top of page
   Амангельдин Аманбол Дәулетұлы 1995 жылы 27 қыркүйекте Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келген. Шет ауданындағы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның түлегі, көптеген мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. 2011 жылы Қарқаралы қаласында өткен Республикалық «Қасым оқуларының» ІІ орын, сондай-ақ облыстық «Абай оқуларының» ІІ орын, «Махамбет оқуларының» І орын және де Республикалық «Махамбет оқуларының» ІІ орын жүлдегері. 
ӨЛЕҢДЕРІ

    Жыр ғұмыр

(Қ.Аманжоловқа)

Өткенмен ызғар, көктеммен гүлдер енгенмен,

Бәрібір бірақ күздерде күңгірт сенделгем.

Жыр жазар сәтте алдымда тұрар шың болып

Мұқалмас биік өленге толы өр кеудең.

Бәріне бірдей білетін жая достығын,

Түнекте жүріп шығара білген отты үнін.

Ақындарымен әлемде тұрар ең биік,

Асыл алаштың Қасымы бірақ, жоқ бүгін.

Татар дәмі біткенше жыр ғұмырға,

Ғашық болып өткен ғой, шындығында.

Сыр бермеген шырмалып жүрсе дағы

Қан сасыған заманның шынжырында.

Ақын жүгі түскен соң жөргегінде,

Қасым жыры қазақтың тұр көгінде.

Ақындарға бұйырмас баспана да

Ақша құмар әркімдер күн көруде.

Жырға құштар берген соң, сезімге ерік,

Қаяу түсті елімнің езін көріп.

Бір жас қыран шындық деп шырылдаса,

Сұм қарғалар шұқиды көзін келіп.

Жұрты сүйіп жырларын дара ақынның,

Куәсі боп келеді сан асудың.

Тұғырыңда тұра бер тапжылмастан

Рухы биік Қасымы алашымның.

Солай болғай  

 

Нар тұлға Махамбет рухына

Көгінде таң боп таласқан нұрмен,

Алысып туып, арбасқан күнмен.

Өктем заманда өксіген ел деп

Аймандай ұлы, алдаспан жырмен.

Ерлігі елге үлгі боп тұрар,

Бабамның бізге болмысы тұмар.

Ханына барып қатынсың дейтін

Ақынның асыл соңғысы шығар.

Азаттық аңсап албасты жаудан,

«Атығай – Беріш» ұранын салған.

Иесін жоқтап егілер іштей

Киелі Нарын тұрағың болған.

Өткен соң бастан мұнарлы күнің,

Қарсы алды халық жылдардың сынын.

Қан бөгіп дала, төгіліп көз жас,

Азаттығымның шығардық үнін.

Өзгерді заман, гүлденді қала,

Қарыны тояр күнге енді бала.

Жүніңді сыртқа көрсеткеніңмен

Жетеді бірақ бізде де нала.

Бүгінде мәңгүрт сол бір сау балаң,

Шала мас күйге шалдықты –ау ғалам.

Айналып келіп ақыры туды

Ақыннан әкім артықтау заман.

Керемет сөзі сенемін десең,

Береді уәде, көсемсіп көкем.

Нарында туған намысты ердің

Нар жолын қуар ұл туар ма екен.

                                      Кім білер!

Наурызға наз

Тосқандай анасы жалғызын,

Күттік қой келдін бе, наурызым.

Әдемі құлпыртып қойыпсын

Қазақтың көрікті бар қызын.

Құлпырып кең жазық, сай дала,

Әсемдік киелі қайда да.

Жаңа – жыл қырық күн тойлаймыз

Ал сені тойлаймыз жәй ғана.

Өкпелеп сен бізге ренжіме,

Ойларсын қалтасыз елді де.

Жұртымның мейрамын құртты ғой

Дағдарыс заманы келді де.

 

    Сені сағынғандағы ой

Еліктей қалқам еліттің мені,

Жабырқау жанға от жағып.

Сезімнен ішкі соны ұқтым тегі

Өзіңе ғашық боп қалып.

Жүзіңе мұңын жасырса уақыт,

Жаныңда жүр деп біл мені.

Сағынам сені қасыңда жатып

Түсімнен іздеп түндегі.

