top of page

Қоңырбаева Еркем Қоңырбайқызы

Қоңырбаева Еркем Қоңырбаевна 2000 жылы туған. Ағадыр кентінен. Өлеңдері: «Қазақ хандығының 550 жылдығына», «Жеңіс күнінің 70 жылдығына», «Қарағанды қаласына», «Тәуелсіздік күнімен».

ӨЛЕҢДЕРІ

Тәуелсіздік күнімен

Үш жүз жыл бойы, тауысып әбден тағатты,

Жиырмасыншы жыл, тәуелсіздіктің таңы атты.

Гүлденіп далам, өркендеп қалам әлемді,

Қақтырып таңдай, соқтырып маңдай қаратты.

Бүгінде мынау, қазағым отың маздаған,

Тымағың, тоның, шапаныңда бар тозбаған.

Он бес-ақ миллион азғантай ғана елім бар,

Бұған да тәубе, құрып кетуге аз қалған.

Қазағым енді ұлғая бер, өсе бер!

Басыңда бағың, баянды ғұмыр кеше бер!

Жиырмаға келдің, тілінде шұбар мінің бар,

Бар күнәң осы, жаратушы Аллам кеше гөр.

Қарағанды қаласына.

Әлемге атың аңыз алып қалам,

Көмірі барша әлемді шарықтаған.

Жоғарғы оқу орны көптігінен,

Оқиды маңайыңдағы барлық балаң.

Елімнің күндей шапақ ақ таңысың,

О, қалам Қарағандым мақтанышым.

Елімді байлығыңмен қамтып жатқан,

Мен сенің алғыс айтам шахтаңа шын.

Қаласы Абай, Саран көркем неткен,

Сыр шертер Шахандары өркениетпен.

Жер ұйығы Қаласы киелі жер,

Елбасы Теміртауда еңбек еткен.

Жеңіс күнінің 70 жылдығына 

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржан, Қасым атамыз.

Батыры байтақ елімнің,

Әлемге болған аты аңыз.

Қаһарманы қазақтың,

Фашистен жерді тазарттың.

Қырық бір мен қырық бес-

Ел үшін болған азап күн.

Елі мен жерін қорғады,

Бейбіт күн солай орнады.

Кетпеген әлі ызғары,

Кеппеген әлі тоңдары.

Үйінің отын жаға алмай,

Қаншасы қалды оралмай.

Қаншасы кетті жоғалып,

Бейбіт күн әнін сала алмай.

«Қазақ хандығының 550 жылдығына»

Хандықтың ұстанды тірек тұлғалары,

Ұлы дала көшкіннің қолда бары.

Елі мен жері үшін бас көтерген,

Үш биіміз қара қылды қақ жарған ақылманы.

 

Керей менен Жәнібек, Қасым, Есім,

Тәуке, Абылай хандары болды көсем.

Заманның қиын- қыстау сәттерінде,

Үлгі өнеге көрсетіп, қылды төзім.

 

Сол кездерді жырлаған даналарым,

Асанқайғы, Қазтуған бабаларым.

Айыр көрмей, жез таңдай жыраулармен,

Жетті- ау тарих біздерге деп сараладым.

 

Батырларды айтпасам ұят болар,

Олар елге болды емес пе тірек тұрар.

Бөгенбай мен Наурызбай, Қабанбайға,

Бас иіп ел, жүрек ұстап тағзым қылар

bottom of page