top of page

Маратов Дастан Думанұлы

   Ақсу-Аюлы кентінен.

ӨЛЕҢДЕРІ

Мәңгілік Ел

Тәуелсіздігім!

Басындағы бақыттың сезерсің құның,

Еркіндігіңді еншіне еңсеріп берген,

Есіл Ерлердің еңбегі еленсін бүгін.

Азаттық Таңым!

Сеземін сенде сарқылмас ғажап құт барын.

Жерімнен мұнау төрімнен көргім келеді.

Қайғысыз жүрген, қаны бір қазақтың бәрін.

Астанам менің!

Басқаға бермес байрақты бас қалам бегім,

Күмбір күй кеудемнен әуелеп шыққан.

Қазағым жайлы қастерлі асқақ ән дедім.

 

Ана тіл-арым

Ардақтап өтер мәңгілік дана тұмарым

Абыздарының әр сөзін жадында сақтар

Аталы ұлдың болсыншы санаты қалың.

 

Иманым – дінім!

Шуағын шашып жүрекке құйған күн нұрын.

Құбылаға қарап құл болып, адасқан пендең

Ақиқатына Алланың иландың бүгін.

 

Бөктері мекен!

Түркі еді тегім, ел рухым- көкбөрі көкем

Жері үшін жанын пида етіп, жауына шапқан

Батыры қайсар, бектері сөзіне бекем.

Таңыңдай шырай

Байлығын батпан, қазыналы қолыңда мұнай

Мұраты асыл, қазақтай мәңгілік елді

Бақыттан мәңгі бастарын айырма құдай.

Аюлым- алтын бесігім

Аюлы- менің туып өскен өлкем,

Өзені де, таулары да көркем,

Көк аспаы – мөп- мөлдір тұнық

Күн батқаны- шамшырақтай сөнген.

 

Сәби кезде Аюлымда асық ойнап жүр едім,

Туған жерін сүйетін баласының бірі едім.

Алыс кетсем, ойға шомып сағынғанда ауылды

Жанарыма жас келеді, елжірейді жүрегім.

                                         

Жайқалған бәйшешегі гүлдейді көктемде

Не жетеді, ауылда асыр сап, доп тепкенге.

Ауылдың таза ауасында кеш қыдырып, демалып,

Не жетеді, достарыммен жарыса қуып жеткенге!

bottom of page