top of page

Бексары Ақтілек Берікұлы Қарағанды облысы Шет ауданы Сәкен Сейфуллин кенті тумасы  Сәкен Сейфуллин кітапханасының оқырман

Ақын Жұбан Молдағалиевқа арнау

Ақынға арнау

Ақындықтың алауы кең даланы,

Жалмап жүріп тудырды ер баланы,

Жұбан деген ұлы есім дарынды оған,

Болды мәлім сол кезде сел қағары.

 

Ақиқаттың ащысын жырға  жалғап,

Қиял көкті көңілді тұрған алдап,

Кең далаға ие етті шумақ жырын,

Ақиқатқа жорғалап, сырға самғап.

 

Ұша берді атқандай зеңбірлі оқты,

Өнер нұры бағыттап зеңгір көкті.

Шабыттың шуақ нұры шыңға беттеп,

Ақын болды алпауыт ең бір текті.

 

Тағдыр оны жетелеп қан майданға,

Бақытынан сойқанға арды айдауға.

Болат қару қолына серік болды.

Сәті келді жігерін сан қайрауға.

 

Жауынгер болып атанды ол да батыр

Сан қырлығы тұлғаның қайда жатыр?

Егер білсем қазақтың қаны бітті,

Жырла ақын жырлай бер сайра да тұр.

 

Төбесінде тұрғандай сай боп күні,

Нұрын шашты ақынның айбат қыры.

Мен де осымен жырымды тәмәм еттім,

Пір етіндер Жұбандай қайраттыны.

Уақыт

 

Мүмкіндігім кеңейсе де бір нәрсеге байландым.

Тұңғиыққа қиял деген сүңгіп терең ойландым.

Мені байлап тұрған осы көрінбейтін бір сағым.

Сол сағымға ілесем деп сақадай боп сайландым.

 

Болсам да мен қанша жылдам ілесуге шамам жоқ.

Мен секілді басы қатқан бұл жалғанда адам көп.

Жете алмадым оған себеп айтып отқан сағымым

Уақыт деген бір шексіздік жатқандаймын алаң боп.

 

Уақытымды алды менің дейміз жиі құбылып

Ашу қысып кейбір кезде кетердейміз жұлынып,

Ол да дұрыс бір себебі уақыттың да құны көп.

Күндер туар тұрармыз біз уақытқа да құнығып.

 

Заман кейпі кеңейгенмен уақыт барад қысылып.

Уақыт өзі тұрғандай шың берілуді ұсынып

Ырқына оның көне берсен жақындарын жаныннан

Сол мезетте кете барар жүрегіннен тысылып.

 

Мысынмен бас уақытынды күш қуатты қайрап шың.

Тәуелді болма уақытқа оны өзің жайрат шың

Уақытына мән бермейтін күйге де әлі жетерсің.

Себебі сен алау жүрек тұнып тұрған қайратсын.

2021-05-24_110822.png

Шабыт

 

Келгенде шабыт, аламын бағыт жырымды шыңға жетелер.

Ақындық шенім, сөздегі реңім, асқарлы көкке көтерер.

Өлеңге енем, сүнгіп мен терең, шабыттың шерін тарқатып.

Жазылған өлең, еңбегім ерен, сөзімен елдең өтелер.

 

Келгенде шабыт, бойға күш дарып, тудырам талмай талай жыр.

Өнерге жақын, болсам мен ақын, жырымды менің қарай жүр.

Жетсе егер қауһар, өлеңді жауһар шығарам әлі жинақ қып.

Оқы оны талма, биікке самға, шуақ қыл жырды арай қыл.

 

Келгенде шабыт, сөздерім ағып, бұлақ боп сылдыр қағады үн

Шабыт кеткенде, талай өткелде, көркім де бұлдыр жанарым.

Ұшталған қалам,түрлі ойда санам, бастайтын сөзім кімге хақ?

Түннің бір уағы, кімнің тындағы келеді жырдың сауалын.

bottom of page