top of page

Айтжан Айдана

   Айтжан Айдана Ж.Ақылбаев мектеп - гимназиясының оқушысы, Аудандық Махамбет оқуларының бірінші орын иегері, облыстық Махамбет оқуларының алғыс хат иегері, мектепшілік Абай оқуларының ақын өлеңдерін жатқа оқу кезеңі бойынша екінші орын, өз шығармашылығыбойынша 3 орын иегері, аудандық «Қазақстан- алтын бесігім» байқауында 3 орын иегері. Өлеңдері: «Қазақ хандығына», «Мәңгі жасап ешқашан өлмейді атың...», «Тәуелсіздік тұғырым», «Тілім менің», «Қатыгездік», «Ұлы ата», «Ардагерлерге арнау», «Туған жер», «Махамбетше...», «Өсек», «Бөлем Меруертке»  өлеңдерінің авторы.

ӨЛЕҢДЕРІ

Қазақ хандығына

Көлбеген көз алдымда тұран далам

Ежелден тынышынды кім алмаған

Батырлар жауға шапқан туған жер деп

Құтылар күн болар деп  құл арбадан

Көңіліне қойғаннан соң асыл арман

Ерекше үміт күтіп хас ұланнан

Бүгінгі еркін атқан арай таннын

Керей мен Жәнібектер басы болған

Ел жұрттың тыямын деп сорлы жасын

Бабамның сақтаймын деп мол мұрасын

Артынан қарашасын ерте білген

Найза мен қатар ұстап домбырасын

Аман өтіп алапат сан тасқыннан

Ел- жұртым ен далада малдас құрған

Жұртына жол көрсеткен хандарымның

Нұр ағам ізгі жолын жалғастырған

Міне толды 550 жыл сол хандыққа

Тойлап біз қуандық та, шаттандықта

Керей мен Жәнібекке алғысым көп

Ер жүрек батырлар көп бұл хандық та

Қазір елім бұнымен шаттанады

Алашым азаттықтан бақ табады

550 жыл  бүгін тойлануда

Қазақ елі әлі көп мақтанады

Тарихынан тек тектілік арылмаған,

Қазағым қорғай білгін барынды аман,

Ұрпағың өсе берсін ұлтжанды боп,

Салты мен дәстүрінен жаңылмаған.

Тәуелсіздік тұғырым

Ата- бабам зарыға күтіп, шаршаған,

Елі үшін қанын төккен қанша адам,

Құрбан болған талай қазақ баласы,

Арманы мен азаттықты аңсаған.

 

Талай жылдар аңсаған тәуелсіздік,

Ешқашан да болмасын келеңсіздік,

Қазақстан көгінде шаттық орнап,

Тәуелсіздік болсыншы сіз бен біздік.

 

Үздік елдер қатарына енуге,

Халқымыздың санасына сенім енді,

Жасай берші тыныштығы елімнің,

Тәуелсіз Қазақ елі егеменді.

 Өсек

Шамам жоқ күресуге өсекпенен,

Сұмпайы көп алдымда безектеген.

Ақ-қарасын айырмай достар жатыр,

Бетке күліп артымнан  өсектеген.

Уақытым жоқ әркімге ақталуға

Тырысып-ақ келемін бақ табуға

Өлеңімді жазамын мұнға малып,

Шошып бүгін оянам ақ таңымнан,

Сенім болар әлі де сақтап тұрған

Аяуды да білмейтін арамза өсек,

Соққысын беріп жатыр қас қағымнан

Жанарымды ызғарлы бір өптідем,

Жасырмаймын! Шыққанмын ғой тектіден!

Өсектесе, өсектесін бәрібір

Ар алдында арым таза деп білем!

Ұлы ата!

Ұлы Абай ұлтым деген асқақ ақын,

Шабытпен ой-қиялын басқаратын

Бабамның өр рухына басымды ием,

Өлеңмен өрнектеп мен аспанға атын.

