top of page

Қуатов Ержан Нұрланұлы

Қуатов Ержан Нұрланұлы  1997 жылғы. Шет аудандық агротехникалық колледждің студенті. «Жүрегімнің бір бөлшегі» атты өлеңдер жинағын (брошюра) Ж. Ақылбаев мектебі шығарған. Абай оқуларына өз шығармашылығы бойынша қаысып, жүлдегер атанды. Аудандық мүшәйралардың белсенді қатысушысы, басқа қоғамдық шараларға үзбей қатысады. «Фариза Оңғарсыноваға  арнау», «Мұқағалиға арнау», «Абайға арнау», «8 Наурыз», «Ана, Ана!», «Ұлы Дала... Үзік - үзік суреттер» және тағы басқа өлеңдердің авторы.

-s4RgOHXm7E_edited.jpg
ӨЛЕҢДЕРІ

 Ұлы Дала... Үзік- үзік суреттер...

Тал ексеңіз ұлттың  балғын бағына ек...

Керей менен хандық құрды Жәнібек.

Талапайлап, ақ киізбен көтеріп

Алты алаштың сайлаған-ды ханы деп.

 

Дәл сол күні ұлттың ұлы таңы атты,

Кетпесінші, деп тіленді, ағаттық.

Ұлар биік көздеген күнді бабалар

Ұрпақтары мерейлі жыл санапты.

 

Тәуке хандай болғанда ақылманы,

Абылайдың жиналғанда батырлары ,

Қазағым сол дәуірде жау жайратып,

Арда күрең жасқанбай тақымдады.

 

Ал  бүгінде жаңа заман ақ таңы,

Ұлы Дала- қазағымның мақтаны.

Ұлтым деген қастерлі сөз- ұғымды

Жүрегімнің түкпіріне сақтадым!

Ана

Жылы леп қабылдайын сізден келген,

Кеудемді осындайда өлең керген.

Мен-дағы Ана алдында басымды ием,

Маржан сүзіп алса да, терең көлден.

 

Аналар, қадірің зор қашанда,

Өмірімнің шуағын сізден көрем.

Әйелдерден пайғамбар шықпағанмен,

Пайғамбарлар туылған әйелдерден.

 

Өмірде кімдер ғаріп, кім ғарап,

Жанында аялайтын анаң артық

Сыйлайықшы ендеше, о адамдар

Ана деген қасиетті үш ақ әріп.

 

Ана өзінен мейрімді табармын

Тәрбиені бір өзінен алармын

Қартайғанда бақытты боп бізбенен

Жас крмесін жанарын.

 

Еңбектерін Аналардың бағала

Қыйындықты көрмей өтсін жан Ана

Бар жамандық аулақ болып өзінен

Мен тілеймін ұзақ ғұмыр анаға.

8 наурыз

Мейірлі күн сөзімді сезім айтам,

Аруларды Әлпештер негіз айттым.

8 Наурыз төл күніне

Аналарға бір тамшы лебіз айтам.

 

Ажарынан күн шуақ төгілетін

 Қабағынан шам шырақ бөлейтін,

Тірліктегі тіреуші ақ аналар.

Базарынан мейірі көрінетін.

 

Көктемнен көріктелген бастауларын

Көріңдер аналар жастау бәрін

Мерекелі күндерің құтты болсын

Желбіресін аспанды шашбауларың.

 

Күміс күлкі кетпесін келбеттерден,

Иман берсін жүрекке кер көктемнен.

Нұр тасысын жымиған жүздерінде,

Босамасын бесіктер тербеп берген.

 

Ана күткен күнәден тазаланар

 Кері кеткен ақыр күн жазаланар

Тірліктің бояуына көрік берген

Мың жасасын ақжаулық әз аналар.

Фариза Оңғарсыноваға арнау

Жырларымен халықты тамсандырған,

Нәзік жанды жырымен ән салдырған,

Өлең жазсам қолыма қалам алып,

Сіз шығасыз қашанда, қарсы алдымнан.

 

Арпалысып ақ адал сезімменен,

Жыр жазам деп түнімен көз ілмеген,

Шабытым шағала боп ұшатындай,

Кездесуге асығам өзіңменен.

 

Сыр ақтарған сандуғаштай жыйнағын,

Жыр кеудеңе тасқын болып сыйды ағын.

Сіз жаздыңыз халық мұнын тебірене,

Айналдырса кейбіреулер үй маңын.

 

Ақынның жырларынан бұлт арылмай,

Ақынды ақын дейік іш тарылмай.

Жырымен жеткізбейтін жүйріктердей,

Фариза ана ақындардың тұлпарындай.

 

Өмірде өлең болып қалағаны,

Қазақтың қастерлейді әр адамы,

Қондырған көңілінің көліне кеп

Ақ қанат шабыт дейтін шағаланы.

Мұқағалиға арнау

Көңілге көктем, орнатар ақындарым,

Мұқағали емес пе мәрт ұлдарың.

 Ақын жайлы осылай ойлар айтып

Ақиығын қазақтың мен жырладым.

 

Асқар шын, ақындардың биігісің,

Өзіңді ойлап ағажан күйінді ішім.

Соқпақ болып жырларын қалды бізге

Елес болып бет-бейнең тірімісің.

 

Ақынның өзі өлсе де, сөзі өлмейді,

Дертіңді ем жазбаса, жыр емдейді.

Бұл өмірде Мұқағали жоқ дегенге

Жыр сүйетін ұрпағың еш сенбейді.

 

Жырларың ғасырлармен жалғасады,

Ақындар өмірімен алмасады.

Мұқағали ақынымның өлеңдері

Қалай ғана архивте шаң басады.

 

Жарыққа шығарамын жырларыңды,

Ашылмаған ашамын сырларыңды.

Жыр сүйетін көрерменім мың рахмет,

Білгенмін осылайша тыңдарыңды.

Ана!!!

Үш әріптен құралған ана жайы

Аналарда адамдар бағалайды

Аналардың барлығы осындай деп

Ақын ұлың мінеки саралайды.

 

Ана деген асылы ғой адамның

Жүрегінді жібітеді наданның

Асқар тауы әке болса өмірдің

Аяулы жан анасы ғой ғаламның.

 

Ана деген ең керемет тамаша адам

Аналардың көрмеймін аласадан

Қартайғанда өзіне көрсетсінші

Қызықтарын осылай бала- шаған.

 

Не айтсам ана саған көп болмайды,

Ұл-қызыңның келе берсін шамасы оған

Алтын дайын жарқырап жүре бер деп

Саусағына сақина сала салам.

bottom of page