top of page

  Смайл Мөлдір Хуандыққызы Шет ауданы Сәкен Сейфуллин кенті тумасы Сәкен Сейфуллин кітапханасының оқырманы

Арнау Жұбанның рухына

 

Болмаған ойға шолақ тілге жетім,

Жырлары жүрегіңе нұр беретін.

Алаштың ақыны еді Жұбан  атам,

Өкінішті өмірге бір келетін.

 

Тұғырыңнан қырандай түледің де,

Жұртын үшін қайғырып жүдедің бе?

Сақталып жүр қалдырған қара өленің,

Жатталып жүр ұрпақтың жүрегінде.

 

О,атам асқар тауым, мұзбалағым,

Шыңды көрсем есіме сізді аламын.

 Сіз қалдырған өлеңдер сенім сыйлап,

Жүректердің жібітер сыздағанын.

 

Бір заманда сан халық құрып кеткен,

Атам елдің арнасын бұрып кеткен.

Елдер орыс бола алмай жүрген кезде,

Мен қазақпын деп кеуде ұрып кеткен.

 

Мен қазақ деп жар салған бар ғаламға,

Жасқанбай аю, қасқыр, қарғаданда.

Шоқынып кетер еді қанша ұрпағың,

Сенің рухты өленің болмағанда.

 

Ұмытып кей  ұрпағын тілін, дінін,

Саны азайды текті мен білімдінін.

Қазақтығың ұмықан кей ұрпақты

Жігер сыйлап оятты жырың бүгін.

 

Қуанышта көңілін кім жүдеткен.

Аңсадым сізді де еске алар күнді көптен

Жұбан Молдағалиевтің рухына

Бұл жырымды арнаймын шын жүрекпен. 

Ақын жайында

 

Мен қазақпын мың өліп мың тірілген,

Айғағымнан ай туып, күн түрілген.

Қатпар-қатпар естисің тарихымды,

Жаралы жүрегімнің дүрсілінен.

 

Тар заманда табанды қына тілген,

Тағдырым адастырды мың асумен.

Заман жүрсе қазақты жылатумен,

Жұбан жүрді қазақты жұбатумен.

 

Қарсылық көрсетсе де қадамына,

Көк төбеттер жабысып балағына.

Елмен бірге у ішіп қазанына,

Мұңыменен зарын айтты заманына.

 

Жолықса да талайдың залымына,

Еш балта тигізбеді тамырына.

Ел үшін еңбек етіп өмір бойы,

Оралды қарт Алатау бауырына.

 

Уақыт бергенімен кеш бағасын,

Жауына білдірмеді еш жарасын.

Әр қазақтың өшпейді жүрегіне,

Өзі де өлең болып кеткен ақын.

2021-05-24_181106.png

Адамзатқа

 

Көкірек көзі қараңғы,

Жақсы қылатын жаманды.

Қатігезден де қатігез,

Жек көрем кейде адамды.

 

Айырмай адал арамды,

Данышпан дейтін наданды.

 Ақымақтан да ақымақ,

Аяймын кейде адамды.

 

Тіреп тұрғандай ғаламды,

Жомарт көретін сараңды,

Түйсігінде саңылақ жоқ,

Түсіне алмаймын адамды.

 

Ұқсататұғын жағаңды,

Жағдайлар қаптап заманды.

Жапандағы жыртқыштан,

Қауіпті көрем адамды.

 

Алыстататын араңды,

Дұшпан қып ата-анаңды.

Ала аяқтанда ала-аяқ,

Әз әзіл көрем адамды.

 

Жарықтан жасап қараңғы

Жаратқан Жаббар ғаламды.

Тура жолыңнан тайдырмай,

Адастырмашы адамды.

bottom of page