top of page

Әбдіғалық Әли Ерболатұлы

 Әбдіғалық Әли Ерболатұлы 1997 жылдың 1 қаңтарында Шет ауданына қарасты Киікті ауылында дүниеге келген.Қазіргі таңда Астанадағы Қазақ технология және бизнес университетінің студенті.

   2012 жылы Шет ауданының орталығы Ақсу- Аюлы ауылында өткен дәстүрлі XIV республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңіне қатысып, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»(шығармашылық) номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді.

 2013 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдер мерекесіне арналған «Ана тілім- ардақ тұтар алтыным» жас талапкер ақындар арасында өткен мүшайрадан Бас жүлдені иеленді.

Изображение 003.jpg

  2014 жылы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының  демеушілігімен «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» Қарағанды қаласының 80 жылдығына байланысты  кітапхана оқырмандары арасында белсенді шығармашылықпен айналысатын жастардың Отанына, туған еліне, жеріне, қаласына арнап жазған және лирикалық тақырыптағы өлеңдер, прозалық жұмыстарын қабылдаған болатын.

Жас таланттың шығармасы «Өр үмітті жастар» жинағына енді.

  2015 жылы Астана қаласында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген Республикалық ақындар мүшәйрасының ІІ – орын иегері.

  2015 жылы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы  мен Н. Гоголь атындағы ОӘҒК ұйымдастыруымен « Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі V Қасым оқуларының лауреаты.

ӨЛЕҢДЕРІ

 Тілім менің - байлығым

Қастерле тілді, қадірле тілді, құрметте,

Қазақ тілі қашанда лайық құрметке.

Тіліңді сүю, тіліңді қорғау – борышың,

Санама оны ешқашан мәнсіз міндетке.

 

Кезіп те жүрміз, кешіп те тілдің айдыны,

Қазақ тілі – шуағын шашқан ай-күнім.

Тілсіз адам сөзсіз кәпір болмай ма,

Тілім менің -  сарқылмайтын байлығым.

 

Еліміздің өсуде жас буыны,

Тіліміздің таусылмасын ғұмыры.

Аман болсын еліміз, асқақтасын,

 Тіліміздің биік болсын тұғыры!

 

Тілім бар деп мақтаншы бір, қазағым,

Тіл болмаса, бітпес , сірә, азабың.

Осындай ғажап тілім жайлы мына мен,

Құдайдың құлы, қазақтың ұлы жазамын!

Қарияны қадірлейік, жамағат!

Қарияны қадірлейік, жамағат!

Қариялар жүрегінде жара болған,

Ұрпақтары тайды ма сара жолдан.

Қарияға есігін айқара ашып,

Қарттар үйі бүгінде пана болған.

 

Ақыл берген әке де құрғыр күйде,

Ақ сүт берген ана да жүр бұл үйде.

Тым құрмаса болмай ма,ой, шіркін-ай,

Немересін әкеліп сүйдіруге.

 

Жазылар еді жараланған жүрегі,

Немересін бір көру ғой тілегі.

Бұл пенделер жамандығын көрсе де,

Ұрпағына бар жақсыны тіледі.

 

Бұл сөзімді көріңіздер саралап,

Тұрсам дағы талайыңды табалап.

Тәрбиесін аямаған біздерден,

Қарияны қадірлейік, жамағат!

Сыйла маған

Бәрі сүйер бұл өмірдің жайлысын,

Соған қарай асыққандар аптықты.

Сыйла маған жүрегіңнің қайғысын,

Мен сыйлайын жүректегі шаттықты.

 

Бұл өмірдің жаңбыр, дауыл, қар, шығы,

Шаршатса да жеткізбейді бір күні.

Сыйла маған көзіңдегі тамшыны,

Мен сыйлайын жүзімдегі күлкіні.

 

Көру деген арман болды жүзіңді,

Сағындым ғой бірге жүрген көк белді.

Сыйла маған мұңға толы күзіңді,

Мен сыйлайын жырға толы көктемді.

 

Бұл өмірде бар адамға керегі

Сыйлайын мен ақша, алтын, көлікті.

Ғашықпын мен, сыйлай берем,себебі,

Ғашықтықпен өмір деген көрікті!

Қазақ хандығының 550 жылдығына

Қаһарынан қағылып тайса аспаным,

Үрейінен үгіліп сай тастарым.

Торқалы той төрінде тамсандырып,

Көк түрікті жырламау қай сасқаным.

 

Қорған қылып Тәңірдің тас тақтасың,

Ұзақ болсын ғұмырын, қас- қақпасын.

Алты алаштың айбыңды асқақ аты,

Алты құрлық алдында асқақтасын.

 

Жер бастырмай тік ұстап өр кеудесін,

Бүгінгі ұрпақ ел десін, өлкем десін!

