top of page

Қадірбек Айтансық

    Қадірбек Айтансық Бұрма ЖОББ мектебінің оқушысы.

  Өлеңдері: «Қазақ хандығының 550 жылдығына арнау», «Туған жерім», «Тәуелсіз Қазақстан», «Жан анам».

ӨЛЕҢДЕРІ

Қазақ хандығының 550 жылдығына арнау

Қазақ жері- тарихқа толы тағылым,

Қазақтың жері-бас қосқан талай жиынның.

Жәнібек, Керей қол бастап, алға ұмтылып,

Қорғаған мәңгі азулы елдің айбынын.

Қазақ тарихы тым қайғылы , мұннала,

Жүрекке түсті ауырлық етті көп жара.

Қаратаудың да басынан көшті шұбырып,

«Елім- айлап» боздаған, жылап кең дала.

Зиялы қауым қамауға алынды «ұлтшыл» деп,

ССорлады қазақ, қуғын- сүргінге түсті кеп.

Өзгелер келіп қырам, жоямын дегенмен,

Мойымай қазақ жасқанбады бұл сөзден.

Осындай қиын күн кешіп халық зарықты,

Отқа да түсті, суға да түсті, бермеді қолдан намысты.

Тағдырдың тезі түсірді біраз талқыға,

Сонда да қазақ шыдамдылық танытты.

Жетпіс жыл киіп бодандықтың қамытын,

Тәуелділіктің басталды нағыз уақыты.

Жауыздық, арамдық жетіпті енді шегіне,

Жастарды намыс алаңға қарай тартыпты.

Қайрат сынды батыр Ербол ағамыз,

Сәбира, Ләззат батыл біздің апамыз.

Елінің ары, намысын биік ту етіп,

Мұз жастанып, ақтық демі қалғанша

Ұрандатып, деді : Біз- азатпыз!

Бүгінде міне, гүлденді қазақ жеріміз,

Ақталып үміт,шайылып көз- жасымыз.

Күн күлім қағып, жаңаша атып таңымыз,

Көңілдер көншіп, жай тауып жатты жанымыз.

Ата Заңымыз қабылданды айбарлы,

Тіліміз- азат, дініміз- азат, Күн нұрлы.

Тереземіз теңесіпөзге елдермен,

Рәміздер қосты үнін жолдап айшықты.

Абылай хан аңсап кеткен шаһарды,

Астана етіп, Нұр аға іске асырды.

Қазақтың жері-тарихқа толы тағылым,

Қазақтың елі өткерді бастан сан қилы күн.

Алаштың елі, алаштың кегі ақталып,

Тәуелсіздік жаңғырды қайта Айбыным!

Туған жерім

Армысың, алқалы жұрт, уа халайық,

Танысып ең әуелі біз алайық.

Тегм Ислам, атым менің Ай- Тансық,

Бұрма деген- ауылым бар жері лайық.

Нағашым орта жүздің ұрпақтары,

Шежіредей төгілер сыр қатпары.

Сарыарқа! Бұл менің туған жерім туып өскен,

Атамекен ошағын кіндік кескен,

Жап-жасыл шалғыны мен жусан иісі,

Шалғайға кетсең- дағы шықпас естен.

Жарқырап таңы атар арайлаған,

Күмістей саф ауасы мұнарланған.

Алыстан көз тартады, көк жиектен,

Туған өлке... сен ғой мәңгі ұлы дастан!

Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз елім менің Қазақстан,

Мерекен, құтты болсын ғажапстан.

Бүгінгі жайнап өскен жетістігің,

Қыранды елестетер самғап ұшқан.

Азаттық – асқақ рух қой, аппақ арман,

Тұғырым, бар байлығым етем мақтан.

Елімнің еркіндігін әуелеткен,

Қазақ тілі байлығы ғой, ата-тектен.

Тәуелсіздік таңы атты көптен күткен,

Бар қазақ, мақтаныш қыл! ғажап неткен.

Жиырма жылдан асып тұр шырқатқалы,

Нұр ағам өзі бастап тағзым еткен!

bottom of page