top of page

 Нұртай Ерсұлтан Өмірбайұлы

Шет ауданы Киікті ауылы тұрғыны. Киікті ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы 

Ақын Жұбан Молдағалиевқа арнау

 

Қоғамның қотыры бар жыландары,

Сазарып сараңдарын бұландады.

Орныңа орнықтырып қойып берді,

Қазақтың қасқалдақтай Жұбандары.

 

Көмейінен күмістей жыр ағатын,

Ұмытпас сені мәңгі жұрағатын.

Азат күннің ақ таңын алып берген,

Мәңгі өшпейтін жүректе Жұбан атың.

 

Жырларың бар жалынды жарақтарға,

Қанмен қолды жеткіздің азат таңға.

Көк байрақ енді мәңгі құламайды,

Мың өліп, мың тірілер қазақ барда.

 

Өлең сөзді жандарыңа серік дейді,

Бос ыржаңмен ұрпағын желікпейді.

Сүрлеуің сүрлеп салған батырыңа,

Қалайда ұл мен қызың еліктейді.

 

Жұрт емеспіз батырын көп көретін,

Жанға жамау болып жүр көпке өлеңін.

Қазақты еш жалғансыз сипаттаған,

Поэмаң өмірге өшпес от беретін.

 

Сіздерсіздер азаттық бізге әперген,

Сіздерсіздер қорғаған жерді жат елден.

Сіздерсіздер өшкелі жатқан қазақты,

Қайта туып, қайта өмірге әкелген.

 

Мақтанып айтар бабаларым ұрандай,

Жүрегім бар елім үшін жұлардай.

Жанын берер азамат керек қазаққа,

Азамат керек Молдағалиев Жұбандай.

Сәйгүлік

 

Теуіп тасты тұяғымен айқасқан,

Қарамай секіріп шауып сай-тастан.

Серік болып батыр өткен бабама,

Жылқыларың жауынгерше шайқасқан.

 

Далада тастап, қалдырмас қалың қазақты,

Бәйгеге шауып, ақша да біраз жасатты.

Бейге десең Құлагер түсер есіңе,

Қазасың естіп, талай көзден жас ақты.

 

Тұлпар көп серік болар иесіне,

Биік болар ол шіркіннің киесі де.

Естіп қалсам тұлпар деген сөзді егер,

Тайбурыл түседі неге жиі есіме?

 

Тұлпар десе атбегілер асқынар,

Тамырыңды бүкіл иіп жас қылар.

Зияндық жасамай-ақ тәніне,

Алкогольсіз қымызы оның мас қылар.

 

Атқа шап, керек болса фитнес,

Қиқулап мініп алда құйғып ес.

Жаратып жастайынан тұлпар қыл,

Міне саған, керек болса бизнес.

           Табиғатпен сырласу

Мен кейде табиғатпен тілдесем,
Бейне бір көктей ғажайып ерек күй кешем.
Бойымдағы шабытымды оятпаса табиғат,
Бәлкім, менде ақындықтың не екенін білмес ем.

Табиғатпен тілдесем ылғи да мен,
Отырып ап, оңаша, ылдида мен.
Табиғаттың тылсымымен желпініп ап,
Баяу ғана жүректен жылжиды өлең.

О, табиғат, жетелеші алға мені,
Шарықтасын шартарапқа көңіл демі.
Сенсің менің бойымдағы жазылмайтын,
Ақындық дейтін асқынған дерттің емі.

Жүрегімде жырым от, жігер бекем,
Мен ылғи поэзияға еріп кетем.
Мұқағали музасындай биіктерге,
Өлеңіммен бір күні мен де жетем.

Иә, солай бұл табиғат баурады,
Сұлулығы өне бойды жаулады.
Көңіл шіркін көрсе қызар бәріне,
Шабытымның тамшылап тұр қаймағы.

bottom of page