Төрт құбылам тең болып,

Қазақстан,

Төрт күл дүние төріңде өркендесің!

 

Шапқан талай ат дүбірлі тағасы,

Найза жүзді, қылыш қынап аласы.

«Қара дала», қызыл қанмен сақталған,

Бұл Алтай мен Атыраудың арасы.

 

Жас жанарға қалмас ешкім бұлай қап,

Өр қазаққа қашаннан да Құдай жақ.

Жат тізгіні жүргізе алмас әмірің,

Жәнібек пен Керей құрған аймақ.

 

550 жылдық тойлап хандығым,

Жебе жырым нысанасың жарды мың.

Бар қазақтың азаттығы басында,

Алты Алаштың арты- көктем, алды-күн.

 

Өтті күндер мешіт құшып шіркеусіз,

Азаттығым қалдыра алмас өртеу, сыз.

Бұл қазақтың баға жетпес байлығы,

Бұл қазақтың қазынасы өлшеусіз.

Аллаға табын Адамзат!

Басыңа түскен әр күнә,

Мұсылман үшін харам, жат!

Аландар болсаң алдыңа,

Аллаға табын Адамзат!!!

 

Өмірге кетсе есеңіз,

Ерліктің таңда есілін.

Күнәмді кешшін десеңіз,

Тәңірден сұра кешірім!

 

Болса да , байлық төр сенде,

Шірене берме қараптан.

Өмірін түгіл өлсең де,

Орныңа өқяр Жаратқан!

 

Қайғы-мұң тұрса мазаңды ап,

Құдайдан түскен отты әмір.

Аллаға табын Адамзат!

Алладан басқа жоқ Тәңір!

Бұл сезім...

Армандар лебі, өзіңмен мені алып ұш,

Алып кет мені, болмасын енді сабылыс.

Әр секунд сайын ойлаймын сені, алтыным,

Бұл сезім менің кеудеме қонған сағыныш!

 

Сезімнің қатал ауыртпалығын арқалап,

О, Алла енді төге көр маған шапағат.

Жүрегім дүрсіл қағады сені көргенде,

Бұл сезім менің кеудеме қонған махаббат!

 

Мына бір мұңлы алып кет менен күзді алыс,

Тоңдырып кетті сұп-суық сезім,сыздап іш.

Алып кеткім келеді ,билесең сен өзгемен,

Бұл сезім менің кеудеме қонған қызғаныш!

 

Тоқтату қиын сезім деген күшті алып,

Сезім жоқта кейін кетер іс барлық.

Басқаға емес өзіңе ғана ынтықпын,

Бұл сезім менің кеудеме қонған құштарлық!

 

Көрсек те талай өмірде мынау надандық,

Сезіммен ойнау пендеге ауыр жамандық.

Сүймеймін сенен басқаны, жаным, өмірде,

Бұл сезім менің кеудеме қонған адалдық!

 

Өмір бойы сүйші мені, сүй, жастық,

Өмірге мына не жетер болса сыйластық.

Кеткеніңді қаламаймын алыстап,

Бұл сезім менің кеудеме қонған сыйластық!

 

Арнасынан сезімді талай тасыттық,

Сезім бе мені өзіңе қойған асық қып?

Сүйемін сені, сүйемін мәңгі, ардағым,

Бұл сезім менің кеудеме қонған ғашықтық!

Ұлыдан қалған ұлылық!

Ақын Абай Құнанбаевқа

Тылсым мына дүние тіршілігі,

Бір түледі, тоз басып, бір шіріді!

Мәңгі жасар ұлының ұлылығы,

Тілсіз қалған өленнің тылсым үні!

 

Көзде қалған зар- мұңы құралайдың,

Өлең жазар ұйқасын құрамай кім?

Мұндай әсем өлшеусіз өазынаның,

Төріңде тұр бейнесі ұлы Абайдың!

 

Абайды «кім»- десеңіз,

Сұра менен!

Мен де өлеңнен жаралған құлагер ем.

«Абай»- деген өленнің мұзАрт шыңы,

Қара сөзге қандырып, қылады елең!

 

Шаһарыңа айналып Тұран байдың,

Абай осы таңытқан ұранды айбын!

Кедейліктің көгінде тізгін тартқан,

Қаһарынан қаймықпай Құнанбайдың!

 

 

Ақтарылды айбарлы ағынан жыр,

Абайды «кім» - десеңіз, танып алғын!

Ұлылардың қалдырған ұлылығы,

Оза шапқан тұлпары тағылардың!

 

Абайды «кім»- десеңіз,

Таңы қалқам!

Ол Қазақтың ақыны жаны дархан!

Сезем, білем, азаттық таңында бұл,

Ұлы Абайдың ұлдары ағылар сан,

Ұлы Абайдың қыздары ағылар хәм!

bottom of page