top of page

Жексенбай Нұрқұйса Жайдарбекұлы

  Жексенбай Нұрқұйса Жайдарбекұлы 1996 жылы 6 шілдеде Қарағанды облысы Шет ауданы Жарылғап батыр ауылында дүниеге келген. 2003 жылы мектеп табалдырығын аттаған.  Мектепте оқыған шағында «Жарылғап жастары» КВН командасының мүшесі болды. Қазіргі кезде ҚарМУ-дың филология факультетінде білім алуда.

   Бірнеше аудандық, облыстық  мүшәйралардың жүлдегері. Атап айтқанда: Махамбет оқуларына қатысып, жүлделі орын иеленсе, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай жастар арасында қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген «Жырым саған арналады»  атты аудандық жыр мүшайрасында I орынға ие болды.Өлеңдері газет беттерінде жарияланып тұрады.

ӨЛЕҢДЕРІ

Ахмет Байтұрсынұлы атаға арнау

Басқа жазған көрер жарық болмысы,

Абай, Шоқан, Ыбырайлар жалғасы.

Ұлтың  үшін күресіп ең тер төгіп,

Жала жапты патша үкімет ордасы.

 

Атың өшіп қайта жанған тұлғасың,

Амал қанша елден, сірә, қуған соң.

Қазағымның мұңын жырлап түбінде,

Қазақ болып өлген жақсы,

қазақ болып туған соң.

 

Ақын бабам бес арыстың бірі едің,

Өміріңнің соңында үзілді ме күдерің.

Түрме дейтін қапастан хат жаздың да анаңа,

Ата, сенің беймәлім бе еді әрмен өмір сүрерің.

 

Әліпенің  атасысыз өшпейтін,

Жан болмап па сірә сізді еститін.

Жоғалтқан жоқ бүгінде,

Бейнең сенің өз кейпін.

Тіл

Тіл деп жырлап өтейін талай ғасыр,

Ғасырлатып менің де тілім тасыр.

Өзге сөзді қоспаймын өз тіліме,

Басқа тілден өзімнің тілім асыл.

 

Бас ұрамын мұсылмандық дініме,

Тәубе деймін қазағымның күніне.

Тіл мен дінді қатар сыйла қазағым,

Тілім үшін қарамаймын түгіме.

 

Өзге емес өз тіліңді құрметте,

Шала сөйлеп тіліңді сен кірлетпе.

Қазақ дейтін қаның болса егер де,

Сезім керек сол тіліңді сүймекке.

Туған ел, Отан - Тәуелсіз Қазақстан

Туған елім ардақты асыл анам,

Отанымның ыстық қой тасы маған.

Тербеткем бесігінде сәбиіндей,

Құлынымнан құшағында асыраған.

 

Қазағым қуанышың тарқамасын,

Төріңе береке кеп шалқаласын.

Алты құрлық тамсана таңдай қақсын,

Абыройың асқақтап алты алашым.

 

Қазақстан қашанда иің мықты,

Азияның төріне туын тікті.

ЭКСПО-ны ұттың да мәртебемен,

Таң қалдырдың  өзіңше дүйім жұртты.

 

Туған ел тарихың көп ашылмаған,

Сөйлесе бір өзің деп сенің балаң.

Туған жерге ештеңе жетпейді екен,

Бұдан басқа керек емес бақыт маған.

© Шет аудандық кітапхана

  • Instagram Social Иконка
  • Vkontakte Social Иконка
  • Facebook Социальной Иконка
  • Одноклассники Social Иконка

Тел.: +7 (710) 312 10 93 / Факс: +7 (710) 312 10 93 / info@http://shetlibrary.gov.kz

bottom of page