан жолына,
Хан жолына, қазақтың мән жолына.
Жасасын мәңгілікке халқымыздың,
Батырлық, ерлік деген асқақ рухы.
Бүгін біз мәңгі елдің бірі болдық,
Қасиетті, Қастерлі қазақ бодық
Ата, салт-дәстүр деген ережемен
Тәуелсіз, дербесдеген жолға қондық
Болмасын қан-төнкеріс жерімізде,
Болмасын еш қиындық төрімізде
Қолдасын бір тәңірім бәрімізді,
Мұсылман, қазақ деген елімізді.
Аналарға тағзым
Ана деген...
Асыл сөздің бастауы
Ана деген...
Қасиетін, қоштауын
Ана деген...
Жаныңыздың жүрегі
Көңіліңді көтереді, қайғырсаң
Жан- жараңды жазады екен жылаң
Түн ұйқысын төртбөледі сен үшін,
Бесігіңде сен тыпыршып жатпасаң
Жылуы оның жетеді ғой әлемге
Саған, маған мына жұрттың бәріне,
Ғажап қылып, Алла оны жаратса,
Таң қалмандар оның ғапиз жанына.
Қарыз оның бұл әлемде шектеусіз,
Тіпті анау Меккенің де төрінде.
Жұмақ кілтін табанының астына.
Салып берген арнап оған тәңірім
О, адамдар сыйлаңдар аналарды
Даналарды, өмірдегі паналарды.
Ақ сүт беріп дарытқан өн бойыңа,
Атаңдар ақ ниетпен парызыңды