Жырлары ақ нөсердей сіркіреген,

Қиялы қара бұлттай күркіреген.

Халқының қамын ойлап , қайғы жепті,

Көңілін күнделікті  бүркіп өлең.

Жазылған әрбір сөзі, жыры баппен,

Өмірдің сырын ап кең

Жазса да қара сөзді қазақ үшін,

Кей қандас түсінбейді бірақ әттең.

Абай жыр, поэзия марқасқасы

Елімнің жарқылдаған алмас тасы

Өзімнің ұлы атаға өтінішім

Қазақты көкте жүріп қорғашташы!

Бөлем Меруертке

Бөлем,бөлем,

Бөлем үшін өлем.

деп айтқандай,

Мен бөлемді жақсы көрем.

Мен мұнайсам, мұнайған,

Мен қуансам,қуанған.

Тәтті менен дәмдіні,

Бөлісуден таймаған.

Сабағында жақсы оқып,

Мені әрдайым ойлаған.

 Махамбетше...

Туғалы ноқта тақпаған,

Шалшықтан су татпаған,

Алты  айшылық жеріңді,

Алты қарғып аттаған.

Белі қысқа , мойны ұқын,

Бауыры жазық ақ табан,

Жібектен жабу жаптырып,

Топқа мінер ме екенбіз?

 

Аяғын маң-маң бастырып,

Ақкөбігін шаштырып,

Қалы кілем жаптырып,                       

Күмістен қоңырау таптырып,

Қатепті қара нарларды,

Көшіне салар ма екенбіз?

 

Қарағай садақ идіріп,

Серіппесіне ...

Өгіз терісін кигізіп,

Жебенің басын күйдіріп,

Сайгез оқтың ұшына,

Жыланның уын жалатып,

Бір атқанда дәл атып,

Ат үстінен шіреніп,

Үзеңгім жерге тіреліп,

Садақ тартар ма екенбіз?

 

Сабына сары алтын құйдырған,

Болаттан шауып қидырған,

Отқа салып суарған,

Қынына дәлдеп, сыйдырған,

Балдағы алтын шар болат,

Белге тағар ма екенбіз?!

 

Екпінім судай сарқырап,

Мінген атым арқырап,

Басымдағы дулығам,

Аспанда аймен жарқырап,

Қолды бастар ма екенбіз?

 

Дауысым қудай қаңқылдап,

Ақ сұңқар құстай саңқылдап,

Отыз тістің артынан,

Қызыл тілім жарқылдап,

Сөзді бастар ма екенбіз?

 

Тайып бір біткен тарлан-ай,

Қапыда кеткен арлан- ай,

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсаң деп едің,

Пай- пай, Махамбеттің арманы-ай!

 

Күмбезі күмістен құйылған,

Қас шебер келіп қиырдан,

Еділ емес Есілдің бойына,

Жақсы мен жайсаң жиылған.

Астананы салдырттық,

Тұсауы да қиылған.

 

«Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам» деп кеткен,

Қамшысын көкке шиырған,

Айтып, айтпай не керек,

Махамбеттің арманы,

Нұрсұлтанға бұйырған.

Туған жер

Шет ауданы менің туған ауылым,

Осында туған ата- ана,бауырым.

Ыстық маған әр жастары, талдары,

Тіпті жортқан құрт-құмырсқа.

Аюлы баурайында орналасқан,

Көркі мен табиғаты, асып-тасқан.

Сан батырлар, жыраулар туып-өскен,

Ел үшін- соғысқа түсіп, жұртқа тозған.

Бүгінде бейнелері ұмытылмас,

Көшелерге қойылған ескерткішпен.

Ардагерлерге арнау.

(Ұлы Отан соғысының

70 жылдығына)

Сұрапыл соғыс от жылдар

Тайлады жанын жалмаған,

Сирепсін ерлер жоқсыңдар.

