top of page

Шатекова Нұргүл Төлеуқұлқызы

   Шатекова Нұргүл Төлеуқұлқызы 1982 жылдың 6-наурызында туған. Туып-өскен жері Шет ауданының Тұмсық ауылы. Осы ауылда тұңғыш мектеп есігін ашып, орта білімді аудан орталығында тәмамдаған. Ұстазының ерекше ықыласы мен ықпалының әсерімен 1998 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Оқу мен еңбекті қатар алып жүрген Нұргүл алғаш еңбек жолын Мұхтар негізгі мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастайды. Ана тілінің жанашыры және өз мамандығының талантты иесі бола білген ол дипломын қолына алып, аудан орталығындағы М.Горький атындағы мектеп-гимназиясына ауысып, ұстаздықтың ұшар шыңын бағындыру арманымен шәкірттерін тіл мен әдебиеттің үлкен әлеміне жетелеп, шығармашыл жасөспірімдерге бағыт–бағдар беруді мақсат тұтады.    

i-656.jpg

  Нұргүл бала шағынан қағаз бетіне балғын өлең жолдарын тізбектеп жазуымен ерекшеленіп, есейе келе алғашқы туындылары баспасөз беттерінде жарық көре бастайды. Оның өлеңдері сыршыл лирикаға тұнған толғанысқа жетелейтін жыр жолдарымен айқын.

  1998 жылы «Шет өңірі ақындарының антологиясына» енгізіліп, ең жас ақын ретінде танылған болатын. 2009 жылы «Қасым Аманжолов атындағы» жыр мүшәйрасына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

   Бүгінде Нұргүл Шатекова Оқушылар үйінің директоры, «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы.       

ӨЛЕҢДЕРІ

 Қос жұлдызым

Қос жұлдыздай жарық берген көгімде,

Шырқап жүрер жүрегімнің әні де.

Мені алға жетелейтін мәңгіге

Әке, ана, сендер берген мейірімде.

Асыл ана, ардақты әке, сендерге

Жыр боп тамдым жүрегіңнің көліне.

Шіркін, мына кең даламның төрі де

Сендерменен байтақ маған тегінде!

Сендерменен маған уайым жуымас,

Еш қайғы-мұң көңіліме дарымас.

Сендерменен көгімде күн сөнбейді,

Қара бұл та ентелеп кеп төнбейді.

Дәуірлерден дәуірлерге ұласып,

Тағдырлардан тағдырларға ту асып

Кетсе егер тамыр жайып өркенім,

Мұның бәрі тек сендердің тілегің.

Қуанышпен жасандырған көңілді,

Шаттықпенен безендірген өмірді.

Ақ батамен айғақтаған жолымды,

Әке, ана, тек сендердің сезімің.

Шырай беріп, қуаттаған төзім де,

Бал дәуреннің ғажабы мол кезі де,

Өмірлік сын, ұлы сал жол салалы-

Барлығы да өздеріңнен дарыды.

Қымбат маған есімдерің тұлғалы,

Жалғастыру міндетімде арманды.

Тағдырымның риза болып алдында,

Бас иемін қасиетіңді ұғына.

Алақанға салып қана мәпелеп,

Болашаққа нық қадаммен жетелеп,

Бұлғаң қағып, сайран салып, еркелеп

Жүргеніме тек сендердің махаббатың сеп беред.

Қажырыңды, ақ сүтіңді аялы,

Ақ сезімнің, мол шуағы саялы,

Мен сөз берем, бұл жырым да айғағы-

Парызымды өтеп жүрем күн алды.

Туған жер

Алыс кетсем туған жердің төсінен,

Сағынышым сары күй боп төгілген.

Шабытыма артып алып қаламды

Туған жерге бар сезімімді төгілтем.

 

Ақ таңдары туған жердің – ару қыз,

Рауан кеші бір сүйкімді сары күз.

Сондағы бар тамашаны көруге

Қашанда да жүрегіммен асықпыз.

 

Туған жерге ғашық емес жоқ адам,

Туған жерім - әкем, анам, бар ғалам.

Сол ғаламда кіндік қаным тамғаннан

Менен артық бақытты да жоқ адам.

 

Ыстық маған тауы, тасы, даласы,

Шипа маған өзен-суы, ауасы.

Мендегі бар махаббаттым өзіңе

Еркелеуім саған содан балаша.

 

Алыс кетсем туған жердің төсінен,

Сағынышым сары өлең боп өрілген.

Басымды иіп, тағзым етіп отырмын,

Өйткені, Ұлы жердің қызы мен. 

