top of page

Қамиев Ұланғасыр Жанатұлы

  Қамиев Ұланғасыр Жанатұлы 1999 жылы 2 желтоқсанда  Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды ауылын дүниеге келген.

Шет аудандық агротехникалық колледжінің 2 курс студенті.  Ұланғасыр 4 жасынан өнерге әуес болып өсіп келеді. (Ақындарға ұқсап) Ағасы ақын Дидардың айтысқа киетін киімдерін киіп, домбырасын сүйретіп ақын боламын деп жүретін.

  Мектепте жалпы ауылдық мәдениет үйінде өткізілетін барлық мәдени шаралардың белсенді қатысушысы. Домбырамен күй тартады, өлең шығарады,Қара жорға бишілер үйірмесінің мүшесі, облыстың Абай оқулары байқауларының  жүлдегері. Мектепте өткізілетін аудандық және облыстық жас өспірімдер арасында ақындар айтыстарына қатысып бірнеше мәрте жүлделі орындар алды.

y_198cda12.jpg

   Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған мүшайралардың жеңімпазы. Шығарған өлеңдері - Абай атама,  Батыр ата, Мұсылманмын, Әкеме, т.б.

ӨЛЕҢДЕРІ

Мұсылманмын

Алланың  қалауымен  жерде  жүрген

Періште  емес.  Жайғана  пендемін  мен

Қазақпын   сансыз  шүкір   мұсылманмын

Шыр  етіп  дәниеге  келгенім  нен.

 

Хақ  жолынан  таймауды-қағада  еткен

Талай  жанның  басынан  фәне  де  өткен

Адалдықты  ту  қылған  аталарым

Қалың   елдібастаған   шариғатпен

 

Қойманаға  аңызбын  бүгінде   мен

Бұқарым  бар  сөзінен   сүрінбеген

Көмекей  әулиесі   көшін  бастап

Мұсылманның  арасы  бүлінбеген

 

Құнанбайдай   қажылар  тұрғанында

Әзәзіл  бас  сұқпаған   бұл   қауымға

Әкеге  тартып  туған   дана  Абайда

Құдайы  тани  білген  құндағында

 

Шәкәрім  шәшнур   Жүсіп   мақтанышым

Көз  жасы  кеппей   өткен  Ақ  таң  үшін.

Махаңдардың  сарқыты   Мұқағали

Сатпағн  асыл  дінін.  Мақтан  үшін.

 

Асыл   дін   қазағыма   болған  құнды.

Алласын  көніліне  қорған   қылды.

Жаңылмай   жүріп  өтсек   бізде  арман  жоқ

Бабалар  салып  кеткен   сол  даңғалды.

 

Бұл  жалғанда  қонғанмен  арсызға  бақ.

Ақіретін   ойламай   қамсыз   қалау.

Мұсылман  қып   жаратқан  баршамызды.

Жаратқанға  айтайық  сансыз  мадақ

 

Жүректің  талай  қара   құлпын  ашып.

Асыл  дінім  биікте   тұрмың   асып.

Иә  Раббым   біздерге  бұл   өшірден

Мұсылман   боп  өтуді  қылшы  нәсіп.

 

Бұл  бала  кезек   бермей   тасынама

Жоқ  әлде  қарсыласты   басынама

Ұзақ    сөйлеп   кетеді   қайтағайта

Мұғалімнің    баласау   осы   бала.

Кішкене   қысқа  нұсқа  сөйлешесең

 

Өлеңін   елдің   құын  қашырами

Жамбылда  көп   сөйлеуді  ұнатпаған

Жамбылдың    көп   сөйлеген    жасы  ғана

 

Өлеңін    сенің  қалың  орман  шығар

Мен  бірақ   жан   емеспін   жолдан   шығар

Мұғалімнің   баласы   емеспін   деп

Айтқаның    өзіңізге   қорған   шығар

 

Мен   ұзақ   сөйлеуіңді  айтып   едім

Сенікі   өлең   емес    толғау  шығар

Мұғалімнің  баласы    болмасаңда

Бір  атаныз   мұғалім   болған   шығар

 

Айтыс   деген   өзенғой   жайықтай  ірі

Көп  ақынның   өтетін   жоқ  қайығы

Осымен  төртін   шірет   келіп  тұрмын

Бас  бәйге  алып  жатсам   баққой  ірі

 

Ал  енді  бұл  айтысты   жүргізетін

Атақты   айтпай   ақын   Ботпай   ұлы

Былтырда   алатұғын   шанс  боп  ед

Бірақта  Доскей   ақын   Айтбай   ұлы

 

Алла   жазса   дән   бүгін   топ   жарады

Талдының   бас  бәйгесіз  қайтпай  ұлы

Не   болсада    әйтеуір  шүкір  деймін

Әр  сынақтың  болат  дейт  көп  қайыры.

Әкеме

Әкем кетті қайтадан оралмады

Бар еді қол жетпеген мол арманы

Ызыңымды естіді сәби күнгі

Амал не қызығымды көре алмады

 

Жанына ертіп берген соң жастан тәлім

Әрдайым қуанышпен атқан таңым

Пана тұтып алаңсыз жүргенімде

Ойда жоқта құлады асқар тауым

 

Әкем кетті қайтадан келмейді анық

Оны ойласам жан болмас мендей ғаріп

Елеңдеумен жүремін келер деумен

Көз сенгенмен, көңілім сенбейді анық

 

Әр сөзінен жүруші ем күш алып мен

Күндерім өтіп жатыр құсалықпен

Үш жылдың жүзі болды айырлығалы

Әке деген аяулы үш әріптен

Батыр ата

Атам менің ақтабан

Елін жаудан сақтаған ,

Суықтарда қақаған

Ыстықтарда аптаған .

Қарсы шыққан қайыспай

Қалың жауға қаптаған ,

Ішкі арманы жеңіс боп

Дұшпандарын таптаған.

Кеудесінде жарқырап

Орден, медаль қаптаған,

Өле өлгенше тың жүріп

Қартайдым деп жатпаған .

Бар білгенін үйретіп

Тұлпардай бізді баптаған ,

Сол атамнан үйреніп

Жыр дастанды жаттағам .

Осындай батыр атамның

Немересі болғанға

Мен әрдайым мақтанам!

Жеңіс  жыры

Ұлы жеңіс!

Құдай берген халқыма ірі жеміс

Жан аямай айқасқан аталарым

Қан майданда қалдырмай тірі неміс

 

Қырық бірдің,

Маусымында басталған бүлік қырғын

Мамыражай күнінде қырық бестің

Ұлы жеңіс далама күліп кірдің!

 

Сол ала жаз,

Ұмтылса да, жазылған жаралар аз

Бір ошаққа оралса қара бала

Мың ошақты зарлатқан қара қағаз!

 

Осы дала,

Күрсінеді сол шақты есіне ала.

Сұм соғыстың жазылмас жарасындай

Қалды артта жетім бала, жесір ана!

 

Зеңбіректен,

Ащы дауыс шыққанда ел дүр еткен

Жылдар салып араға келді көктем

Жеңісімнің жалауын желбіреткен!

 

Зор белеске,

Туған елін шығарған ерлер есте.

Бұл жеңіс аналардың жасыменен

Аталардың қанымен келді емес пе?!

 

Жеңіс ұлы!

Бейбіт елдің жарасқан келісімі

Жаратқаннан тілеймін жас ұрпаққа

Естілмесін ешқашан соғыс үні!!!

bottom of page