Азаттық жолын жалғаған,

Саз түзеп түзде жүрдіңдер

Елемей бәрің сырқатын.

Ұрысқа қанды кірдіңдер,

Ертеңі үшін ұрпақтың.

Кеткен жоқ бәрі бекерге,

Гүлденген қалаң, сайыңда.

Ұрпағын дайын өтеуге,

Парызың біздің мойныда.

Болмасын соғыс күндері,

Бейбіт боп әлем елдері.

Тек қана болсын ілгері,

Азаттығымның керуені.

Мәңгі жасап ешқашан өлмейді атың...

 Жырын оқып  күз көңіл жаз болатын,

Өзгелерден оқ бойы озған атың.

Бір нәзіктік жан тербер  сезе қалсаң,

Сөзсіз түсер есіңе Мағжан ақын.

 

Қара өлеңнің киесі шын ұқтырып,

Сұлу жырды өрдіңіз шыбық қылып.

Таныттыңыз сіз нағыз адамдықты,

Парасаттың шыңында биік тұрып.

 

Мейірімнен орнатып тұрақтылық,

Зұлымдық пен жаулықтан жырақ тұрып.

Заманыңнын жаршысы бола білдің,

Мұң- зарына халқыңның құлақ түріп.

 

Шуақ шашып жырларың жарқын таңға,

Артса ғана көтерер даңқың нарға.

Мәңгі жасап ешқашан өлмейді атың,

Өлең сүйер өр кеуде халқың барда

Тілім менің

Тілім сені жырлаудан жалықпаймын,

Сені ойлап аспанда мен қалықтаймын.

Тілімнің тіршілігін тұғырлы етер,

Тірегін осы жолмен анықтаймын.

Тілімнің болашағын жарық етер,

Ана сүті сиқырлы қаныңа өтер.

Тілімнің беделдігін үстем етер,

Тек намыз қана тілімді жүлделі етер.

Орысша сөйлей тұғын қазақтардың,

Қазақпын дегендері мүлдем бекер.

Сыйлаймын адалдықтың арлыларын,

Тілімнен жайландырар жан құмарын.

Өзімнен кішілерге өнеге етем,

Әрқашан өз тілінде сөйлесе екен.

Қатыгездік

Қандай ғажап әдемі,

Қазақстан әлемі,

Даласына таңғалам,

Қандай әсем гүлдері.

Жануарлары көп еді,

Қаблан, марал да бар еді,

Азайды ғой бұл күнде,

Себебі, жауыздар саны көбейді.

Аңшылыққа барады,

Саятшылық құрады,

Түсінбейді ешқашан,

Жануарлар жағдайын.

Бүкіл ойы олардың,

Көрсем дейді қызығын.

Сайран салып қуанып,

Өлтірем деп барлығын,

Ойында жоқ олардың,

Жануарлар жағдайы.

Өзін-өзі аңшы дейді,

Кім құптайды бұл ісін,

 Жақсылықты істемей,

Жамандықты қылады.

Жауыз демей не деймін.

Бұндай сотқар адамды.

Махамбетке арнау

Ереулі атқа ер салып,

Тоқымы тозып тер шалып,

Азаттығы үшін қазақтың

Азапты өмір енші алып.

Шашылған басты қосам деп,

Түнектен жарық ашам деп,

Басында берген Махамбет!

Айылын жаудан жимаған

Жорықтан өтіп қилы аман.

Артынан еріп ел жұрты

Батырын хандай сыйлаған.

Тұрағы болып пан далам

Төсінде талай самғаған

Намысы үшін қазақтың

Найзадай жырын арнаған.

Арналып сізге тақталар

Жырыңыз талай жатталар.

Есіміңіз ел есінде

Мәңгіге баба сақталар!

Бал шағы үшін бағымның

Татулығы үшін танымның

Ұрпағы сізге борыштар,

Жау жүрек ұлы Нарынның!

bottom of page