top of page

Бәдел Жаһаншақ Жандосұлы

  Бәдел Жаһаншақ Жандосұлы  2000 жылы 18 желтоқсанда туған. Нұраталды орта мектебінің  оқушысы, осы мектепте 1 сыныпты аяқтап, Астанада оқыды, содан 8- сыныптан қайта Нұраталды мектебінде оқып келеді. Астана  радиосында «Алақай» бағдарламасында жүргізуші болды. «КАТЕV» рейтингісінде эссе, Қазақстан  РТРК ұжымның атынан өз шығармашылығымен көзге түсіп, талай марапатталды.. Өлеңдері: «Тарих жайлы ой толғау», «Өтірікпен әдемі жыр құртылады», «Қазақта ел болмаған дегендерге».

ӨЛЕҢДЕРІ

«Қазақта ел болмаған дегендерге»

Азайтып топ алдында қарқынымды,

Төмендетіп алмайын бар құнымды.

Жырлайын, тап бес жарым ғасыр бұрын

Керей, Жәнібек құрып берген хандығымды.

Айта алам «елім десем толғанам»-деп,

«Жыраулардың соңы болып жалғанам»- деп.

«Бала жыры, бақсының жыны» қылып

Путин айтты: «Қазақта ел болмаған»- деп.

Хандықеді әлімсақтан бас бағымыз,

Жөн болмас бар ырысты шашқанымыз.

Қолда дәлел, һәм дәйек болғаннан соң,

Келмейді оның сөзін растағымыз.

Қазақ жері қазақтардың     мақтаны еді,

Тарих  болмаса Петр бізді байқар ма еді?

Қазақтың ұлан-ғайыр жерін көріп.

«Азияның қақпасы» деп айтар ма еді?

Бізде хандық шынымен болмаса егер,

Жоңғарлардың беттері қайтар ма еді?

Жәңгірхан алты жүз ғана сарбазбенен

Елу мыңдай жоңғарды жайпар ма еді?

Ақындық өңіріне Радловтай

Танданып ғалым басын шайқар ма еді?

Хандық болдық, Тәңір бізді жақтағасын,

Ниетіміз жауған қардай ақ болғасың.

Сондықтан білмей жатып күпірлік қып

Жамандап, бос лепіріп, оттамасын.

Әруақты Жәнібек, Керей бабам,

Тамырында қазақы қан ойнаған.

Елге деген махабаттан айналайын,

«Құлқын» емес, «ұлтым»деп атойлаған.

Хандығына еге болған хандарым-ай,

Құрбан қылған ұлты үшін жандарын-ай!

Тағын емес астында болғанындай,

Бағының ойлаған елдің жанғанын – ай!

У болмаса, ақын тілі шағар ма еді,

Тамыршыдай үндістікті табар ма еді?

Қазақта шыныменен ел болмаса,

Абылай Бұхар тілін алар ма еді?

Арқасында патшаның ақын тыңдар,

Қазақтың баста бағы жанар ма еді?

Ұлты үшін Тәуекел хан тәуекел ғып,

Әскер бастап қолын қанға малар ма еді?

Тәуке хан «Жеті жарғы» заң шығарып,

Нүкте болған ең соңғы хандығымда,

Елі үшін құрбан қылған барлығын да.

Елі үшін ақ патшаға басы кеткен

Хан Кенеге қарыздарсың барлығың да.

Хандығым, болмақ дәйім атың нұрлы,

Сарп етейін  сен үшін бар дарынымды.

Бүгінгі «хан» алса болды сенен үлгі,

Ұрпақтарың білсе екен қадіріңді.

Өтірікпен әдемі жыр құртылады,

Ал, шындықпен сөз көркейіп құлпырады.

Арғы аталар Сүйінбай мен Бақтыбайлар,

Шындық айтып бұрқасындай бұрқырады.

Абылай да Бұхардың назын тыңдап,

Алға қарай сүйреді жұртын әрі.