«Тастанды». «Жетім бұрыш»

Қараңғы түн, терезеден үңілдім,

Бос айнала, мен де боспын тастанды.

Анам қайда, әкем мені ойлай ма,

Мен қалайша атандым... «тастанды»?!

 

Жетім бұрыш, мен сол бұрыш бөлігі,

Осылайша жаутаң бастап өмірді,

Менің бала балғын шағым, о, шіркін,

Мына сұртаң қабырғада басталды.

 

Қаншамамыз, мен де жетім, олар да,

Ұқсас емес түр-тұлғамыз, алайда,

Ұқсас біздің арманымыз, шеріміз,

Ата-ананың мейірінен адамыз...

 

Қараңғы түн, құшағымда қонжығым,

Терезеден алаңдаулы қарадым.

Жетегінде бір сәулелі үміттің,

Қайта-қайта қақпа жаққа қарадым.

 

Осылайша өтіп жатыр әр күнім,

Әке-шешем жоқ дегенге сенбедім.

Олар мені ұмытпаған болар да,

Тарқалары болар ма еді қайғымның?!..

 

Түс көремін, сол үшін де ұйықтаймын,

Маған онда анам кеп жатқандайын.

Әкем де бар, арқалап ап ұшады,

Екеуі де қолымды алып құшады...

 

Осы қиял жылу беріп жаныма,

Қорқам, әсте, мына бұрыш тартып оны ала ма.

Керегі жоқ мына ғұмыр жалғанның,

Жүрегімде қуанышым жанбаса...

 

Анам қайда маған ғұмыр сыйлаған,

Әкем мені ұрпағы деп білмей ме?!

Олардың да жүрегінде сағыныш

Дәл мендегі сағынышпен бірдей ме?!

 

Қанша жұмбақ көкейімде түюлі,

О, адамдар, тауып берсең анамды

Сүйіншімді ащы жаспен төгер ем,

Өйткені мен... білмейді екем күлуді...

Қос жұлдызым

Қос жұлдыздай жарық берген көгімде,

Шырқап жүрер жүрегімнің әні де.

Мені алға жетелейтін мәңгіге

Әке, ана, сендер берген мейірімде.

Асыл ана, ардақты әке, сендерге

Жыр боп тамдым жүрегіңнің көліне.

Шіркін, мына кең даламның төрі де

Сендерменен байтақ маған тегінде!

Сендерменен маған уайым жуымас,

Еш қайғы-мұң көңіліме дарымас.

Сендерменен көгімде күн сөнбейді,

Қара бұл та ентелеп кеп төнбейді.

Дәуірлерден дәуірлерге ұласып,

Тағдырлардан тағдырларға ту асып

Кетсе егер тамыр жайып өркенім,

Мұның бәрі тек сендердің тілегің.

Қуанышпен жасандырған көңілді,

Шаттықпенен безендірген өмірді.

Ақ батамен айғақтаған жолымды,

Әке, ана, тек сендердің сезімің.

Шырай беріп, қуаттаған төзім де,

Бал дәуреннің ғажабы мол кезі де,

Өмірлік сын, ұлы сал жол салалы-

Барлығы да өздеріңнен дарыды.

Қымбат маған есімдерің тұлғалы,

Жалғастыру міндетімде арманды.

Тағдырымның риза болып алдында,

Бас иемін қасиетіңді ұғына.

Алақанға салып қана мәпелеп,

Болашаққа нық қадаммен жетелеп,

Бұлғаң қағып, сайран салып, еркелеп

Жүргеніме тек сендердің махаббатың сеп беред.

Қажырыңды, ақ сүтіңді аялы,

Ақ сезімнің, мол шуағы саялы,

Мен сөз берем, бұл жырым да айғағы-

Парызымды өтеп жүрем күн алды.

Бір ойым

Қайырылып дүние келмейсің,

Рақымсыз тағдыр, не дейсің?!

Жүреккке түскен сызатты

Енді қайтіп емдейсің.

 

Көмейде тұрған сөз болса,

Көңілде тұрған сыз болса,

Алысып жатыр бір ойым

Намыс пен ардың жолында.

 

Бүркеніп ащы ләззатты

Кеудемде ауыр мұң жатты.

Жаратқан, сенің қолыңда

Қайырып тастау азапты.

 

Қараңғы бұрыш, сәуле жоқ,

Басымда және азат жоқ.

Тақымға басқан жүйрік ой

Көкпарға түскен бұйрық қой.

 

Аманат етіп арманды,

Тұмар қып тағып сырымды.

Бәдәуи болып барамын

Жоғалған іздеп санамды.

bottom of page