Ынтықпын саған көргендей жаңа,

Өтседе бес ай  арада.

Сен жоқта жаным шерменде, нала

Шуы мол жатаханада.

Сен жоқта өтпес уакытта мына,

Көңілге мұңды сел құйған.

Жетпеспін сенсіз бақытқа сірә

Жанымнан артық Элмирам.

Табиғат туралы толғаныс

Ақ жүрек кешірімді анам менің,

Өзіңнен өмірімнің табам кенін.

Жүректен жыр жаздырған табындырған

Кешегі ғаламның мың қаламгерін.

Музасы милиондаған ақындардың,

Менде сенен шабыт ап тасынғанмын.

Биліктін жан ашыған жері осы ғой

Сыйлаған анасына пратоннан мұң.

Данғойлар алғаннан соң заманға ерік,

Барады улы ауадан санам кеміп.

Айға ұшпай, завод ашпай бабам өткен

Бізде онсыз өмір сүре алар ма едік.

Ойланып бір күн бізге ес кірер ме,

Орманды опасыздар кескілеуде.

Көмейге кептеледі ашщы күйік

Семейден суық хабар естігенде.

Халықты қарапайым ұмыт қылып,

Бұл қылық барлығында тұр ұқтырып.

«Бас» жүрер көшелерді тазалайды

«Аяққа» қоқыстарын қуып тығып.

Көріксіз айналғанда қалам мұңға,

Тас көше, тас жүректер заң алдында.

Айналып дарындылар қарындыға

Бұзылды – ау табиғаты адамның да.

Күндерді тазалыққа арнап лайық,

Жас ұрпақ жұмысына қол жалғайық.

Біздерге бәрін берген анамыздың

Қоқысын көтеруге арланбайық.

Ауылдас ақын ағама

(З.Сүйіндікұлы)

Өмір деген қияли құр елесте,

Шаттық, қайғы екеуі тұр егесте.

Әкім қылса адамды нарықты ойлар

Ақын туса халықтың ұлы емес пе.

Мұң ғұмырға жазумен сезімді өлең,

Шынжырында түндердін көз ілмеген.

Әлі алысып келесіз бір жалықпай

Өлең дейтін өлшеусіз өмірменен.

Жүрегімен жалынды сүйген жырды,

Сорлы ғасыр ақынға үйген мұңды.

Сыңғырлаған Нұраның тылсым әні

Көкірегіңе музадан күй қондырды.

Ақпараққа жайып елдің шындығын,

Ауырсынбай арқалаған жыр жүгін.

Аюлыдан самғап ұшқан жас қыран

Алатаудың биігінде жүр бүгін.

Махамбеттің өлер алдындағы көрген түсі

                                 Құсалықпен өтті ғой,

                               Махамбеттің көп күні.

                                       (М.Өтемісұлы)

Жасымнан деуші ем, мақсат тұр игі бір,

Басымнан өтті ау талай дүлей ғұмыр.

Жазылып маңдайыма бөрі тағдыр

Қамығып кеудемдегі ұлиды жыр.

Қарадан туған хан едім,қайтемін енді,

Қоса алмас басын бар түрім той көніл елді.

Айбыным асыл Исатай қапыда кетіп

«Жалғыздың үні» дегеннің тәлкегі келді. 

Расымен тұр ау бәріде қырсығып маған,

Құмдауыт мекен тұнжырап, күрсініп, далам.

Кешегі түсім япыр – ау нені мензейді..?

Түнектей бұлдыр ойыма тұншығып барам.

Арғымақ тұлпар арыса от күнін ойлап,

Көкжалдан туған арлан ем өтті бір ойнақ.

Алпыс үй атам баласы түсімде кеше

Басымды теуіп жүр екен доп қылып ойнап.

Бойымда тулап бабамның арғымақ қаны,

Жұмбақтың жаулап ойымды алды қатпары.

Бытырап жүрген қазағым қаларма бассыз?

«Түс түлкінің тезегі» сандырақ...бәрі.

Р.S.

Теңдігінді алып жайылса төріңде малың,

Халқыма басым, садаға өлімге жаным.

Артынан жоқтар ер туса атаның кегін

Жүрекпен сезіп жатармын көрімде бәрін!

bottom of page