Шындықты сүннет қылған Пайғамбар да

Әлімсақтан шындық еді жыр тұмары.

Бұл күні ақын тыңдар төре бар ма?

Шындықтан жалтарады, бұлқынады.

Елдің жайын сәл ғана айта қалсақ,

«Мынауын аппозиция» деп қылқынады.

Өле- өлгенше елдің жайын жырлап өткен,

Қазақтың Оразәлі – біртуары

Жүрсін атам тілімен айтар болсақ,

Дұрыс болса, бұл сөзді жұрт ұғады:

Өмір деген қағазы «туалеттің»,

Жыртылмайтын жерінен жыртылады.

Бұл күнгі ақындарға күйе жақпан,

Шыңнан белес алуға ұмтылады.

Мысалы, Айбек пенен Ринаттар

Ақиқатты айтам деп жұлқынады.

Бірақ та, кей адамның бұл күндері

Боқ дүниеден аспай тұр құлқыны әлі.

Айтысты қарап отсақ көк жәшіктен

Қырқылмайтын жолдар да қырқылады.

«Қазақта ел болмаған» дегендерге

Азайтып топ алдында қарқынымды,

Төмендетіп алмайын бар құнымды.

Жырлайын, тап бес жарым ғасыр бұрын

Керей, Жәнібек құрып берген хандығымды.

Айта алам «елім десем толғанам»- деп,

«Жыраулардың соңы болып жалғанам»- деп.

«Бала жыры, бақсының жыны» қылып

Путин айтты: «Қазақта ел болмаған»- деп.

Хандық еді әлімсақтан бас бағымыз,

Жөн болмас бар ырысты шашқанымыз.

Қолда дәлел, һәм дәйек болғаннан соң,

Келмейді оның сөзін растағымыз.

Қазақ жері қазақтардың мақтаны еді,

Тарих болмаса Петр бізді байқар ма еді?

Қазақтын ұлан- ғайыр жерін көріп.

 «Азиянын қақпасы» деп айтар ма еді?

Бізде хандық шынымен болмаса егер,

Жоңғарлардың беттері қайтар ма еді?

Жәңгір хан алты жүз ғана сарбазбенен

Елу мындай жоңғарды жайпар ма еді?

Ақындық өнеріне Радловтай

Таңданып ғалым басын шайқар ма еді?

Хандық  болдық, Тәңір бізді жақтағасын,

Ниетіміз жауған қардай ақ болғасың.

Сондықтан білмей жатып күпірлік қып

Жамандап, бос лепіріп оттамасын.

Әруақты Жәнібек, Керей бабам,

Тамырында қазақы қан ойнаған.

Елге деген махаббаттан айналайын,

«Құлқын» емес, «ұлтым» деп атойлаған.

Хандығына еге болған хандарым – ай,

Құрбан қылған ұлты үшін жандарын-ай!

Тағын емес астында болғанындай,

Бағының ойлаған елдің жанғанын-ай!

У болмаса, ақын тілі шығар ма еді,

Тамыршыдай үндестікті табар ма еді?

Қазақта шыныменен ел болмаса,

Абылай Бұхар тілін алар ма еді?

Арқасында патшаның ақын тыңдар,

Қазақтың басты бағы жанар ма еді?

Ұлты үшін Тәукел хан тәукел ғып,

Әскер бастап қолын қанға малар ма еді?

Тәуке хан «Жеті жарғы» заң  шығарып,

Нүкте болған ең соңғы хандығымда,

Елі үшін құрбан қылған барлығын да.

Елі үшін ақ патшаға басы кеткен

Хан Кенеге қарыздарсың барлығың да.

Хандығым, болмақ дәйім атың нұрлы,

Сарп етейін сен үшін бар дарынымды.

Бүгінгі «хан» алса болды сенен үлгі,

Ұрпақтарың білсе екен қадіріңді.

bottom of page