top of page

Абдрахманова Дильназ Ардаққызы

Абдрахманова Дильназ Ардаққызы Талды аулынан. Өлеңдері: «Туған жер», «Қарағандым», «Бейбітшілік орнасын!»

ӨЛЕҢДЕРІ

Бейбітшілік орнасын!

Соғыс деген ешқашан болмасыншы,

Әлемге бейбітшілік орнасыншы.

Көңілге қайғы- қасірет ұяламай,

Жайқалған әсем гүлдер солмасыншы.

Бір Алла мәңгі бізді қолдасыншы,

Соғыстан әр адамды қорғасыншы.

Әлемге бақыт құсы келіп қонып,

Аспанда қара түнек болмасыншы.

Қарағандым

Қарағанды – қара алтынға бай қала,

Бай қалама жетер екен қай қала?

Кенді өлкем баға жетпес, асыл ғой,

Жырлаймын мен осыны айтып ән сала.

Қарағандым- әсем, әрі әдемі,

Ерекше бір жаратылған әлемі.

Сондықтан да керемет боп шығады,

Арнаған әр өлеңім мен жырларым.

Бұл қаланы теңеймін мен аруға,

Асығасың соған жиі баруға.

Тұрғындықтан мен қалама етене

Ризамын әр бір атқан таңыма.

Туған жер

Туған жер, туған ауыл қымбат маған

Ешкімге бұл сезімді былғатпағам.

Мен оның өзім ғана сезінетін

Қастерлі қасиетін жырлап бағам.

 Отан отбасынан басталады,

«Бақытым » деп білгейсің баспананы

Ауылыма теңгермеймін шын айтамын,

Жаныммен сүйсем дағы- Талды аулы мекенімді.

 

Жанымды елжіреткен іңкәр далам,

Даланың жабысыда тұлпар маған

Ауылымның қажетіне жарасам деп,

Күніне жүз ойланып мың толғанам.

 

Неткен байтақ, неткен ұлы  жер едің.

Нендей күйге жүрегімді бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,

«Арманым жоқ бұл өмірде» дер едім.

bottom of page